Алматы. 21 маусым. 7kun.kz - 21-24 маусым аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен экстремалдық журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинары өткізіледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
«Әскери дискурс» практикалық семинары қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыстар мен оқыс жағдай орын алғанда және лаңкестік актілерді түсіндіру жұмыстарына оқыту үшін ұйымдастырылып отыр.
Үш күн бойы ҚР Қарулы күштерінің тәжірибелі әскери нұсқаушылар журналистердің әскери қимылдар және оқыс жағдайлар ортасында жұмыс істей отырып, сапалы ақпараттық материал дайындауды теориялық және практикалық тұрғыда үйретеді.
Дереккөз: Қазақпарат