Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – ҚР киномандары орта есеппен әр сеансқа 1200 теңге қаражат жұмсайды. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
2017 жылдың мамырында кино билеттерінің бағасы 1217 теңгеге дейін өсті. Бұл сәуірдегі бағадан қарағанда 0,5 пайызға, ал 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 4 пайызға қымбаттаған.
Киносеанстар ең қымбат қалалар тізімінде ең бірінші Атырау қаласы. Онда бір сеанстың билет бағасы мамырдың қорытындысы бойынша 1649 теңге, бір айда баға 3,1 пайызға қымбаттаған. Екінші орында Астана (1533 теңге), ал үшінші орында Көкшетау қаласы (1500 теңге) тұр.
Атыраудан бөлек, маусым айында Петровпавлда да кино билеттерінің құны 5,4 пайызға қымбаттап 1000 теңгені құрады.
ticketon.kz мәліметінше, 22-26 маусым аралығында ең көп қаражат жинаған «Трансформеры: Последний рыцарь» блокбастері болды. Алғашқы аптада премьера 249,5 млн теңге жинады. Екінші кезекте 87,5 млн теңге табыспен «Көліктер 3» мультипликациялық фильмі тұр. Ал «Мумия» триллері 66,2 млн теңге жинады.
Ал жалпы есеп бойынша 5 аптада ең көп табысқа кенелген «Пираты карибского моря» фильмінің 5 бөлімі болды. Қаражат көлемі – 1,5 млрд теңге.
Айта кетейік, 2016 жылы Қазақстанда 256 кинофильм түсірілді. Олармен 26 киностудия жұмыс істеді. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 264 болған. Елдің 94 кинотеатры көрермендер үшін 579,9 мың кинокөрсетілім жүргізді. Олардың 91,2 пайызы шетелдік фильмдер, ал 8,8 пайызы ұлттық кинофильмдер.