Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қымбат пәтер иелері бюджетке 36 миллион салық төлемеген

Қымбат пәтер иелері бюджетке 36 миллион салық төлемеген

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz - Алматыда қымбат пәтерлер мен жеке үйлердің иелері бюджетке 36 миллион теңге қарыз. Бұл туралы Медеу аудандық мемлекеттік кіріс басқармасы хабарлады.

"Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы мүлік пен жерге салық қарызын өндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде қымбат үйлер мен пәтерлер бойынша қарыз 36,2 миллион теңге. Мысалы Көктебе ықшамауданында орналасқан аумағы 1568,5 шаршы метр, ал құны 132,6 миллион болатын зәулім үйдің иесі бюджетке 1,6 миллион теңге қарыз. Мұндай мысалдар аз емес. Сонымен қатар, бірнеше пәтерлері бар борышкерлер де бар", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Биыл 1 шілдеге дейін қарыз өтелмеген жағдайда төлемді күштеп өндіру үшін материалдар сот органдарына тапсырылады. Сонымен бірге, банктегі есепшоттар бойынша операциялар тоқтатылып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға шектеу қойылады.

"Жеке тұлғалардың салық қарызы құпия емес болғандықтар, тізім 1 шілдеден кейін БАҚ-та жарияланады. Бұл тізімде Қазақстанның тұлғалары барын айта кету керек. Салық төлеуге қатысты қолайсыз жағдайға ұшырамас үшін, Медеу ауданы бойынша МКБ салықты өз уақытында төлеуге шақырады", - дейді басқарма кілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

Похожие материалы