Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ АҚШ экономикасына қатысты болжамын жариялады

ХВҚ АҚШ экономикасына қатысты болжамын жариялады

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) АҚШ экономикасына баға беріп, оның ЖІӨ туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Коммерсант».

ХВҚ сарапшылары АҚШ-тың ЖІӨ-і тоқырауға дейінгі кезеңнен 12 пайызға жоғары екенін және жұмыс орындары да өсіп жатқанын айтады.

"Бірақ АҚШ-тың экономикалық моделі жалпы табыс өсіміне әсер ете алмай жатыр, себебі оның мемлекеттік қарызы өсуде", - делінген ХВҚ таратқан хабарламада. «

Болжамдарға қарасақ, 2017-2018 жылдары ЖІӨ 2,1%, 2019 жылы - 1,9%, ал 2020 жылы - 1,8% болуы керек. Бұған дейін Fitch АҚШ ЖІӨ өсімінің баяулағанынан оған қатысты болжамын 2,3 пайыздан 2,1 пайызға төмендеткен еді. Ал ФРЖ, керісінше, жақында болжамын 2,1 пайыздан 2,2 пайызға жоғарылатты.

 

Похожие материалы