Вашингтон. 26 маусым. 7kun.kz - АҚШ Президенті әкімшілігі Гамбургте өтетін G20 саммитінде РФ Президенті Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуі туралы жоспарды растады, деп жазды kommersant.ru.
Associated Press агенттігінің Ақ үйдегі дереккөздері Трамп мырза ресейлік әріптесімен "кең ауқымды екі жақты" кездесу өткізгісі келетінін және оған (кездесуге) БАҚ-ы қатысқанын қалайтынын хабарлаған.
"Мемлекеттік департаментә мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі ресми тұлғалардың ескертуіне қарамастан Дональд Трамп мұндай кездесулерге қажетті құжаттарды дайындауды бұйырды", - деп хабарлайды АР-тің АҚШ Президенті әкімшілігіндегі дереккөзі.