Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Черногорияның ең танымал курорттық жерлері

Черногорияның ең танымал курорттық жерлері

Черногория елінде демалу үлкен танымалдыққа ие. Бұл елге баруға арналған турлар - Европадағы ең арзан турлардың қатарына жатады. Жазғы уақытта Черногорияда визасыз демалуға болады. Ал Алматы немесе Астанадан ұшып бару 11-16 сағатты құрайды.

Черногория картада өте шағын болып көрсетілген. Егер сіз көлікпен жүрсеңіз, онда 1 күннің ішінде бүкіл аумақты кесіп өтуге болады. Дегенмен, Черногорияда сан-түрлі курорттар бар. Онда шулы кештерді ұнататындар да, балаларымен саяхаттап жүрген отбасылар да өз уақытын жақсы өткізеді.

Будва

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz  Будва қаласы[/caption]

Будва - Черногорияның ең танымал курорты. Бұл бағыт арзан әрі "ыстық" турлардың арасында көп кездеседі. Будва маңында құмды жағажайлар бар. Жағажай маңындағы адам саны демалыс маусымдарында көбееді. Будва - Черногорияда туризмнің астанасы деп танылған.

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz[/caption]

Будваға тыныштық үшін емес, көңіл көтеру үшін жиналады. Бұл қала өзінің ең үлкен көшесімен танымал. Будва жағалауында орналасқан көше өзінің бойына көптеген мейрамхана мен түнгі клубтарды жинаған. Будваны көңіл көтеріп, жаңа таныс іздеген адамдар ғана ұнатады, ал отбасымен демалып жүргендерге бұл қала тым шулы болып көрінетіні анық.

Бечичи

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz   Бечичи жағажайы[/caption]

Будвадан 3-4 шақырым жерде орналасқан Бечичи курорты, өзінің 2 шақырымдық ұсақ жұмыр тастан тұратын жағажайымен танымал. Бұл Черногориядағы ең әдемі жағажайлардың бірі. Бечичи жағажайы - Черногорияның мақтанышы мен көркі. Будва туристері де бұл жаққа демалуға келеді. Жағажай бойында спорт алаңдары, дүкендер, сувенир сататын дүңгіршектер, қонақ үйлер орналасқан. Бечичи тұрғындарының саны бар болғаны 800 адам, бірақ бұған қарамастан қаланың туристік инфрақұрылымы жақсы дамыған. Бечичида да шулы орындар көп, бірақ Будваға қарағанда бұл қаланың түні өте тыныш.

Петровац

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz Петровац жағажайы[/caption]

Балаларымен жүрген саяхатшылар Петровацты таңдайды. Бұл жақтың жағажайы зәйтүн тоғайымен және қарағай орманымен қоршалған. Жағажай қауіпсіз суға түсуге арналған керемет жер әрі қызғыш құмы бар таза аймақ. Ал теңіз өте тыныш.

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz "Кастелло" бекінісі[/caption]

Петровац курортының мақтанышы - "Кастелло" бекінісі. Бекініс қаланы теңіз қарақшыларынан қорғаған. Ал Кастеллоның жертөлесін тұрғындар шарап пен майдың қоймасы ретінде пайдаланған. Кейін бекініс түрмеге айналған. Қазір туристер үшін бұл жерде мұражай ашылған.

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz "Святая Неделя" аралы[/caption]

Жағадан бір шақырым жерде "Катич" және "Святая Неделя" аралдары орналасқан. Туристер бұл аралдарға күнделікті қатынайтын қайықтармен жете алады. "Святая Неделя" аралында шағын шіркеу орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, бұл шіркеу теңізшілерді жаман нәрселерден қорғайды.

Улцинь

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz   Улциньдағы әйелдер жағажайы[/caption]

Черногорияның оңтүстігінде орналасқан курорт - Улцинь. Адриатика теңізінің жағасындағы ең үлкен қара құмды Велика Плаза (Velika Plaza) жағажайы осы курортта орналасқан. Жағажай көлемі 13 шаршы метр. Улциньда әйелдерге арналған, қылқан жапырақты орманмен қоршалған, жағажай да бар. Әйел адамның денсаулығына пайдалы күкіртті сутек көздері орналасқан жағажайға тек әйелдерді кіргізеді. Улцинь су спорт түрлерімен айналысуға қолайл. Мұнда виндсерфинг, дайвинг және катамаран бар.

Игало

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz    Симо Милошивеч атындағы институт[/caption]

Черногорияның батысында орналасқан Игало курорты. Бұл курорт Симо Милошивеч атындағы медициналық институтымен танымал: мұнда туристер Игалка өзенінен алынатын балшықтың көмегімен емдейтін процедуралардан өтеді. Институт отадан, апаттан немесе көптеген аурулардан кейін өз қалпына келуге көмектеседі. Емделуден бөлек, Игалода уақытты көңілді өткізуге болды. Курортта ат спортымен, дайвингпен және тенниспен айналысуға болады.

Колашин

[caption id="" align="aligncenter" width="600"] Фото: bestar.kz Колашинның кеші[/caption]

Егер сіз Черногорияға қысқы уақытта барғыңыз келсе, онда ойланбастан тау шаңғысында жүру үшін Колашин курортына барыңыз. Бұл кішкентай қала Черногорияның орталығында, теңіз деңгейінен 1000 метр жоғары орналасқан. Қалада Вучья, Клюца, Синяевина және Беласица тауларының шыңдары көрінеді. Қарашадан сәуірге дейін бұл жақта шаңғы маусымы. Керек жабдықтарды жалға алу, нұсқаушы, шаңғымен жүруге арналған жолдар бар.

[caption id="" align="aligncenter" width="600"]Черногорияның ең танымал курорттық жерлері Фото: bestar.kz[/caption]

Жазда Колашинда, жаяу серуенді жақсы көретін, альпинистер демалады.

Айза Аблаким

Похожие материалы