Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның үздік ЖОО рейтингі – 2017

Қазақстанның үздік ЖОО рейтингі – 2017

Астана. 29 маусым. 7kun.kz - Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) - рейтинг еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының жыл сайынғы кезекті, тоғызыншы ұлттық рейтингін ұсынады.

Рейтинг әдіснамасы халықаралық сарапшылармен мақұлданған, шет елдік рейтинг журналдарында жарияланған және Шанхай қ. мен Братислава қ. әр түрлі халықаралық конференцияларда ұсынылған.

Осы жылы Қазақстанның 2017 жылғы үздік жоғары оқу орындары ұлттық рейтингіне көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медицина және өнер бағытындағы барлығы 61 жоғары оқу орындары қатысты. Алайда Қазақстанның 2017 жылғы үздік жоғары оқу орындары ұлттық рейтингіне небары 57 жоғары оқу орны - академиялық қызмет (1 сауалнама) бойынша максималдық балл санының кемінде 30%-ын жинаған жоғары оқу орындары енді.

Үздік жоғары оқу орны ұлттық рейтингіне кірмеген жоғары оқу орындары жеңілісте қалмағандықтарын айта кету керек. Жоғары оқу орындары әр индикатор мен өлшем бойынша жасалған рейтингтік орын туралы ақпарат алып, өзінің позициясын жақсарту үшін қай мәселе бойынша және қалай жұмыс істеу керектігін білулеріне болады.

Жалпы қорытынды нәтижелер рейтингтік кестелерде көрсетілген, олардың арасындағы көшбасшылар:

✔ көпсалалы жоғары оқу орындары арасында – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.

✔ техникалық жоғары оқу орындары арасында – Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;

✔ гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындары арасында – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Алматы менеджмент университеті, Нархоз университеті;

✔ педагогикалық жоғары оқу орындары арасында – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты;

✔ өнер жоғары оқу орындары арасында – Қазақ ұлттық өнер университеті;

✔ медициналық жоғары оқу орындары арасында – С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті.

 

Похожие материалы