Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - Атырауда 2017 жылдың екінші жартысында 291,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни 12 үй, 717 пәтер. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Сондай-ақ, Атырау облысында ипотекаға үй алу қолжетімді болады. «Бұрын екінші деңгейлі банктер ипотеканы жылдық 17 пайызбен берген болса, қазір ипотека беруді мүлдем тоқтатып тастады. Ал осы бағдарлама арқылы мемлекет ипотекалық қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 6-7 пайыз субсидиялайтын болады», - деді Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов.
Нәтижесінде қарыз алушының ай сайынғы төлемі 30-40 пайызға азаяды.