Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сирияға әскер жіберу туралы ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ - СІМ

Сирияға әскер жіберу туралы ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ - СІМ

Астана. 23 маусым. 7kun.kz - Қазақстанның Сирияға әскер жіберетіндігіне қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік берді. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

"Қазақстанның Сирияға әскер жіберетіндігі туралы БАҚ-тағы ақпарат кешелі бері қоғамда талас тудырды. Осыған байланысты ҚР СІМ баспасөз қызметі түсінік берді. Қазақстанның Астанада алаң ұсынуы еліміздің Сирия дағдарысын реттеудегі нақты үлесі болып саналады. Бірақ Қазақстан Сирияға өз әскери қызметшілерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы қақтығысты бәсеңдетудің төрт аймағының қауіпсіздігі мен тиімділігі қандай жолмен қамтамасыз етілетіні туралы мәселе Астана процесі кепілгер елдерінің құзырында. Олар осы және басқа да мәселелерді Қазақстан елордасында 4-5 шілдеде кезекті кездесу барысында талқылайтын болады", - деп атап өтті сыртқы істер министрлігінің өкілдері.

Олардың айтуынша, кез келген жағдайда әлемнің қайсыбір қақтығыс ошағына өз бітімгерлерімізді жіберу мүмкіндігін қарастырудың маңызды қағидатты шарты – БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарының және осы ұйымның тиісті мандатының болуы.

Похожие материалы