Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бозымбаев: «Жасыл» технологиялар орталығы жұмысын бастайды

Бозымбаев: «Жасыл» технологиялар орталығы жұмысын бастайды

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz  - «Жасыл» технологиялар орталығы өз жұмысын 2018 жылы бастайды. Бұл туралы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» халықаралық форумы барысындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Қазақстан дәйекті түрде «жасыл» экономикаға ауысу тұжырымдамасын жүзеге асыруда. Осы тұжырымдаманы іске асырудағы қадамдардың бірі - ЭКСПО павильондары бірінің базасында «Жасыл» технологиялар және инвестициялар орталығын құруға негізделген. Орталықты БҰҰ-ның түрлі ұйымдарының қолдауымен құру қарастырылып отыр. Сонымен қатар, біз жеке капиталдың қатысуын да ескерудеміз», - деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің  айтуынша, жаңа жылға дейін негізгі құжаттарға қол қойылып, келіссөздер аяқталады. Ал 2018 жылдан бастап орталық толыққанды қызмет етеді.

Естеріңізге салайық, «Жасыл технологиялар» орталығы энергетикалық сектордың трансформациясы, жасыл технологиялар және озық тәжірибелерді трансферттеу және бейімдеу міндеттерін шешуге бағытталған.

   

Похожие материалы