Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық 65 студент Польшада тегін оқитын болды

Қазақстандық 65 студент Польшада тегін оқитын болды

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz - Алматы облысының 65 студенті Польшада тегін оқитын болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бастаған жетісулық делегацияның Польша Республикасының Люблин воеводтығына жасаған сапары барысында келісілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Екі тарап Қазақстанның 35 студентін, орта буынды медицина қызметкерлерін еуропалық бағдарламамен дайындау мақсатында 3,5 жыл Люблин және Бяла-Подляска қалаларындағы поляк университеттерінде оқыту жөнінде шешімге келді. Сонымен қатар экономика, менеджмент және информатика бойынша 30 маманды оқыту туралы да келісілді. Қазақстандықтардың оқуы мен Польшада тұру шығындарының барлығын поляк жағы көтеретін болады.

Похожие материалы