Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл мемлекет инвестиция тартуға 2,5 есе көп қаражат бөледі

Биыл мемлекет инвестиция тартуға 2,5 есе көп қаражат бөледі

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz - Мемлекет инвестиция тарту үшін өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп қаражат бөлді. Оның жалпы көлемі - 12,2 млрд теңге. Бұл туралы Finprom сараптама агенттігі хабарлады.

Бұл қаражаттың барлығы арнаулы экономикалық, индустриялық аймақтар мен парктердің инфрақұрылымын дамытуға, сонымен бірге ақпараттық қолдау мен басқа да қызметтерге жұмсалады. Оның ішінде, инфрақұрылым құрылысының шығыны Алматы, Астана, Маңғыстау және Павлодар облыстарына тиесілі болады.

Өндірісітік аймақтардың инфрақұрылымын дамыту үшін 5,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 2,5 млрд теңге болған.  Биыл  Арнаулы экономикалық аймақтардағы (АЭА) мекемелердің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі («НИНТ», «Химпарк Тараз», «Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА қоспағанда) 2014 жылға шаққанда 130 пайызға жетуі керек.

2017 жылдың алғашқы төрт айында бөлінген қаражаттың өзі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 есеге жоғары, яғни 3,5 млрд теңге.

 

Похожие материалы