Алматы. 21 шілде. 7kun.kz - Халықаралық шахмат күніне орай, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызметкерлері мен Жансая Әбдімәліктің Шахмат академиясы шәкірттерінің арасында турнир өтті. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.
"Бұл турнир - ұрпақтар жарысы. Бұл шара «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жансая Әбдімәліктің Шахмат академиясы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен құрылған. Ал бүгінгі ойынға қарап шахматтың жоғары деңгейге өскенін, ісіміздің оң екенін көріп отырмыз.»,- деді Қордың Алматы филиалының директоры Алмат Нұрахметов
Оның айтуынша, алдағы уақытта қордың қолдауымен Алматы қаласында шахмат академиясының екі филиалы ашылады.
"Мұндай турнир осы уақытқа дейін ешқайда ұйымдастырылмаған. Біздің академияның "академиктері" (шахмат академиясының үйренушілері өздерін академиктер деп атайды - ред.) бұл шараға үлкен дайындықпен келді. Бүгін қызық тартыс болғалы тұр",-деді Жансая Әбдімәлік.
Оның айтуынша, шахмат академиясынының үйренушілерін болашақта көптеген жетістіктер күтіп тұр.
Қаржыгерлер мен Жансая Әбдімәліктің Шахмат академиясы шәкірттерінің арасында өткен турнирге "Халық банк" АҚ, "БанкЦентрКредит" АҚ, "Форте Банк" АҚ, "НұрБанк" АҚ, "Сбербанк" АҚ, "Казкомерцбанк" АҚ және "Даму" қорының қызметкерлері қатысты.
Нәтижесінде балалардың арасында барлығы үздік болып танылды. Ал қаржыгерлер арасындағы үздіктер: Ахат Аришев (Халық Банк), Малика Джумабаева (ҚазКом) Алексей Затуринский (СберБанк), Арман Жетпіс («Даму»), Ермек Қазым («Даму»), Еламан Баймаханов (БанкЦентрКредит).
Шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар, шахмат жиынтықтары тапсырылды.