Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - Моңғолия президенті Баттулга Халтмаа елдегі мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жариялады. Президент офшорлық аймақтағы қаржыны 49 тәулікте елге қайтаруды талап етті. Бұл туралы ca-news.org. хабарлады.
Моңғолияның 49 азаматының офшорлық есеп-шоты бар деген ақпарат тараған. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, саясаткерлер және олардың жақтастары бар. Ел президенті 24 шілдеден бастап 49 тәулікте офшорлық шоттағы қаржыларды қайтарып, орталық «Моңғол Банкке» аударуды талап етті. Егер аталған тұлғалар талапты орындамаса оларға қатысты мәліметтер жария етіліп, заңға сәйкес жауапкершілікке тарту көзделген.