Экономика
Airbus ірі лайнердің жаңа нұсқасын ұсынды
Алматы. 19 маусым. 7kun.kz - Airbus әлемдегі ірі A380 жолаушы тасымалдайтын әуе лайнерлерінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Бұл туралы rbc.ru хабарлады.
Компанияның айтуынша, A380 қанатының жаңа конструкциясы жанармай шығынын
4 пайызға азайтады. Сонымен қатар, ұшақта сервис интервалы ұзарады. Ол лайнердің әуеде ұзақ уақыт болуына мүмкіндік береді.
Airbus-тің мәліметі бойынша, жаңа лайнер неғұрлым
үнемді болады. Сонымен қатар, оңтайландырылған салоның есебінен, сыйымдылығы да артады.
"Жаңа енгізулер әуе компаниясының шығындарын
13 пайызға (әр адамға) көлемінде азайтады", - дейді компания өкілдері