Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету

Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алады.

1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.

Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды роль атқаратынын байқауға болады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды рольді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға болады.

Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік – экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелердің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет ететін жүйе депсанаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан – жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.

І-бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету

1.1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы зейнетақы инфрақұрылымы, оның қатысушылары

Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығында, бүгінгі күні, басқа қаржы нарығының сегменттерінен айырмашылығы, тұрақты түрде дамуы.

1997 жылғы 20 маусымда Қазақстанда еліміздегі алғашқы жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың негізі болған «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ескіден қалған азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жинақтаушы жүйемен қайта қалыптастырды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалаудың қаншалықты артықшылықтары мен оңтайлы жақтары болғанымен әлі күнге дейін  көптеген мәселелері шешімін тапқан жоқ.

Жалпы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, сандарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, осындай–ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті және осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтері жөніндегі компания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып зейнетақы төлемін алушының пайдасына зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерінің (салымшылары мен зейнетақы жарналары, зейнетақы активтері мен жинақтары), зейнетақы жүйесі бойынша көрсеткіштердің жалпы көлеміндегі үлесінің тұрақты өсуі, тұтастай алғанда мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына халықтың сенімінің өсуін куәландырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу бойынша комитет нормативтік құқықтық актілер жасап және де өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады.

1998 жылдың қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің елде қызмет еткеніне 7 жыл асып отыр. 2004 жылдың 1 тоқсанына Қазақсанның зейнетақы қызмет көрсету жүйесі зейнетақы активтерінің өсуімен де, сонымен қатар нарықтық қатысушыларының сандық құрамы мен жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелінің тұрақты дамуымен сипатталады.

Бұл күнде ҚР зейнетақы қызметін көрсету жүйесі мына төменде көрсетілген суреттегідей болып отыр. 16 зейнетақы қоры, оның ішінде 13 ашық типтегі, 2- корпоративтік типтегі және 1- мемлекеттік зейнетақы қоры болып отыр.

  • Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері

Қазақстан зейнетақы реформасының басталғаннан бері 7 жыл асып барады. Оны жүргізу объективтілік қажеттілік негізінде болады. Бірақ реформаның нәтижелерімен жүзеге асу әдістері біркелкі бағалануы мүмкін емес. Елдегі болған зейнетақы реформасын бағаламас бұрын зейнет ақы жүйесін қайта құрудың әйгілі варианттарына және кейбір аспектілеріне тоқталып өтейін. Көптеген әрекет етуші зейнетақы жүйесін үлестіру принципіне негізделеді, яғни зейнетақы зейнеткерлердің өздерінің жинақтары есебінен емес, жұмысшылардың жарналары есебінен төленеді. Зейнеткер санының жұмысшылардың санына қатынасының ұлғаюымен байланысты үлестіруші зейнетақы жүйесі кезіндегі жалпы экономикаға  және халыққа деген ауыртпашылық өсті.  Бұдан бірқатар әлеуметтік – экономикалық саяси мәселелер туындайды, оны тек зейнетақы берушілердің негізі болып табылатын прициптерді түбегейлі өзгерту негізінде шешуге болады. Бұл жүйе бойынша зенетақы қамсыздандыру деңгейі тікелей зейнетақы аударымдардың тарифімен, зейнеткерлермен жұмысшы халықтың саны және оның еңбекақы деңгеімен қатынасы байланысты.

Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушы зейнетақы жүйесі болып табылады. Мұнда әрбір жұмысшы  жұмыс істеу барысында зейнетақы қорларына жарналарын аударады, қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы инвестициялауға қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке зейнетақымен қамтамасыз етуіне кетеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары бір миллиардтан аса АҚШ долларын шоғырландырылған, ал оларға біздің елде қолдану мүмкіншілігі мүлдем жоқ деуге болады. Реформаның мақсаты, айта кетсек, болашақтағы зейнеткерлерге дивиденд алуды кепілдендіретін тек салымдарды зейнетақылық жинақтау ғана емес, сонымен қатар дұрыс инвестициялауда  да болған. Жинақтаушы зейнетақылық қордың мәні  - бұл нақты өндіріске  деген инвестициялар. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы минстрлігінің немесе Ұлттық банкісінің бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды объектілерге инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрлысына салсақ, олар 20 жылдан кейін де рентабельді болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67% мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегініміз мемлекеттік қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұнай «жиналымдар» болса ерте де кеш қирайды.

Енді мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттеріне тоқталсақ, олар:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеуі бойынша зейнетақы активтерінің төлемдерін жүзеге асыруға;
  2. жеке зейнетақы активтерінің қорының есебін жүргізуге;
  3. зейнетақы алушы мен салымшылардың қорлары туралы өздеріне мәлімет беруге;
  4. зейнетақы қорының жағдайының мәліметтерін құпияда сақтауға;
  5. зейнетақы қоры заңға сәйкес жүргізілуіне;
  6. зейнетақы алушының өтініші бойынша оның зейнетақы қорын басқа қорға аударуға;
  7. зейнетақы активтерін инвестициялық бақылау үшін зейнетақы активтерін басқаратын компаниялармен келісімге тұру (мемлекеттік жинақтаушы қорынан басқа);
  8. мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімге тұрған азаматтарға бірдей қызмет көрсетуге және т.б. міндетті. /2,б.28/

II - бөлім. Қазақстан Респуликасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары

2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі инфрақұрылымға салыстырмалы талдау

«Құрмет» Зейнетақы қоры.

«Құрмет» мемлекетік емес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры самылшыларға зейнетақы қорын өзі таңдау арқылы болашақ зейнетақыларының құралу саясатын дербес таңдауға мүмкіндік беретін зейнетақымен қамтамтамасыз ететін жинақтау жүйесіның шегінде 1998 жылдың 2 наурызында құрылды. «Құрмет» «МЕАЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкестік құрылды.

1998 жылдың 16 қарашасында берімен лицензия  орнына зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүргізу қызметін атқаруға ҚР Ұлттық Банкінің 2003 жылдың 20 қарашасында берген лицензия № 0000013.

«Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес Компания зейнетақы қызметтері рыногына үш буынының қалғандарымен - банк – кастодианмен («Темірбанк»ААҚ) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйыммен («БТА Asset Management» КУПА ЖАҚ) үш тарапты кастодиан шартын жасады.

Қордың бес жылғы қызметі ішінде бізге Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының 11000 кәсіп орында жұмыс істейтін 320 000-нан астам салымшылар өз жинақтарын сеніп тапсырды. Зейнетақы жинақтары мен жеке меншік қаражаттарды есепке алу мен сақтауды уәкілетті мемлекеттік орган -ҚР қоржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігімен балқыланады .

«Құрмет» Зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының көлемі жағынан рынок өсімінің қорқынын басып озып, зейнетақы қорларының ішінде алдыңғы қатарға кіреді.

  • «Құрмет» ЗҚ рыноктағы зейнетақы жинақтарының үлесін 4,2% немесе 15,6 млрд теңге құрады.
  • «Құрмет» ЗҚ салымшыларының саны жағынан алдыңғы қатарлы бесудің ішіне жатады.
  • 01.04 ж. 313025 адам өз салымын сеніп тапсырды, «Құрмет» ЗҚ рыноктағы үлесін 5,1% құрайды.
  • «Құрмет» ЗҚ салымшыларының 2003 жылға өсу динамикасы рынок бойынша салымшылардың өсу динамикасын 2 еседен көп басып озды.
  • «Құрмет» МЕАЖЗҚ өзінің инвестициялық қызметінде инвестициялаудың әлдеқайда сенімді және өтімді нысандарын артық бағалайды.
  • 2003 жылы инвесциялық кірісті 881300000 теңге құрады.
  • «Құрмет» ЗҚ қор салымшылары үшін тұрақты акциялар жүргізіп отырады. Өз клиенттері арасында жыл сайын өткізіліп отыратын сыйлықтар тұтысы осының айқын бір мысалы болып табылады. Сондай-ақ, келесідей жаңа акцияларды атап өтуге болады: «Созвездия успеха» (“Табыс шоқжұлдызы”) және “Vip unifinance”, бұларды “Құрмет” ЗҚ өз әріптестерімен бірге өткезеді. “Құрмет” ЖЗҚ келесі қызмет түрлерін көрсетеді.
  • Салушылардың зейнетақы жинақтарын инфлецияның әсерінен қорғау, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялау жолымен оларды көбейту;
  • Жеке зейнетақы шотының жай - күйі туралы шынайы және тез арада ақпаратты ақысыз алу;
  • Зейнетақы жинақтарының есебі;
  • ҚР-ның үкіметі белгіленген тәртіпте алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізу;
  • ӘЖК беру құжаттарын рәсемдеуде көмек көрсету;
  • Міндетті, ерікті, кәсіби зейнетақы жарналарын жинақтау;
  • Салымшының /алушының өтініш бойынша зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қордан екіншісіне ауыстыру.
  • Дұрыс емес ашылған жеке зейнетақы шоттарын басқа қорларға біріктіруге көмек көрсету;
  • Зейнетақымен қамтамасыз ету жөнінде ақысыз кеңес беру.

Инвестициялық кірісті есепке ала отырып, салымшының зейнетақы жинақтарының болжамды жоспары. Салымшы ай сайын 3000 теңге мөлшерінде зейнетақы аударып отарады. 40 жылдан кейін аударылған  зейнетақы жарналарының нақты сомасын 1 440 000 теңге құрайды. Мұнда, зейнетақы жинақтарының көлемін 5974472 теңге (бірақ активтерінің жылдық орташа таза кірістілігі (Қордың комиссиялық сыйақысын шегеріп тастағанда жылдың 6% мөлшерінде болуы керек) құрайды. 4534472 теңгедей айырмашылық осы уақыт ішінде Қордың салымшыға есептеген инвестициялық кірісін құрайтын болады. Осы лайша, инвестициялық кіріс жинақтарының жалпы көлемін 75% көп құрайтын болады.

2.2 Зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқаратын қызметтері мен құқықтық негіздері

Кәрілік алдындағы қорқыныш бұл әр адамға табиғатпен берілген деп айтылады. Кез келген адам жылдар өткен сайын ең алдымен материалдық мәселелердің болуынан қашады. Қазіргі таңдағы шындық бұл әрбір қазақстандық азамат өзінің болашақтағы кедейшілік күн кешпеуіне жағдай жасап және өзіне жеткілікті кәрілікті қамтамасыз етуі қажет. Себебі әлеуметтік бағдарламалар үшін бюджет қаражатының жетіспеушілігі және халықтың тұрақты қартаюы мемлекет тарапынан мәңгілік көмектің болуына үміттенуге сендірмейді. Осыған  орай біздің қоғамдағы  өте маңызды әлеуметтік мәні бар зейнетақымен қамтамазыз ету туралы  заңға кез келген өзгертулер Қазақстанның әрбір азаматын толғандырмай  және қызығушылығын тудырмайтыны болмайды.

2002 жылдың соңында Қазақстандық азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негізін анықтаушы және де осы жүйенің қызмет етуінің барлық құқықтық аспектілері мен зейнетақылық  қызмет көрсету нарығының барлық қатысушыларының өзара қарым -қатынасын  реттеуші зейнетақы заңдылығы маңызды өзгертуге ұшырайды. Алғаш рет өзгертулер мен толықтырулар 1998 жылы 22 желтоқсанда (№328 заң), яғни жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет етуіне 1 жыл өтпей жасалды. Екінші рет елдің зейнетақы заңдылығы 1999 жылы 5 сәуірде (№364-1 заң), өзгерту енгізіледі. Осыдан кейін жаңартылған «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы  мен қамтамасыз ету туралы» заңы 4 жылдай мерзімде қызмет етті және 2002 жылдың соңында оған тағыда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер №369-11 реттік номеріне ие, заң формасында қабылдап, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы заңы деп аталады. Бұл жерде ескеретін жағдай, егер бірінші жасалған екі өзгертулер мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қорымен  мемлекеттік реттеуші органдардың енгізуге байланысты туындаса, ал зейнетақы заңдылығына енгізілген соңғы түзетулер (2002 жылдың 29 желтоқсаны) өзінің бөлігінде кейбір мемлекеттік емес субъектілерге оның ішінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бағытталған және дайындалған. Себебі, бұл өзгертулер тұжырымдық және  барлық зейнетақылық қызмет көрсету жүйесі үшін өміршеңділік сипатқа ие болады, олардың заңдылық сүзгіден өтуі оңай болмай 1 жылға дейін созылады.

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 369-11 заң екі ғана баптан тұрады, бірақ көптеген маңызды өзгертулерден тұрады. /3,б.22/

Зейнетақы заңдылығындағы басты жаңалық бұл жеке ерекше институт ретінде бөлініп келген мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мәртебесінің алынып тасталынуы. Зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңдағы жаңа түзетуге  байланысты жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінбейді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң алдында  мемлекеттік жинақтаушы зейентақы қорында және мемлекеттік емес жинақтаушы  зейнетақы қорында бірдей құқыққа ие. Бірақ бұл зейнетақы қорының мемлекттік қатысуымен болмайды дегенді білдірмейді. Егер бұын мемлекттік жинақтаушы зейнетақы қорының бірден бір құрылтайшы Қазақстан Республикасы Үкімет болса, заңға сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылар мен акционерлері ретінде Қазақстан Республикасының резидентті – заңы және жеке тұлғалар және де Қазақстан Республикасының заңында бекітілген (№369-11 заңының 1-ші бабы 28-ші тармағында) талаптары ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бола алады. Осыған орай мемлекет Үкімет тарапынан тек бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорының ғана емес сонымен қатар бірнеше зейнетақы қорының жарғылық капиталындағы акция пакеттерінің жеке үлесінің немесе толығымен иесі бола алады. Бұл мемлекеттік зейнетақы нарығын бақылауды күшейту мақсатында жасалуы мүмкін. №369-11 заңының 1-ші бабы 30-ші тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры атауында «мемлекеттік» сөзі егер жарғылық капиталының 100%-ы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі болғанда ғана қолданылуына болады. Енді мемлекет (егер қажет етсе) бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорын өзінің 100% қатысуымен құра алады және оның бәрі мемлекттік нарықтың кез келген сегментін жекшелендіре отырып, оған қайта баруына болатындығын көрсеткді. Егер жақын арада мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры олығымен жекешелендірілсе де, бұл мемлекеттің зейнетақылық қызмет көрсету нарығы мәңгілікке тастады дегенді білдірмейді. Ол жаңа мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру арқылы қайта орала алады.

Жаңартылған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы зейнетақы активтерін басқару түсінігне бірнеше өзгертулер енгізді. Егер оның ескі баспасында мемлекттік емес жинақтаушы зейнетақы активтер сөз тіркесі толық емес түрде берілсе, қазіргі кезде ол бұдан да толығырақ зейнетақы активтері инвестициялық басқару сөз тіркесімен ауыстырылады. Жаңа өзгерістерге сәйкес зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания (ЗАБК) «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деп аталатын болады. Яғни біздің құлағымызға үйреншікті зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйым сөзімен ауыстырылатын болды.

Зейнетақымен қамтамсыз ету туралы заңның ескібаспасы бойынша 51 бап сәйкес зейентақы активтерін басқару жөніндегі компанияның мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің басқарудағы ерекше құқығын қарастырады. Жаңа өзгерістерге зейентақы нарығы қатысушыларының көптен күткен өзгертуі зейнетақы активтерін басқарудың баламалы құқы енгізіледі. Сонымен 2003 жылдан бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыатын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының өкілетті органмен бекітілген осындай қызметпен айналысуға құқық беғретін сәйкесінше лицензиясы болуы кезінде дербес жүзеге асырады.

Бұл жаңа енгізілген өзгерістен мемлекеттік жинақтушы зейнетақы қоры ұтысқа шықты.

Жарқын арада кейбір жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы акивтерін дербес басқаруға көшетінін күтуімізге болады. Себебі, жинақтаушы зейнетақы қоры үшін қызығушылық үлкен зейнетақы жарнасынан және инвестициялық табыстан түсетін комиссиондық сыйақының зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен бөлісу керек емес. Оның ішінде, зейнетақы заңдылығындағы жаңа түзетуге сәйкес инвестициялық табыстан алынатын комиссионың шекті мөлшерлемесі 10%-дан  15%-ға дейін көбейтіледі. Бірақта, зейнетақы активтерін дербес басқаруға көшу процессі көптеген жинақтаушы зейнетақы қорлар үшін келесідей себептерге байланысты ұзақ әрі қиын болуы мүмкін.

Біріншіден, өкілетті орған – лицензиялар тарапынан қтаң нормативтік талаптарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензия алу іс-әрекетінің өзі қиынға түседі. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компания лицензиялау тәжірбиесі көрсетіп отырғандай лицензия алу үшін жеткілікті ұзақ мерзімді қамтуы мүмкін (бірнеше айға созылуы). Яғни, осы жылдың ішінде қандай-да бір жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға көшуі бола қоймас деп тұжырымдауға болады.

Екіншіден, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында зейнетақыактивтердін басқару құқығы үшін бәсекелестік күрес қалыптасты. Бұрыннан қызмет етуші зейнетақты активтерін басқару бойынша компаниясы бай тәжірибе, жоғары сауатты мамандарды және қазіргі бағдарламалық – техникалық қамтамасыз етуді иемдене отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруда жинақтаушы зейнетақы қордан нақты артықшылығы болады. Кез келген зейнетақы активтерін басқару бойынша компания зейнетақты активтерін басқарудағы маңызды бөлігін және сәйкесінше нарықтағы үлесін жоғалтқысы келмейтініне мүдделі.

Тағы да бір зйнетақты заңдылығына енгізілген маңыздырақ өзгерістердің бірі міндетті зейнетақты жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру. Соңғы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекет тек мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді. Осы жағдайдағы жаңалық мемлекеттің алушыға (салымшыға емес), жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуы жағдайында міндетті зейнетақы жарнасының номиналдық құнын ғана қайтармай, сонымен бірге инфляция көлеміндегі өтемақыға кепілдік береді. Заңдағы егізілген түзетуге сәйкес, зейнетақы төлемін алушы зейнетақы орталығымен бекітілген және жинақтаушы зейнетақы қорынан зйнетақы алуға құқығы бар жеке тұлғалар болып табылады, яғни заңдағы берілген мағынаға қарай, мемлекет жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы жағдайында жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы ала бастаған зейнеткерлерге ғана зейнетақы жарнасын қайта қалыптастыруға кепіл бола алады.

Егер 2003 жылға дейін зейнетақы жарнасының жүйесі екі бөліктен – міндетті және ерікті жарнадан тұрса, қазіргі таңда зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес зейнетақы жарнасынан үшінші түрі – ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы пайда болды. Олар ерікті жарналар секілді, айырмашылығы, оларды жинақтаушы зейнетақы қорға жұмыс беруші өзінің жұмысшысының зейнетақы шотына Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған мамандық тізімі бойынша аударатын болатындығында.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет етудегі 5 жылдың ішінде ерікті зейнетақы жарналары кңінен қолдануын алған жоқ  және зейнетақы активтерінің ішінде де өте төмен үлеске ие. Мысалы, Ұлттық банктің мәліметі бойынша 2002 жылдың қорытындысын міндетті зейнетақы жарналарының салымшылар саны 15,399 млн. адамды ел ерікті зейнетақы жарналарының салымшылар саны небәрі 25,1 млн. адамды, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі салымшылар жалпы санының 0,5 %-ын ғана құрайды. Осыған орай, Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі қазіргі таңдаған көрінісі міндетті жинақтаушы жүйені көрсетеді. Ерікті жарналардың танымалсыздығы біріншіден, тұрғындардаң негізгі бөлігінің қандай да бір сызбаға немесе жаңа зейнетақы жүйесіндегі инвестициялау шегіндегі құралдарға сенімсіздігі және еш нәрсеге  сенбеушіліктің үлкен үлесіне қатысты менталитетімен түсіндіріледі.

Бұл  жерде  тағыда бір маңыздырақ факторлардың ретінде тұрғындардың көп бөлігінін жағдайының даму деңгейінің жетіспеушілігін айтуға болады.

Зейнетақы заңдылығы негізгі өзгеріс ретінде зейнетақылық қызмет қөрсету нарығында зейнетқыны сақтандыру институтын ендіру болып табылады. Жақын уақыттарда зейнетақы нарығының негізгі қатысушылары ретінде өмірді сақтандыру келісімшартын жасау және атқару бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру компаниялары болатын сөзсіз. Оларға зейнетақымен қамтамасыз ету туралы жаңа баспасындағы ерекше роль берілген.

2003 жылдың басынан бастап зейнетақы заныңда 2002 жылдың 29 желтоқсанында шыққан  №369-11 заныңда көмегімен зейнетақы нарығы үшін «Зейнетақы аннуитетің келісім шарты» (1бап, 2тарау 12 тармақша), «сатып алу сомасы»(1 бап, 2 тармақ, 7тармақша) «сақтандырушы» (1 бап,2 тарау, 34тармақша) секілді жаңа түсініктер енгізілген.

Зейнетақы заныңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес қызмет етуші зейнетақы жинақтары ерікті сақтандыру зейнетақы жинақтарын сақтандыру зейнетақы жинақтарын сақтандыру бойынша қосамша шараларға алушының таңдауына сәйкес толық көлемде немесе ішінара зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін жасауы болуы тиіс.Әзірше мұндай жүйенің қалай болары белгісіз. Банктің депозиттерді кепілдендірудің қоры нақты қосымша қор құрулуы мүмкін, яғни жақын арада «Зейнетақы қорының қоры» пайда болуын күтуге болады.

Сақтандыру компанияларының басқа зейнетақы заңдағы өзгеріске сәйкес нарықта жаңа қатысушы – «міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенті» пайда болуы керек.

Агент ретінде Қазақстанда өздерінің тұрақты мекемесі, филиалы мен өкілеттіліктері арқылы Қазақстан Республикасының заңы мен анықталған міндетті зейнетақы жарнасын есептеуші, ұстап қалаушы және аударушықызметін жүзеге асыратын кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға, бұған қоса шетелдік заңды тұлғалар болып табылады. Заңды түсінік бойынша агент –бұл оның кім екеніңе – ұйым немесе жеке кәсіпкер болып табылатынына байланыссыз сол жұмыс беруші.

Ұлттық банктің басқа зейнетақылық қызмет көрсету нарығында мемлекет тарапынан тағыда бір қатысушы салық органы болады. Зейнетақы

заңдылығына енгізілген жаңа түзетуге сәйкес,салық органдары зейнетақы жарнасы бойынша жетіспеушілікті жинау және олардың аударылуына бақылау жасау үшін нақты механизм алды.Осы мақсатқа сәйкес зейнатақымен қамтамасыз ету заңына “міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы ұстамауы және аударылмауына жауапкершілік” деген 24-4-ші бап қосылды.Енді міндетті зейнетақы жарналарын аударуға жалтарған жұмыс берушіге қатаң санкция қолданылатын болады.

Егер бұрын жинақтаушы зейнетақы қоры мен зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияның құрылтайшылары мен акционерлері ретінде Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалар ғана болса,жаңа өзгерістерге сәйкес құрылтайшы немесе акционер ретінде резидент емес заңды тұлғада,яғни қандай да бір рейтингтік     компанияның белгілі бір рейтингін иемденетінде жіберіледі. Рейтингтік агентстволар мен ең төменгі рейтинг өкілетті органмен белгіленуі тиіс.

Дегенмен бұл жерде бірнеше шектеулер қойылған.Мысалы,оффшорлық аумақта тіркелген заңды тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қор құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

Жалпы алғанда зейнетақы заныңа жаңа түзетулер жинақтаушы зейнатақы жүйесінің келешекте сапслы дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Қазақстанның зейнетақы мен қызмет көрсету нарығында, бүгінгі күні,басқа қаржы нарығының сегментерінен айырмашылығы,тұрақты түрде дамып келе жатқанын айта кетуге болады. 1998 жылдың қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің елде қызмет еткеніне 5 жылдан асып отыр.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2003 жылдың басында зейнетақы активтерінің таза соммасы 269,8 МЛРД тг. немесе1730,8 млн. доларды  құрады. Жалпы алғанда 2002 жылы жинақтаушы зейнет ақы қорларының таза өсімі  актифтері теңгемен шаққанда 47,9-ға, және долырға 43,2-ға өсті.

2002 жылы зейнетақы активтерінай сайынғы өсімі 3%-дан3,5 шегінде тең мөлшерде жүргізілді. Бұл шектен ауытқу тек, тамыз айында 2,8%-ға  өзгергеніне  (бұл  еңбек  демалысымен  зеинетақы  жарналарын  салымшылар  және  жұмыс  берушілердің  аз  мөлшерде  аударуымен  байланысты) және    желтоқсанда  4,6%-ға   өсуінде   (бұл еңбек  ақы бойынша  қарызды  өтеу  мен жылдың  айяғнда  көтермелік  төлемдермен  байланысты) байқалады.

Егерде  алдағы  уақыттарда  зейнетақы  актифтерінің  өсуі  осындай  қарқынмен  (мысалы  валютаға  шыққанда  3,5% көлемінде)жалғасатын  болса,  онда  2003 жылдың  сәуір,   мамыр  айларында  жинақтаушы     зейнетақы  жүйесіндегі таза зейнет ақыактивтерін көлемі  2,0 млрд. долларға жету мүмкін.

Өткен  жылы Қазақстаның жинақтаушы зейнетақы жүесіндегі  негізгі айтулы жағдай ретінде елдің  Президенті  мен  қабылданған  және   қол  қойылған  «Қазақстан  республикасының  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  туралы»  ,,Қазақстан  Республика  заңына   өзгертуер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы”  2003  жылдың  1-ші  қаңтарында  күшіне  заңын  айтуға  болады   .

2002  жылы  нарық  қатысушылардың  сандық  құрамы  мен  жинақтаушы  зейнетақы  қорлардың   инвестициялық  портфелінің  құрамында  маңызды  өзгерістер  болды.

2003  жылдың  басында  Қазақстанда  16  жинақтаушы  зейнетақы  қоры,  оның  ішіне  1  мемлекеттік  (мемлекеттік  жинақтаушы  зейнетақы  қоры,) 2 корпоротивтік  (,,Қазақмыс”  және  ,,Филип Моррис  Қазақстан” )  және  13  ашық  мемлекеттік  емес  жинақтаушы  зейнетақы  қоры  өз  қызметін  жүзеге  асырды.

1-кесте

2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорының құрылымы

  Зейнетақы қорының атауы Зейнетақы активтері млн.тг. Зейнетақы активтеріннің таза сомасы Нарықтық үлесі %
млн.тг. млн.долл.
МЖЗҚ 75 773,8 75 649,5 485,390,14 28,5
«Қазақстан халық банкі» ЖЗҚ 60 831,9 60 797,4 297,4 22,52
Ұлар Үміт 46 504,5 46 349,9 121,3 17,21
ABN AMRO-КАЗПИЙ МУНАЙ ГАЗ 18 922,7 18906,7 81,8 7,00
Сенім 12 757,1 12 740,9 71,6 4,72
Құрмет 11 169,3 11 165,3 56,7 4,13
Қазақмыс 8 857,5 8 841,2 40,0 3,28
Валют-Транзит Фонд 7 888,5 7 879,9 50,6 2,92
Қазақстан 7342,4 7332,3 40,0 2,72
Нефте-Газ-Дем 6 433,4 6 423,8 41,2 2,38
Халық зейнетақы қоры 5 072,3 5 063,4 32,5 1,88
Қорғау 3 916,1 3 914,2 25,1 1,45
Отан 2 595,7 2,595,3 16,7 0,96
Қонаев атындағы МеЖЗҚ 820,9 820,7 5,3 0,30
Филип Моррис Қазақстан 649,1 648,2 4,2 0,24
Капитал 642,1 623,8 4,0 0,23
Барлығы 270 159,2 623,8 1730,8 100,00

№3 РЦБ Қазахстана

5 жылдың  қортындысы  бойынша  зейнетақы  мен   қызмет  көрсету  нарығындағы    жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  пайда  болуынан  бері  зейнетақы   активтерінің  мөлшеріне  байланысты  жинақтаушы   зейнетақы   қорының  3 тобы. /1,б.24/

Зейнетақы  активтерінің  мөлшері  100  млн.   доллардан  4 қор -  мемлекеттік  жинақтаушы  зейнетақы  қоры, “Қазақстанның  халық  банкісінің   жинақтаушы   зейнетақы  қоры, “Ұлар Үміт”, және “ABN AMRO – “Каспий Мұнай Газ”, зейнетақының қызмет көрсету нарығындағы жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінің құрлымы ретінде 1-ші ірі топта құрап және барлық нарықтың 75 % -ын алады. (1 кесте). Нарықтың ө-індей мөлшерін (23,5%-ын) 8 орташа жинақтаушы зейнетақы қоры тобы алады. Оларға «Сенім», «Құрмет», «Қазақмыс», «Мемлекттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры», және «Қорғау» жатады.

Олардың зейнетақы активтерінің мөлшері 20 –дан 100 млн. долларды құрайды. Қалған 4 ұсақ жинақтаушы зейнетақы қоры («Қонаев атындағы МЗЖЗҚ», «Филип Морис Қазақстан», «Отан» және «Капитал») нарықта 2 % -дан төмен мөлшерді қамтиды.

2002 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі жағынан нарықта мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры алдыңғы ордыңғы орыңғы орынды алып келеді. Дегенмен, оның нарықтық үлесі әрдайым төмендеп отырды.

2002 жылдың ішінде ол 4,3%-ға дейін төмендеді. Ал қалған мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры нарықтық үлесінің ауытқуы 1% негізінде болды. Мысалы: жинақтаушы зейнетақы қорының

Нарығындағы өзінің үлесін есепті жылда «Қазақстанның халықтық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» «Отан», «Валют Транзит Фонд» өсіруге мүмкіншілігін алады. Ал кейбір жинақтаушы зейнетақы қоры («ҰларҮміт», Қонаев атындағы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры»,  «Филип Моррис Қазақстан») өзінің нарықтық бағытын өзгеріссіз сақтайды.

Өзінің нарықтағы үлесін төмендетіп алғандарда кездеседі: «Сенім» (-0,2%), және «Қазақмыс» (-0,3).

2-кесте

2002 жылғы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорының өсу қозғалысы

  Зейнетақы қорының атауы Зейнетақы активтеріннің таза сомасы Нарықтық үлесі
Басына 2002ж. аяғына 2002ж. млн.долл. %
МЖЗҚ 58 998,6 75 773,8 16 775,2 28,4
«Қазақстан халық банкі» ЖЗҚ 39 058,1 60 831,90 21 773,8 55,7
Ұлар Үміт 31 452,2 46 504,5 15 052,3 47,9
ABN AMRO-КАЗПИЙ МУНАЙ ГАЗ 12 127,0 18 922,7 6 795,7 56,0
Сенім 9 035,3 12 757,1 3 721,9 41,2
Құрмет 6 507,8 11 169,3 4 661,5 71,6
Қазақмыс 6 482,5 8 857,5 2 375,0 36,6
Валют-Транзит Фонд 4 016,9 7 888,5 3 871,6 96,4
Қазақстан 4 700,1 7 342,4 2 642,3 61,5
Нефте-Газ-Дем 3 982,7 6 433,4 2 450,7 61,5
Халық зейнетақы қоры 2 971,3 5 072,3 2 098,0 70,5
Қорғау 2285,1 3916,1 1631,0 71,4
Отан 114,0 225,95 2481,7 2177,5
Қонаев атындағы МеЖЗҚ 514,7 820,9 306,2 59,5
Филип Моррис Қазақстан 420,6 649,0 228,4 53,4
Капитал 0,0 642,1 624,1         -
Барлығы 182669,7 270159,2 87489,5 47,9

№1 2003 РЦБ Қазахстана

Жоғары да айтып өткендей 2002 жылы жиынтық зейнетақы активтері 87,5 млрд теңгеге немесе 47,9% -ға өсті.

2002 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің өсімі 57,2%-ды құралды. 2002 жылы «Отан» ең үлкен өсімді көретті: оның бір жылдың ішінде 23 есеге өсті. Бұл осы аталған жинақтаушы зейнетақы қоры үшін өте үлкен жетістік. «Валют-Транзит Фонд» өзінің активтерін 2 есеге жуық (+96,4%) өсіреді.

Абсолюттік шамасы бойынша 2002 жыл активтерінің өсуінен «Қазақстанның халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» маңызды жетістікке жетті, оның активтері бір жылдың ішінде 21,8 млрд тенгеге өсті, ал бұл 140,0 млн доллардан жоғары. Осындай өсу қарқыны бойынша 1,5-2 жылдың ішінде бұл қор зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша зейнетақының қызмет көрсету нарығында алға шығуға мүмкіндігі бар (қосымша 3).

2002 жылдың соңына қарай  зейнетақы активтерін басқаруға лицензияны нарық қатысушыларының тоғызы  иемделеді, оның ішінде 8-і зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның ішінде тек 7-уі ғана (қайта қалыптасқан «Нұр-Траст» зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияны қоспағанда) нарықта белсенді қызмет атқарады, яғни зейнетақы активтерін басқарады. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияның толық құрылымы 4-кестеде көрсетілген.

4-кесте

2003 жылдың 1 қантарындағы жағдайға сәйкес зейнетақы активтерін басқару нарығының құрылымы.
ЗАБК атаулары Зейнетақы активтерінің барлығы,млн.тг. Зейнетақы активтерінің таза сомасы Нарықтың үлесі
Млн тг          млн долл
МЖЗҚ 75 773,8 75 649,5 485,4 28,05
Қазақстан Халық банкінің ЗАБК 63 427,6 63 392,7 406,8 23,43
Жетысу 61 795,4 61 614,9 395,3 22,87
ABN AMRO Asset Management 25 268,1 25 247,1 162,0 9,35
ВТА Assent Managemеnet 18 511,7 18 497,6 118,7 6,85
BESTINVEST 12 757,1 12 740,9 81,8 4,72
Актив-Инвест 7 888,5 7 879,9 50,6 2,92
Ақ ниет 4 737,0 4 734,9 30,4 1,75
Нұр-Траст       0,00
Барлығы 270 159,2 269 752, 1 730,8 100,00

№2 2003 РЦБ Қазахстана

4 кестеден көріп отырғанымыздай  2002 жылы зейнетақы  активтерін  басқару нарығының құрылымында маңызды өзгерістер болды.Ұлттық банктің Басқармасының 2002 жылдың 13 қарашасында шыққан №453 қауласына сәйкес ”Нұр-Траст” зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниясына зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру үшін лицензия берілді.

Өкілетті органның бекітілеген ережесіне сәйкес номиналды (К2) және нақты (К3) табыстық коэффициентті толық бір жыл үшін есептеледі. Мысалы көрсетілген коэффиценттер ағымдағы жылдың қандай да бір айлық қорытындысы бойынша бірінші күннен бастап өткен жылғы осы айдың бірінші жұлдызынна есептеледі. Нақты табыстың коэффиценті (К3) Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексін есепке ала отырып бағаланған. Ұлттық банктің мәліметі бойынша 2002 жылы бұл көрсеткіш 106,6 % -ды құрады. Номиналды табыс коэффиценті (К2) жинақтаушы зейнетақы активтерінің табыстылығының есептелген жиынтық қорытысында көрінеді. Осыған орай жылдың басында өсімділік қорытындысымен есептелген зейнетақы активтерінің табыстылық коэффиценті тек өткен жылғы желтоқсанмен, есепті жылдағы желтоқсан бойынша жыл соңындағы номиналды табыстық коэффицентімен сай келеді. Жинақтаушы зейнетақы қорының 2002 жылға арналған табыстылық коэффиценті 5-кестеде көрсетілген.

5-кесте

Жинақтаушы зейнетақы қорының 2002 жылға номиналды (К2) және нақты (К3) табыстылық коэффиценті.

ЖЗҚ атауы 01.2001 ж.-01.2002 ж. 12.2001 ж,-12.2002 ж. 2002 ж.ауытқуы
  К2 К3 К2 К3 К2 К3
МЖЗҚ 15,29 8,76 14,80 7,69 -0,49 -0,07
Қазақстан 16,22 9,65 13,27 6,26 -2,95 -3,39
Құрмет 16,57 9,97 13,27 6,26 -3,30 -3,71
Нефте-газ-дем 16,15 9,58 13,2 6,12 -3,03 -3,46
Қазақмыс 14,89 8,39 13,01 6,02 -1,88 -2,37
Ұлар Үміт 14,34 7,87 12,97 5,98 -1,37 -1,89
Сенім 15,16 8,64 12,91 5,92 -2,25 -2,72
«Қазақста халық банкі»  ЖЗҚ 14,01 7,56 12,71 5,73 -1,30 -1,83
ABN AMRO-Каспий  мұнаи ГАЗ 14,69 8,20 12,64 5,67 -2,05 -2,53
Халық зеинетақы қоры 15,93 9,37 12,46 5,50 -3,47 -3,87
Валют-транзит Фонд 14,67 8,18 12,38 5,42 -2,29 -2,76
Қонаев атындағы  МеЖЗҚ 14,42 7,94 11,87 4,94 -2,55 -3,00
Филип  Моррис  Қазақстан     11,42 4,52    
Қорғау 15,29 8,76 11,36 4,47 -3,93 4,29
Отан     9,87 3,07    
Орташа алғанда   8,45   5,83   -2,62

*№2 РЦБ  Қазқстан  2003ж.

Кестеден көріп  отырғанымыздан 2002  жылдың қорытындысы  бойынша  барлық  жинақтаушы зейнетақы  қоры   зейнетақы    активтерінің  табыстылығы  төмендегі. Бұл  қаржы нарығындағы  оның ішінде  бағалы  қағаздардың  барлық  категориалық  бойынша  табыстылықтың  жалпы төмендегенімен  байланысты.  Ең жоғарғы  табыстылықты мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры иемденеді, себебі, ол жыл ішіндегі номиналды табысының 0,5%-ы ғана ал қалған жинақтаушы зейнетақы қоры 2-3 жыл одан да көп пайызды жоғалтты.

/6,б.23/

Биржа талдаушыларының ойынша бұл жинақтаушы зейнетақы қордың өткен жылдары табыстылыққа  ұмтылмай, өзінің еврооблигациаға салынған инвестициялық табыс ресурстарын сақтай алды және табысты бірте-бірте капиталдандыра отырып зейнетақы нарығындағы жаппай табыстылықтың төмендеуі кезінде өзінің активтерінің табыстылығын көтеруге мүмкіншілік алды.

2002 жылы зейнетақы активтерінің жиынтық инвестициялық портфелінің құрылымы маңызды өзгеріске ұшырады. Бұл негізінен 2002 жылы қазанда  Қазақстанның егемендік қарызы еврооблигацианы жабудың екінші траншы жүргізілуіне байланысты . Еврооблигацианы ұстаушыларға, сыйақыны қоса есептегендегі жалпы төлем көлемі 364,8 млн долларды құрады (немесе 56,4 млрд тенгеге балама).

Негізгі қарыздың барлық көлемінің (350.0 млн. доллар ) 60%-ы отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін алынған тәуелсіз еврообликациялардың екінші эмиссиясын жабу өте маңызды орынға ие болды.Бұл процесс нарық қатысуларының кері жүйесіне қарамай-ақ , олар үшін ешқандай қиындықсыз өтті.

Коммерциялық банктерге тиесілі еврооблигацияны жабудан түскен ақшаның негізгі бөлігі, валюталық нарыққа ауысты, ал босатылған зейнетақы активтері  ішкі  мемлекеттік  бағалы  қағаздарды  (МЕОКАМ-ға, Ұлттық банктің ноталарына) және  корпаративтік  бағалы қағаздары (мысалы,Қазақстанның  Даму  банксінің облигациясына) алуға  бағытталады.

2002 жылдың қорытындысы  бойынша  жинақтаушы зейнетақы қорының  портфелінің  агрегатталуының  құрылымы  6-кестеде көрсетілген.

6-кесте

2002 жылдың қорытындысы бойынша агретталған инвестициялық портфельдің құрылымы*

Қаржы құрылымның атауы Жыл басына % Жыл соңына % Ауықты %
Мемлекеттік бағалы қағаздары, барлығы Оның ішінде: 1)айналу мерзімі 1жылдан төмен, тг-мен белгіленген қысқа мерзімдік ішкі МҚБ (Ұб ноталары, МЕККАМ) 60,81   5,16          48,17     12,43 12,64     7,27
2) Қаржы министірлігінің айналу мерзімі 1ж. Асатын, тг-де белгіленген орта және ұсақ мерзімдік ішкі МҚБ (МЕОКАН, МЕЙКАМ, МЕАКАМ)     10,95     12,54     1,59
3) Қазақстанның егемендік қарызының врооблигация       44,05   22,76   21,29
4)  Қазақстанның жергілікті атқару органдарының АҚШдголларында белгілеген муниципалдық облигациялар 0,65 0,44 0,21
   Қазақстандық эмитенттердің мемлекттік емес қаржылық инстументтері, барлығы оның ішінде: 1) теңгемен номиналданған қазақстандық эмитенттердің акциясы 32,47       3,64 37,04       3,85 4,59       0,21
2) теңгемен және АҚШ доларымен номиналданған қазақстандық эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 20,17 24,33 4,16
3) теңгемен номиналданған дипозиттер және дипозтиттік сертификаттар 0,87 4,99 4,12
4) АҚШ долларымен номиналданған дипозиттер және депозиттік сертификаттар 7,79 0,87 -6,92
Шетел валютасымен номиналданған Шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары Оның ішінде: 1) шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары 6,71       - 14,80       4,92 8,09       -
2) шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 3,06 3,13 0,07
3) халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары 3,65 6,75 3,10
Портфелдегі бағалы 100,00 100,00  

*№2 РЦБ  Қазқстан  2003ж.

6-кестеде көріп отырғанымызды Қазақстанның егемендік қарызының еврооблигациясы 2002 жылдың қазан айында бұл мемлекеттік бағалы қағаздар категориясына екінші эмиссиясын жапқаннан кейін екі есеге дейін азайады.

Бұл жалпы алғанда мемлекеттік бағалы қағаздардың жиынтық портфелінің 12,64%-ға қысқаруына әкелді. Осымен қатар, отандық эмитенттердің корпоративтік облигациялардың  (+4,16%), теңгелік депозиттердің (+7,12) шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын (+8,09%) оның ішінде, шет мемлекеттердің мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары (+4,92%) және ХҚҰ-ның бағалы қағаздарының (+3,10%-ға), үлесінің маңызды өсуін айтуға болады. Көлемінің маңызды қысқаруы валюталдық депозитте (-6,92%) байқалады.

2002 жылы жалпы алғанда зейнетақы активтерін инвестициялаудың құралдары басқадай сапалы жаңа қаржы құралдарымен, егер шетел эмитентерініәң бағалы қағаздарын ескермесек, толықтырылған жоқ.

Зейнетақылық қызмет көрсету нарығында, зейнетақы активтерін инвестициялау үшін құрал жабдықтарының тапшылығынан басқа шешілмеген мәселелер қатары баршылық.

2003 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енген зейнетақы заңдылықтарына енгізілген жаңа өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелерін шешеді деп танылады.

2.3 ЖЗҚ қызметіне экономикалық талдау

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қазіргі қаржылық менеджментті сипатайттын негізгі ерекшеліктерді атап өтуге болады:

  • Әкімшіліктік-шаруашылықтық шағындардың өсуімен жүргізілетін (меншік капиталының көлеміндегі жарғылық капиталдарының көлемі 100%-тен асатын жинақтаушы зейнетақы қорларының бірінші тобы) менеджмент;
  • Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметінен келіп түсетін таза табыстың өсуімен жүргізілетін (меншік капиталының көлеміндегі жарғылық капиталдың қөлемі 30%-дан аспайтын жинақтаушы зейнетақы қорларының екінші тобы) менеджмент;
  • Салымшыларға қатысты пасивтік қызмет ететін және төмен шағындарды қажет ететін (меншік капиталының көлеміндегі жарғылық капиталының үлесі 30% және одан жоғары, алайда 100%-дан ары емес жинақтаушы зейнетақы қорларының үшінші тобы) менеджмент;

Меншік капиталдың өсу динамикасы маңызды. Жинақтық қорлардың капиталға айналуына байланысты оларға қойылатын талаптардың арта түсуінің жағдайында қорлардың қаржылық қызметін бақылау органдарының ЖЗҚ меншік және жарғылық  капиталдың өсу динамикасы қатынастығының көрсеткішін өз жұмысында қолдана бастауы қажет. Немесе осы көрсеткішті тіпті пруденциалдық норматив ретінде де енгізуге болады, өйткені ол меншік капиталдың өсімін сөзсіз тездетеді. Меншік капиталдың көлемі жарғылық  капиталдың көлемінен  төмен болмауы тиіс, өйткені меншік капитал өзінің құрамында  қосымша комиссиялық сыйақылар түріндегі табыстады, меншік капиталды инвестициялаудан алынған  табыстарды қамтиды. Бұл көрсеткіштің төмендеуі қаражаттардың әкімшілік-шаруашылық қажеттерге асыра жұмсалғанын немесе қордың табыстарының жеткіліксіз екендігін білдіреді.

Жинақтық қорлардың жалпы табыстары 4 млрд. теңгеден  астам, ал жалпы шығындары 3 млрд. теңгеден астам деңгейде құралды.

Мемлекеттік  жинақтаушы зейнетақы қоры (МНЗҚ) ең тиімді жұмыс істейтін жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады. Бұның себебі мынада: табыстардың жеткілікті көлеміне жеткендігі - сапалы қаржалық менеджментінің, қаржыларды кәсіптік деңгейде басқара алатындығын, қаржалық  рыноктағы өзгерістерді есепке алып, алдын ала біліп, ауыспалы жағдайларға дер кезінде бейімделе алатынын білдіреді; қордың қатарында  кәсіптік деңгейде жұмыс істей алатын қаржылық менеджерлер бар; қордың шағындары негіздемен; қор өзінің құрылтайшылары, бұл жағдайда - мемлекет үшін уақытылы, тұрақты, жоғары көлемдегі дивидендтердің төленуін қамтамасыз етеді.

Қаржылық менеджмент нәтижелерің маңызды көрсеткіштерінің бірі-таза табыстың көлемі болып табылады (жалпы шағындарды алып тастағандағы жалпы табыстар).

Таза табыс салық салуға дейінгі және салық салудан кейінгі таза табысқа бөлінеді. Осы екі параметрлердің қаралуының себебі теріс көрсеткіші бар жинақтаушы зейнетақы қорларында табыс салығының төлемдері жүзеге асырылмайтынына байланысты. Оң нәтижелер кезінде таза табысты акционерлерге олардың дивидендтерін алу үшін жіберілетін ақша төлемдерін бағалау мақсатымен салықтарды төлегеннен кейін ғана барып қараған қажет сияқты.

Таза табыстың теріс мәнінің бар болуын келесі екі жағдайдың орын алуымен түсіндіруге болады: өзінің нақтылануы мен қайта қаралуын қажет ететін қаржылық менеджементтің жете дұрыс емес стратегиясы жүргізіледі; ЖЗҚ өзінің шағынсыздық шегі жөнінде хабарсыз.

Экономикалық әдебиеттерде шағынсыздық шегі деп өндірілген өнімді немесе қызмет көрсетуге сатудан түскен түсім мөлшері осы өнімнің немесе қызмет көрсетудің өндірілуінің және айналымының шағындарына тең ететіндей қызмет деңгейінде жетуді атайды. Салық салудан кейін таза табысқа жету үшін әр ЖЗҚ шағынсыздық шегіне асып өтуі тиіс, яғни табыстары мен шағындары бойынша оған шағынсыздық шегіне сәйкес келетін таза табыс мөлшерінен өтуге және асып түсуге мүмкіндік беретін қызмет деңгейіне жетуі тиіс.

Осылайша, табыстардың шағындарға қатынастыға жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің болашағын көрнекті түрде бейнелейді.Осыған байланысты, біз осы коэффицентті жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық менеджменті сапасының көрсеткіштерінің бірі ретінде енгізуге ұсынамыз.

Осы коэффицентті ай сайын есептеп отыру барысында зейнетақылық қорлар деп кезінде қаржылық шешім қабылдауға және алынып жатқат табыстардан шағындардың асырылуына жол бермеуге қол жеткізе алады.Объективтік себептерге байланысты шағындарды көбейту қажеттігі туындағанда менеджерлер табысты көбейтудің амалын іздеуге тиіс болады да, соның нәтижесінде зейнетақылық қорлардың табыстарының негізгі көзі болып табылатын инвестициялық қызмет бойынша жұмыстың оңтайландыруын жүргізу бастайды және шағындарды азайтады. Бұның алдында шағындар құрылысының талдуы жүргізіледі.Ең алдымен еңбекақы қорына қөңіл бөлген дұрыс және қажет болса  оны азайтып тастаған жөн. Бұл-қордың табысы төмен-қызметкерлердің табысы, төмен, деп аталатын экономикалық заңдарға сәйкес болады да жұмысқа сапалы көз қарас танытуға қуатты ант тудырады. Тағы бір маңызды көз қарас-ол, автоматтандыру, өйткені оның арқасында жұмыс орындарын қысқартуға және оларға кететін шағындарды төмендетуге мүмкіндік туады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын түзету үшін жинақтаушызейнетақы қорларының қаржылық менеджментінің жүйесін келесі бағытта жүргізу қажет: зейнетақы қорының зейнетақылық және мешік активтері бойынша қаржылық қызметінің талдауын жүзеге асыру; табыстар мен шағындардың бюджеттеуін жүзеге асыру; табыстар мен шағындардың бюджеттеуін жүзеге асыру; маркетингтік жоспарларын әзірлей отырып даму жоспарының стратегиялық жоспарларын әзірлеу, қаржылық сауықтыру мақсаттары үшін мүлік кешенің қайта құрылымдауын жүргізу, нарықтағы үлесін бағалау, қызметінің көрсеткіштерінің құраламы мен диномикосын, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің позитивтік нәтижелерінің болжалдық үлгірерін жүзеге асыру.

ІІІ бөлім. 3.1 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жинақтаушы  зейнетақы қорларын дамыту және жетілдіру жолдары.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары қалыптасып жұмыс жасағаннан бері соңғы мақсатқа жету үшін шешілуі алдынғы жолға қойылған ірілі, ұсақты мәселерді туғызып отыр. Егер, үлкен мәселелер көпшілік алдында талқылап оларды жақын уақыттарда шешілуінен үміттенсек, ал «ұсақ» мәселелер шынына келгенде маңыздырақ емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған зейнетақы активтері зейнетақы қорларының инвестициялық  портфелінде маңызды үлес алуын жалғастыруда. Бұл біздің әрқашан айтып жүрген және маңызды араласуды қажет ететін мәселе болып табылады.

Соңғы кездері мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорды жекешелендіру туралы болжамды қайтадан айта бастады. Негізінен, менің ойымша мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендіруі тиіс. Бұл кезде кейбір шарттар сақталуы тиіс. Мысалы:

- мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының жекешелендірілуі аяқастынан болмауы тиіс;

-  мемлекеттік жинақтаушы зеинетақы қорының салымшыларына 3 айдан 6 айға дейін берілуі қажет. Өйткені олардың осы жаңа жекешеленген қорда қалатындығы немесе басқа кез келген мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына көшетіндігі жөніндегі таңдауы анықталуы керек;

-  мемлекеттік жинақтауыш зейнетақы қорының салымшылары

ойластырылған таңдау жасауы үшін жекешелендіру іс-шаралары жарияланған және оның болуы қажет. Осымен бірге, барлық салымшылар жекешелендірудің механизмі мен өткізу уақыты жөнінде жалпы ақпарат көздері арқылы жан-жақты толықтырылуы қажет;

  • егер қазіргі таңда мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы жүйесінде монополист болып табылса, онда бұл жекешелендіру кезінде  ескеріліу қажет. Егер салымшыларға жеткілікті уақыт мерзімі берілсе, онда дұрыс таңдау жасайды деп есептеймін;
  • мемлекеттік жинақтауышы зейнетақы қоры  жекешелендіру фактісі ,өз кезегінде шешілуі қажетті сұрақтарды туғызады.  Мемлекеттік жинақтауышы зейнетақы қорының активтерін өзі басқаратындығы белгілі. Оны жекешелендіргеннен кейін зейнетақы активтерін жаңа қалыптасқан қор өзі басқарма немесе зейнетақы активтерін басқаруды қандай да бір  зейнетақы активтерін басқаруды бойынша компанияға беруі тиіс пе деген мәселелерді шешуі қажет;
  • Зейнетақы активтерін басқаруды зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияға беру немесе бұл қызметті зейнетақы қорларына өзіне беру немесе бұл қызметті қорларға құқық ретінде яғни, егер қаласа өзі басқарады, қаламаса зейнетақы активтерін басқаруды бойынша компанияға беру сияқты варианттар ұсынылуда.(9,б.106)

Жинақтауышы зейнетақы жарналарының жиналу мәселелері туралы да айта кетейін. Осы мәселені кең етек алуы туралы кейбір факторлар тусе бастады. Егер уақытында шаралар қолданбасақ бұл барлық зейнетақы жүйесі үшін қолайсыз жағдай салдарына әкелу қауіпі бар. Мысалы: жылдар бойы міндетті зейнетақы жарналарын төлемейтін және өзінің  зеинетақы  қорын мүмкіндігі  туралы ақшаның жоқтығымен, күрделі қаржылық  жағдайға  байланысты зейнетақы жарналарын алдын ала төлей алмайтынын алға тартатын кәсіпорындар бар және т.б. Осыған қарамастан осы кәсіпорын қызмет етуі жалғастыруда. Кәсіпорынның бухгалтериясында зейнетақы жарналары еңбекақыны төлеумен қатар бір мезгілде жүргізілетіні белгілі. Егер кәсіпорын қызмет етсе, онда өте төмен болса да жалақы төлейді, оңай болса зейнетақы жарналары қаншалықты болса да түсуі тиіс. Бұдан тек  бір ғана қорытынды шығады. Кәсіпорын жалақы төлей отырып, зейнетақы жарналарын ұстай отырып және оны жинақтауышы зейнетақы қорына аудармай Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы» заңсыз және «Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» салық  кодексін бұзып отыр. Кәсіпорын бұл қаражаттарды өзінің ағымдық қаражаттарына қолданып отыр.

Зейнетақы қорларының өмірде кезекті ретін және алдын ала  қарастырылмаған  тағы да бір мәселесі бар. Кәсіпорын банкрот болуы кезінде Қазақстан Республикасы «Банкроттық туралы» заңының 75 бабына сәйкес еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу үшінші кезекке қойылған, ал міндетті зейнетақы жарналары туралы айтылмаған. Дегенмен, міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің жалақысынан ұсталады және осыған орай оның құрамды бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңына  сәйкес төлем көзінен ұсталған міндетті зейнетақы қорлары жинақтауышы зейнетақы қорына табысты төлеу мен бір мезгілде аударылуы тиіс. Осыдан шыға отырып, банкроттық кезінде ұсталған және өз уақытында аударылмаған. Дгенмен, міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің жалақысынан ұсталады және осыған орай оның құрамында бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес төлем көзінен ұсталған міндетті зейнетақы қорлары жинақтаушы зейнетақы қорларына табысты төлеу мен бір мезгілде аударылуы тиіс. Осыдан шыға отырып, банкроттық кезінде ұсталған және өз уақытында аударылмаған.

міндетті зейнетақы жарналары жинақтаушы зейнетақы қарларына жалақы бойынша арызды төлеумен бір мезгілде үшінші кезек бойынша аударылуы тиіс. / 1O,б.17/

Тәжірибеде банкроттық кезенде ұсталынған және өз уақытында аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары төртінші немесе бесінші кезекке қойылады, бұл жинақтаушы зейнетақы қор салымшылардың мүддесін төмендетіп, оларды зейнетақы жинақтарын жинаудан негіссіз айырыды. Тағы да заң бұзышылық туындайды.

Мемлекеттік реттеуші органның басшылары жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеуші комитетін төрағасы Бутин мырза қазіргі таңда мынадай мәселелерді атап көрсетеді:

  • Құқықтық инфрақұрылым жағдайы мен байланысты ;
  • Жұмыс берушілермен міндетті зейнетақы жарналарын төлемеуі және өз уақытында аудармауы мен байланысты;
  • Өмрлік төлем сызбасын ендірумен байланысты;
  • Зейнетақы активтерін орналастыру үшін қаржы қүралдарының жеткіліксіздігімен байланысты мәселелер.

Осы мәселелерді шешу мен байланысты мынадай ұсыеныстар қарастырылған. Жинақтаушы зейнетақы қорының салымсшылар арасындағы

жауаптылығы декларациялық сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарын  толық немесе ішінара залалы кезінде шығындарды жабудың механизмі мен жауапкершілік толық түрде анықталанбаған. Салымшымен салынған міндетті зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс оның меншігі болып табылғанына байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйелерінің субьектілері арасындағы ерекше қатынысты ескере отырып заңды жинақтаушы  зейнетақы қоры қағидалары мен жауапкершілік нормасы көрінуі қажет.

Жарналардың аударылуын кешіктіру үшін айыппұлдар санкция түріндегі жауапкершілік сұрағы толығы мен қарастылмаған, тіпті аударымдар мен төлемдерді кешіктіру үшін  айыппұлдың санкциялары бекітілмегенде. Дегенмен, айппұлдың санкуиялары шаруашылық субьектілері арасында келісім шарт деңгейінде бекітілуі мүмкін екендігін Бутин мырза қарастырыды. Бірақта, мұндай тәжірибе  бірыңғай болмайды, онда да жарналарды төлеушілерге қатысы бойынша жасалған сияқты санкцияның заң мен бекітілгені дұрыс.

Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі жөнінде айтқан кезде  мынандай екі жақты жағдайы ескеруге болады. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының эмиссиның саны мен клемнің жетіспеушілігі және жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың зейнетақы қорларының жоғары қарқынды өсуі, инвестициялық тәуекелдерінің деңгейінен бірдей емес кезінде зейнетақы жинақтарын орналастыру төменгі табыстылық мөлшерінде жүргізілуі мәжбүрлену және салымшылардың  инвестициялық табысының төмендеуі қалыптасқан.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы халақтың төмен мәлімет алмауы да қазір шешуін таппаған мәселелердің бірі. Бұл құбылыста пайда болу себептерінің бірі зейнетақы қорларының қызмет етуіндегі айқындылықтың және олардың қызметі туралы ақпараттың жоқтығы.

Төлейтін кәсіпорындар мәселесін шешуге мынадай ұсыныстар жасауға болады:

- зейнетақы қорларын аударуды міндетті төлемдер қатарына жатқызу керек;

-  салық органдарына  төлемейтін кәсіпорындардан зейнетақы қорларын уақтылы аудармағаны үшін айппұл үшін айппұл алу құқығын беру және бұл соманы сәйкесінде жинақтаушы зейнетақы қорына аулару керек. Бұл кезде, бұл құқ бұзушылық үшін айппұл  санкциясының мөлшері қайта  қаржыландыру мөлшерінен аспауы қарастыру міндетті.

Қазақстаннаң жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дами бастауынан-ақ салымшының жинақтаушы зейнетақы қоран таңдау құқығы алға қойылған. Нақты өмірде бұл күрделірек және бұл еркіндік кей  жерлерде бола бермейді. Бұл жерде менің аитайын дегенім жұмысшының өзінің жұмыс беруші адамы нұсқаған жинақ қорына салымшы болып табылатындығы. Қандай жұмысшы өзінің басшысына қарап шығады, тіпті ол үшін жинақтаушы зйенетақы қорын таңдау дәеегіне кірмейді де. Осы жайында қорлар арасында “ салымшының “өзінің”жинақтаушы зейнетақы қорын таңдағанын жұмыс берушіден қалай құпия сақтауға болады?” деген тақарыпта үлкен сұрақ-жауап өткізілді. Көптеген ұсыныстар айтылып, соның ішінде Польшалық ЗУС секілді Қазақстанда қйым енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды. Бұл барлық ұйымдар мен кәсіпорындар зейнетақы жарналары біріктірілетін мемлекеттік ұйым.

Бұдан әрбір салымшының жарнасы сәйкесінде зейнетақы қорына түседі. Бұл кезде зейнетақы жарнасы ұйымнан ЗУС-қа келіп түседі, және кәсіпорынның басшысына бұл іс-әрекет белгісіз болады. Жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінің өсімтал дамуы, тұрғындар жағынан оған деген сенімнің артуы, міндетті салымдар бойынша, сонымен қатар ерікті салымдар бойынша жаңа салымшылардың тартылуы және қорына келгенде зйенетақы активтерінің өсуі көбінесе оларға тиімді басқаруға байланысты. Қазіргі таңда мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының  зейнетақы қорының зейнетақы активтерін заңға сәйкес зейнетақы активтерін басқару бойынша компания жүргізеді. Дегенмен зейнетақымен қамтамасыз етуші заңға өзгерістер енгізу кезінде зейнетақы активтерінің өздері басқаруға жол беріледі. /11,б.43/

Зейнетақы активтерін тиімді басқару негізгі 2 элементтен табыстылық және тәуекелден тұрады.осы аталған элементтердің арасындағы оңтайлы тепе-теңдік негізінен зейнетақы ативтерін оңтайлы басқаруды анықтайды.Бірақ та,зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияның қызметі турала жариялнған мәліменттер салымшылар үшін табыстылық бойынша, жинақтаушы зейнетақы қоры портфелінің құрылымымен тартылған активтердің жиынтығы бойынша ақпарат береді және осы ақпарат бойынша салымшылар негізінен табыстылығын бағыттай алады. Табыстылық, зеинетақы активтерін басқары жөніндегі компания жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысшысынің маңызды көрсеткіші екені сөзсіз бірақ табасқа бір элементі –активтерді басқару тәуекелін естен шығармауымыз керек.Зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияның жағынан жинақтаушы зейнетақы қорының эталондық инвестициялық портфел деп аталатын баламалы үлгілік әдістемесін құру ұсынады.Бұл .әдістеме инвестициялау бойынша қызмет ететін шек көлемінде барлық жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша орташаланған инвестициялық портфелін құруға негізделген. Нақты бір қордынң портфелін “эталондықты”салыстыра отырып зейнетақы активтерін басқару бойынша компания және жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысы туралы объективті шешім қабылдауға болады.

Қорытынды

Қазақстандағы экономиканың тұрақтала бастаған жағдайындағы ЗЖҚ қаржы нарықтарында маңызды роль атқара бастады. Халық қазіргі кезде қандай зейнетақы қорына өзінің зейнетақы жинаған ауыстыруғанемесе оларды таңдауға толық құқығы бар екендігіне көздері жетті. Әрбір зейнетақы қорының табыстылығын бақылап отыруды да қолға алғандар бар, ойткені оны тап басып біліп отыру адамдардың ертенгі күнге үмітпен қарауына мүмкіндік береді.

Бірақ өткен жалғы есеп беруде кейбір зейнетақы қорларының табыстылығы төмендегені туралы баспасөз құралдарында жарияланды.

Жалпы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың мендетті және ерікті зейнетақы жарнарларын, сандарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы қоры – салымшылардың мендетті және ерікті зейнетақй жарнарлан, сандарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, осындай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті және осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтері жөніндегі копания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңдарды тұлға.

Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушызейнетақы жүйесі болып табылады.Мұнда әрбір жұмысшы жұмыс істеу барысында зейнетақы қорларына жарнарларын аударады, қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы  инвестицияға қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке зейнетақы мен қамтамасыз етуіне кетеді.

Жақын арада кейбір жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін дербес басқаруға көшетінін күтуімізге болады. Себебі, жинақтаушы зейнетақы қора үшін қызығушылық үлкен зейнетақы жарнасынан зейнетақы қоры үшін  қызығушылық үлкен зейнетақы жарнасынан жеке инвестициялық табыстан түсетін комиссиондық сыйақының зейнетақы активтерін   инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен бөлісу керек емес. Оның ішінде, зейнетақы заңдылығындағы шеткі мөлшермесі 10%-дан 15%-ға дейін көбейтіледі. Бірақта, зейнетақы активтерін дербесбасқаруға көшу процессі көптеген  жинақтаушы зейнетақы қорлар үшін келесідей себептерге байланыста ұзақ әрі қиын болуы мүмкін.

Біріншіден, өкілетті орган – лицензиялар тарапынан қатаң нормативтік талаптарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензия алу іс-әрекетінің өзі қиынға түседі. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компавния лицензиялау тәжірибесі көрсетіп отырғандай лицензия алу үшін жеткілікті ұзақ мерзімді қамтуы (бірнеше айға созылу). Яғни, осы жылдың ішінде қандай-да бір

Жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға көшуі бола қщймас деп тұжырымдауға болады.

Екіншіден, зейнетақы активтерін инвестичиалық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында зейнетақы активтерін басқару құқығы үшін бәсекелестік күрес қалыптасты. Бұрыннан қвзмет етуші зейнетақы активтерін басқару бойнша компаниясы бай тәжірбие, жоғары сауатты мамандары және қазіргі бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді иемдене отырып, зейнетақы активтерін инвестичалықбасқаруда жинақтаушы зейнетақы қордан нақты артықшылығы болады. Кез келген зейнетақы активтерін басқару бойынша компания зеинетақы активтерін басқарудағы маңызды бөлігін және сәйкесінше нарықтағы үлесін жоғалтқысы келмейтініне мүдделі.   Әр түрлі елдерге көп сатылы зейнетақы жүйесіне көшудің нақты жолдары да ұсынылған. Әсіресе ірі ауқымды мемлекеттік жинақтаушы бағдарламалары және едәуір ежелгі халқы бар елдер үшін (оларға барлық дамыған елдер, Ресей, Т.М.Д мемлекеттері және Орта  және  Шығыс  еуропа елдері жатады).Бірінші қадам зейнетақыға шығу жасын көтеру, зейнетақыға жастай шығу жағдайын қатандату және жай шығуды марапаттау, жеңілдіктерді төмендегі, пособияларды және т.б. төмендету арқылы мемлекеттік зейнетақы жоспары  реформасын  жүргізуде болуы тиіс. Бұл  реформалар қазір көптеген  дамыған елдерде  кең пайдаланылады.Және де қазіргі  жағдайда  Қазақстанда да  осы  қадамға  байланысты зейнеткерлердің жасын  әйелдер  үшін 58 еркектер үшін 63-ке көтерді.

Алдағы уақытта зейнетке шығу уақыты  Қазақстанда тағы 2-4 жылға өседі деген  болжам бар.

Қазақстанның зейнетақы мен қызмет көрсету нарығында,бүгінгі күні, басқа қаржы нарығының сегменттерінен айырмашылығы, тұрақты түрде дамып келе жатқанын айта кетуге болады. 1998 жылдың қатарынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің елде қызмет еткеніне 5 жылдан асып отыр.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2006 жылдың басында зейнетақы активтерінің таза соммасы 269,8 млрд тг. Немесе 1730,8 млн. долларды құрады. Жалпы алғанда 2005 жылға жинақтаушы зейентақы активтері теңгемен шаққанда 47,9-ға, және доллармен 43,2-ға өсті. 2005 жылы зейнетақы активтерінің ай сайынғы өсімі 3%-дан 3,5 шегінде тең мөлшерде жүргізіледі. Бұл шектен ауытқу тек, тамыз айында 2,8%-ға өзгергенінде (бұл еңбек демалысымен зейнетақы журналын салымшылар және жұмыс берушілердің аз мөлшерде аударуымен байланысты) және желтоқсанда 4,6%-ға өсуінде (бұл еңбек ақы бойынша қарызды өту мен жылдың аяғындағы көтермелік төлемдермен байланысты) байқалады.

Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі жөнінде айтқан кезде мынадай екі жақты жағдайды ескеруге болады. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының эмиссиясының саны мен көлемінің жетіспеушілігі және жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың зейнетақы қорларының жоғары қарқынды өсуі, инвестициялық тәуекелдердің деңгейінің бірдей  емес кезінде зейнетақы жинақтарын орналастыру төменгі табысылық мөлшерінде жүргізілуі мәжбірленуі және салымшылардың  инвестициялық табысының төмендеуі қалыптасқан.

Қорыта келгенде, зейнетақы реформасының тәжірбиесі біздің елімізде қарқынды жүре отырып Республикамыздың әрбір азаматының мемлекет пен өзінің келешегіне зор үмітпен және сеніммен қарауына болады. Әрине бұндай нәтижеге біз тек мемлекеттіміздің қаржы нарығындағы  барлық құрлымдардың жұмыла іс атқаруынан кейін жететініміз анық. Сонымен қатар қтардағы зейнетақы жинақтаушы азаматтар да бұл іске жауапкершілікпен қатар және зейнетақы жинақтау қорын таңдауды да саналы түрде іске асырған кезінде осындай көкейдегі нәтижеге жетіуімізге болады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы -2005жыл
  1. Справочник нормативных правовых актов, применяемых в работе ГЦВП –Астана 2004 год
  2. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» -Астана 2005ж
  3. Системы управления базами данных и знаний: Спра­вочное издание./ Под ред. А.Н. Наумова. - М.: Фи­нансы и статистика.
  4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
  5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001
  6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000
  7. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999
  8. А.Ө.Биярова “Экономикалық кибернетика”. Оқу құралы. Алматы, 2001

Похожие материалы