Алматы. 5 шілде. 7kun.kz - Телекоммуникация секторына бөлінетін инвестиция қысқарып жатыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 6,4 пайызға кеміген, яғни 18,3 млрд теңгені құрайды.
Естеріңізде болса, секторды қамтамасыз етуге 2016 жылдың 5 айына 2015 жылмен салыстырғанда 36,4 пайызға кем инвестиция құйылған.
Жалпы 2016 жылы , 2015 жылға қарағанда, ақпарат пен байланыс кәсіпорындары қорын жетілдіруге салынған инвестиция көлемі 63,1 млрд теңгені құраған, яғни 39,3 пайызға кем.
Мұндай қысқартуларға қарамастан, телекоммуникация саласы биылғы жылы белсенділік танытып отыр.
2017 жылдың алғашұы тоқсанының қорытындысы бойынша, кәсіпорындардың физикалық тұрғыда қызмет көрсету деңгейі былтырғы жылдан 1,3 пайызға көтерілген.
Осы жылғы инвестиция құрылымындағы ең үлкен қысқарту телекомға шетелдік инвестиция тарапынан болды - егер 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы салым 1 млрд теңге болса, биыл бұл тараптан қаржы түспеген.
Жеке инвестициялар 755 млн теңгеге (4,1 пайызға) кеміген.
Бұған қоса, несие саласы 20 есеге артып кетті - 2017 жылы 5 айдың ішінде 482 мон теңгеге. Мемлекет тарапынан осы салаға былтырғыдан 3,3 есеге көп бюджет түскен (76 млн теңге).
Сонымен қатар, үкімет аталған инфрақұрылыммен ЭКСПО-2017 объектілері негізінде халықаралық IT-стартаптар технопаркін құрады. Налық жеңілдіктері мен визалық және еңбек режимі жеңілдіктері де қарастырылады.