Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең алғашқы банкомат алтынға боялды

Әлемдегі ең алғашқы банкомат алтынға боялды

Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Әлемдегі ең алғашқы банкомат осыдан 50 жыл бұрын Лондонда орнатылған. Ол британдық Barclays банкіне тиесілі, деп хабарлайды BBC.

Британия Банкінің бас қазынашысы Виктория Клиланд алғашқы банкоматтың 50-жылдық ашылу салатанытында ересек британдықтардың 94 пайызы банкоматты үнемі пайдаланатынын айтты. Ал жалпы британдықтардың жартысына жуығы банкомап қызметіне кем дегенде аптасына бір рет жүгінеді.

Жақында өткен жарты ғасырлық мерейтойға орай қолма-қол ақша беретін құрылғы алтын түсті бояуға боялып, маңына қызыл кілем төселген, деп жазды 24.kz.

Әлемдегі ең алғашқы банкоматтың пайда болғанына 50 жыл толды

Айта кеткен жөн, ең алғашқы банкоматты шотландиялық өнертапқыш Джон Шепард-Баррон ойлап тақпан. Ал одан бірінші болып британдық актер Редж Варни ақша шешкен. Қазір әлем бойынша 3 миллионға жуық осындай автомат бар. Олардың 70 мыңы Ұлыбританияда орнатылған.

"Алғашқы банкомат осы заманғы озық құрылғыларға қатты ұқсайды. Бір ғана ерекшелігі – кезінде клиенттер алдымен банктен кепілхат алатын. Тек осыдан кейін ғана қолма-қол ақша шешу мүмкіндігіне ие болатын", - деді Barclays банкінің қызметкері Карл Хинес.

Похожие материалы