Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды

Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды

Астана. 10 маусым. 7kun.kz - Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті мен оның аумақтық құрылымдарының лауазымды тұлғалары жүйелі түрде пара алып, фармацевтикалық компаниялардың мүддесін қорғағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық бюроның хабарлауынша, 3 шілде күні Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Пак Л.Ю., Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің басшысы Қажинова З.Ш., Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармация комитетінің бас маманы Имамходжаев П.Т., Фармация комитетінің бас сарапшысы Ибраева Д.К. ұсталды. Олар жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам мөлшерде бірнеше мәрте пара алған.

Бұл адамдар өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибе сертификатын бергені үшін заңсыз сыйақы алып отырған. Одан бөлек, "Зерде" ҒӨБ" ЖШС атқарушы директоры Жүзбаева Э.М. пара бергені үшін ұсталды.

"Сонымен бірге аталған лауазымды тұлғалар пара алумен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сатып алынатын медициналық препараттардың құнын көтеру арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыпталып отыр", — деп хабарлады Ұлттық бюро.

Сот санкциясымен Пак, Қажинова, Имамходжаев және Жүзбаева тұтқындалып, Ибраева үйқамаққа алынды.

Похожие материалы