Экономика
Бизнес
Сағынтаев: Қазақстан 2021 жылға дейін 5,5 пайыздық экономикалық өсім көрсетуі керек

Астана. 15 маусым. 7kun.kz - Қазақстан 2021 жылға дейін 5,5 пайыздық экономикалық өсім көрсетуі керек. Бұл туралы Астана экономикалық форум барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев айтты.
"Мемлекет басшысы алдымызға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін біз 2021 жылға дейін кезең-кезеңімен 5,5 пайыздық экономикалық өсімге жетуіміз керек", - деді Сағынтаев.