Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Латын Америкасына экономикалық-географиялық сипаттама

Латын Америкасына экономикалық-географиялық сипаттама

Латын    Америкасы   деп   АҚШ   пен   Антарктида    аралығында  орналасқан    Батыс   жарты    шардағы   ауданды   айтады. Оған  Мексика, Орталық    Америка   елдері, Вест –  Индия   және  Оңтүстік  Америка   кіреді. Мексика, Орталық    Америка   және  Вест – Индияны  кейде  Мезоамерика   субауданына   біріктіреді  ( Орталық  Америка ). Оңтүстік  Америкада   екі  субауданды  ажыратады: Анд  елдері – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, боливия,  Чили  және  Ла- Плата  елдері  немесе  атланттық  - Аргентина, Уругвай,  Парагвай, Бразилия. Соңғы  субауданда  алғашқы  үш  елді   Чилимен  қоса  жиі   Оңтүстік  конус   субауданына   біріктіреді.

«Латын    Америка»   түсінігі   дүниенің   осы   бөлігіндегі    Пиреней   түбегінің    роман    халықтары   испандықтардың   және   португалдықтардың   тілі, мәдениеті   мен    дәстүрінің    ықпалымен   тарихи  қалыптасқан  ұғым. Олар   16 – 17   ғасырларда    Американың    осы   бөлігін   жаулап  алып, оны  отарлады   және  осында   қалыптасқан    ұлттардың   маңызды   бөлігін   құрады.  Европаның    басқа    елдерінің   -  Ұлыбритания, Франция, Нидерландының    отарлау    жаулап  алушылықтары  көп  болған  жоқ  және   кем   басталған,  сәйкесінше   оның   халықтарының   ұлттық  әсері  айтарлықтай   көп  емес.  Қазіргі   таңда   Латын    Америкасының  33  саяси  лербес  мемлекеттерінің    18-  інде  ресми   және  басым  тіл – испан тілі  ( халықтың   63% ); Бразилияда    ( халықтың   34% ) – португал, ал   14   кішігірім    елдерде    ( халықтың   3%  )   ресми    тіл   болып   француз   тілі   ( Гаити )   жарияланған,  ағылшын   Гайана, Тринидад-и Тобаго, Барбадос, Ямайка , Багам    аралдары  , Гренада, Доминика, Сент  -  Люсия, Сент- Винсент  және  Гренадин, Сент- Кристофер   және  Невис, Антигуа   и Барбуда,  Белиз  және   голланд тілі  суринамда. Соңғы  жылдары   Вест-Индияның   көлемді      емес    жерлері   тәуелсіздік  алуына  байланысты    және  Белиз, Гайана, Суринам    « Кариб   елдері »   географиялық   субауданына   біріктіріліп  жүр. Ал    барлық   аймақ   БҰҰ- ның  номенклатурасында    «  Латын  Америкасы   және  Кариб  елдері » деп  аталады. Алайда  ресми  құжаттардан   тысқары  бұл   аймақты  ескі  дәстүр  бойынша   Латын    Америкасы   деп   атайды.

Латын    Америкасы  елдері   тарихи   жағдайлардың  және  қазіргі  әлеуметтік – экономикалық   дамудың    жағдайларын  біріктіреді. Бұлардың  бәрі  ұлттық   тәуелсіздігін  өзінің  басқарушы  елдерінен алған  Европа   елдерінің   баяғы  отарлары   болып  табылады. Испандық  отарлардың   көбісі    тәуелсізідігін   өзінің  1810- 1825  ж алды. Өзінің  қалыптасу  кезінде – ақ  осы   экономикалық  әлсіз  мемлекеттер   алдымен  Ұлыбританияға    және   Францияға  ,  кейіннен  АҚШ- қа  қаржылық  тәуелділікте  болды.

ІІ д.ж.с   кейінге  отарлау    жүйесінің  күйреуі    Латын   Америкасы  елдеріне  де   әсер  етті. Куба   халқы   1959  жылдың   қаңтар   айында    қарулы  жолмен  тәуелсіздігін алды, Ұлыбританияның   көптеген   отарлары   да  егемендікке  жетті.  Латын    Америкасындағы   демократиялық    қозғалыстардың     нығаюына    Никарагуалықтардың   1979  жылы  Самос    әулетінің    құлатуы   зор  маңызы  болды.  АҚШ   алдында    басып  алған   жерлерді    басқаруын    жалғастырып  келеді: Пуэрто – Рико  ( АҚШ – қа  өз еркімен   қосылған   мемлекет  деп   жарияланған ), Панама   каналының    аймағы, Виргин аралдары. Олар   өз   қолдарына   әскери   жүйені  ұстап отыр, соның   ішінде   Кубаның   территориясынндағы   Гуантаманы.

І – тарау    Табиғат  жағдайлары   мен   ресурстары. Халқы

І.1  Табиғат   ресурстары   мен   жағдайлары  

Латын    Америкасы   солтүстіктен   оңтүстікке   қарай  11  мың   км –ге   созылып  жатыр. Шығысында   Атлант  мұхиты, батысында  Тынық    мұхиты  шайып   жатыр. Аймақтың   қоныстануы   мен   экономикалық  дамуында  теңіздің  маңызы   зор. 33   мемлекеттің   ішінен  тек  Парагвай    мен   Боливия    ғана    теңізге   шыға  алмайды.

Латын    Америкасы    жер   бедері  мен  геологиялық  құрылымы  аа   күрделі. Оның  геологиялық   негізін   қозғалмалы,  қарқынды  дамып  жатқан  Венесуэладан   Отты   Жер  аралына  дейін   9000 км– ге  созылып  жатқан   Кордильер  ( Анд )   тау  жүйесі  және   Оңтүстік   Американың  шығысы   мен   орталығындағы   Гвиан   платформасы   құрайды. Бұл  оның   территориясының   айтарлықтай   алуан  түрлілігін   айқындайды.  Мұнда   құрлықтағы  ең  ұзын  тау  жүйесі   және  Батыс  жарты  шардың   ең  биік   нүктесі   Аконкагуа – 6960   м  Анды  және   ең  ірі   ойпат  Амазонка  ойпаты, кең  жазықтар   мен  үстірттер   бар. Аймақтың  солтүстік  бөлігі   Мексика  негізінен   таулы  ел. Жақын   жазықтар, Юкатан   түбегін   қоса   территорияның      1\5 – ін  алып   жатыр. Орталық   Америкада   және  Вест– Индияда   жер  бедері   таулар   теңізге   шығатын   жазықтар  мен   ойпаттарға  ұласады. Латын    Америкасының  Тынық   мұхиттық    тау  белдемінде  қарқынды   тектоникалық   әрекеттер – жанартау    атқылауы, жер  сілкінулер  ( 1970   жылы  Перудегі,  1985  жылы  Мехикодағы   жоқын  зілзалалар  ондаған  мың   адамдардың   өмірін  әкетті )   жүріп   жатыр. Дегенмен , Анд   таулары   мен   Мексиканың   жоғарғы   қыраттары   колумбктік    кезеңге   дейінгі   жоғары   дамыған   американдық  өркениеттің   отанына   айналған  еді.

Пайдалы  қазбалары

Латын    Америкасы   минералды   шикізаттың   барлық   түрлерімен  дерлік  қамтамасыз  етілген,  оның   біраз   түрінен  әлемнің  басқа    аудандарынан  ерекшеленеді. Мұнда  салыстырмалы   түрде   ауқымды   территорияда   пайдалы   қазбалардың   ең   ғажайып   түрлерінің   қосындысы   кездеседі.

Барланған    отын  ресурстарынан    мұнай  мен   газдың  қоры  көп. 1995   жылы   мұнайдың    қоры   18 млрд. т   бағаланды. Олар     Мексикадағы  Мексика    шығанағының    қайраңында   жиналған.  Оңтүстік  Американың   ең   ірі    мұнайлы    бассейні  Маракайбо   қыраты  толығымен   Венесуэланың   территориясында   орналасқан.

Тас    көмірдің  барланған  қоры  көп   емес   ( 1996   жылы    100  млрд.т шамасында ). Өндірілген    тас   көмірдің    кен   орны   Мексикада , Колумбияның    тау    аралық   жазықтарында, Перу  мен   Орта  Чилиде, Аргентина  мен  Бразилияның    құрлықтық   жыныстарында   бар.

Латын    Америкасы   темір   рудасының   жоғары    сапалы  түріне  бай,  әлемдік   қордың    1/4– і  осында.  Маңызды   кен   орындары    Оңтүстік  Америка   құрлықтық   қалқанының    кембрийге  дейінгі  метаморфты    жыныстарында   орналасқан.  Бірінші  орында    80   млрд.   қоры  бар, ал  барланған    темірі   бар     54% –  42  млрд.т   болатын   Бразилия   мемлекеті.   Әлемдегі    ірі    кен    орындарының     бірі  Боливиядағы   Мутун  кен   орнының     қоры   40млрд. т  құрайды.

Латын    Америкасында    радиоактивті   минералдарлдың  ( уран, торий )  біраз   қоры  табылған. Бұл   атомдық   энергетиканы   дамытуға  негіз   болды. Оның   көп    қоры    Бразилия, Аргентина,  Колумбия, Мексикада  бар.

Бразилия    жоғары  сапалы    марганец    рудаларынан   дүние    жүзінде  3-орынды алады.  Бразилия– Венесуэла  қалқаны   мен  Вест – Индия   аралдарында   никель, кобальт,  хром,  титанның   біраз   қоры   шоғырланған. Андта   аймақта  барланған   вольфрам   рудаларының  ( Боливия, Перу ),  молибденнің  ( Чили ), висмуттың  ( Боливия, Перу)   ірі  кен  орындары  шоғырланған.

Түсті   металдардың    территориялық    орналасу    заңдылықтары   геологиялық   тұрғыдан   сипатталады. Андтарда, Батыс  және  Оңтүстік  Сьерра – малреде  мыстың,  қалайы, мырыш, сүрме, сынаптың   ірі  кен  орындары    шоғырланған. Аймақтың  үлесіне  капиталистік   әлемдегі  ресурстардың   40%  , соның   ішінде   Чили   мен   Перудегі   20%   және   10%   сәйкесінше  келеді.

Айрықша   « қалайы   белдемі »  Анд   таулары  арқылы   Боливия, Перу   және   Бразилияның   жақын  аудандарын   алып   жатыр. Соңғы    бағалау  бойынша   дүние   жүзінің    қалайы    қорының   1/3 –«  шоғырланған. Қалайымен    сүрме    серіктес   жүреді   және   бұл   минералдың   ½   ( 70% – ға  жуығы )  Боливия   үлесінде.  Қорғасын – мырыш     рудаларының  көп  қоры   Перу    мен   Мексикада. Латын    Америкасындағы   сынаптың   95% – ы   Мексикада   (  капиталистік  елде   5,5% )  бар.  Аймақта    бокситтің   ¼ –«  бар, соның    ½ – Бразилия   үстіртінің  шөгінді  жыныстарында , қалғаны  Гвиан  қыратының     шығыс   шеті, сонымен   бірге    Ямайкада   және   Вест – Индияның   басқа    аралдарында   орналасқан.

Бес  ғасыр   бойы    аямай  пайдаланғанына  қарамастан   алтынның   қоры   азаймаған. Соңғы   кездері   Бразилиядағы    Амазонка  бассейнінде, Венесуэлада   Ориноко  бассейнінде   және  Аргентинадағы  Анд   тау  алды  жазықтарында   ірі  кен    орындары  табылды. Күміс   қоры   бойынша   Мексика  бірінші  орында,  үшінші    орында   перу. Платина  шашырандылары    Колумбияда  бар.

Бейметал  қазбалардан   Мексикадағы   күкірт,  мышьяк  және  графиттің   Бразилиядағы, Венесуэла, Гайанадағы   алмазды, Бразилиядағы  кварц,  слюда, асбест, баритті, магнезитті, Чилидағы   селитраны   айта  кеткен   жөн. Көптеген  елдерде   фосфорит, доломит, гипс, дала   шпаты, каолиндер  кездеседі.

Климаты    экватордың   екі  жақты   тропикті  және   субтропикті  ендіктерінде  және  екі   мұхит  арасында   орналасуымен    және   мұхиттың   әсерін  бөлетін  күшті  тау  жүйесінің  болуымен    анықталады. Экваторлық   белдеуде   температуралық  режим  тұрақтылығымен  ерекшеленеді. Максималды  орташа  температура   ( 30 – 31 °)    Колумбияда   Атлант   мұхитының   жағалауында   және  Венесуэладағы   Маракайбо  қыратында   байқалады. Қыс  пен  жаздың  температуралық   режимдерінің    мезгілдерінің    ауысуы    тропиктерден   ары   мұхит  бетінде   байқалады. Алайда   Бразилия    қыраты   мен   Мексика    үстіртінде   мұхит   бетінде  биіктіктің   әсерінен   аяздар   тропиктерде   байқалады.   Колумбияда  олар  кофе   плантайияларына   орасан   зиян келтіреді.  Оңтүстікке  қарай   температураның    жылдық   амплитудасы     максимум  18° –ге, Аргентинада   орташа    жылдық   16°  Мендос  ауданында. Мұнда  және  солтүстікке  қарай   Гран– Чако   облысында   климаттың  ең  күшті  « континенталдығы »  байқалады. Мұхиттық   желдер   мұнда  жетпейді, аз  бұлттылық  максималды   инсоляцияны   негіздейді. Жазда  бұл  жер  шарының  ең   ыстық    аудандарының   бірі, абсолюттік   температура   кейде  50°–тан  асады.  Оңтүстік   Америкада  таулы  аудандардан  басқа, кері   жылдық  орташа   температура  болмайды, керек  десеңіз   Отты  Жерде      2-4°. Магеллан   бұғазы   ешқашан  қатпайды.

Таулы  аудандарға   вертикалды  климаттық   зоналылық  тән. Адамдардың   өмір  сүруіне  тропиктердің   таулы  аудандарында  « тьерра  темплада » –  1200  м–  ден   2500 м– ге    дейінгі   жылдық   температурасы    22-23° – тан   15-16°– қа  дейінгі   зона  өте  ыңғайлы. Қар  сызығы   колумбийлік– венесуэлдік    Андтарда   4600 м– ден  және  эквадор – перуандық   Андтарда    5000- 5500  м– ден   патагондық  Андтарда  1800– 1000 м– ге  дейін  төмендейді, ал    батыс  беткейдің   жекелеген   глетчерлері   Тынық   мұхит   суларына   тікелей   шығады.

Материктің     жағаларын    шаятын   мұхиттық  ағыстар   және  атмосфералық  ауа    массаларының   циркуляциясы   оның   климатына   айтарлықтай    әсер   етеді. Перуан    суық    ағысының    шаятын    тропиктік  зонаға   жақын   әлемдегі   ең    құрғақ   шөл – Атакама  (  Икикада   жылына   3-5  мм   жауын – шашын   жауады)  орналасқан. Керісінше, Колумбия   және  Орталық   Американың    батыс  жағалауында   жылы   экваторлық  ағысы  өтеді.  Бұл   жер   шарының    ылғал     аудандарының     бірі. « Жыл    ығында »   орналасқан      Мексика  қыратында, Оңтүстік  Американың  атланттық  жазықтары, Бразилия   тау   қыратының    солтүстік –шығыс    бөліктерінде   және   Патагонияда   жауын – шашын   мөлшері  өте   аз. Латын    Америкасының    жалпы    территориясының   ¼ –не    2000 мм   аса    жауын – шашын    кез  – келген    өсімдіктердің    вегетациясын   қамтамасыз   етеді, ал  40% – ға   жуығына   1000- 2000  мм,   1/3– і   аридті   және   жартылай   аридті,  мұнда   өсімдік   шаруашылығы    суарусыз   мүмкін   емес.

Ішкі  сулары

Өзендер   Латын    Америкасының   маңызды,  бірақ әлі  де   болса  шаруашылыққа    пайдаланбайтын   байлықтарының   бірі. Аймақтың  көлемінің    60%    әлемнің   ірі  өзендерінің   бассейндерне  жатады. Ал   оларды  кешенді    пайдалану    әртүрлі  мемлекеттердің   ортақ   және  келісілген   әрекеттерін  қажет    етеді.  Амазонка  бассейні    ( 7 млн. км2   аса )   жеті    мемлекеттің     территориясынан   өтеді, оның  2/3 –сі  Бразилияның   үлесінде. Ла – Плата бассейні  ( 4 млн. км2  аса )   бес  мемлекеттің   шекарасынан  өтеді. Бұл   бассейндердің   өзендері   суаруда   қажет  ететін   аудандардан   ағып    өтеді. Ориноко   бассейні    (1  млн.км2 )   Венесуэла  мен   Колумбияда  орналасқан.  Әлемдік  ағынның       ¼  – іне    ие  бола   отырып  су    ресурстарымен   қамтамасыз   ету   бойынша   бес   құрлықтың  ішінде  жан   басына   шаққанда   1км территорияға   әлемде    1– ші  орын алады.

Топырағы  мен   өсімдігі

Континетте   топырақтың   кең   түрі   таралған;  қара    топырағынан   бастап, аргентина – уругвай   пампасының   тау   шөлдерінің   құнарсыз  топырақтарына   дейін. Тропиктік   латериттердің  әртүрлі   типтері   ( ауданның   ½ – н  алып   жатыр )  тараған   және   арнайы   жер  өңдеудің     жүйелерін   қажет    етеді.

Ауданның   флорасы    айтарлықтай    мөлшерде    эндемикті. Оңтүстік  Американың    субтропиктерінде    тамаша  құрылыс    ағашын    беретін   бразильдік   және    чилилік   араукария   сақталған. Ылғалды   тропиктк  ормандардан    құрылыс   ағашының    аса    қатты  түрлерін    ( каоба, агуапо, қызыл   ағаш )   алады,  жемісті   пальмалардың   көп   түрлері, жаңғақ, дәрілік   және   өнеркәсіптік   ағаштардың    көптеген   түрлерін   өндіреді.

Қазіргі  таңда    Амазонка   ормандарының   тағдыры   мазалайды. Мұндағы   сельва ( гилея ) – 5  млн. км2    жоғары   –  әлемдегі  мңгі  жасыл   жалпақ  жапырақты  ормандардың   ең  үлкен  массиві. Оны   « планетамыздың   өкпесі »  деп    атайды.  Ол   жыл   сайын   жер   шарының   өсімдіктері   атмосфераға   бөлетін   ауаның   40%– ын   береді. Ормандардың   кесілуі   бүкіл     жер  шарының , өзендер   мен  топырақты     ауыр    жағдайға  ұшыратуы   мүмкін. Амазонкада,  әсіресе   Бразилияда   басталған  ауыл   шаруашылық   отарлау    егін – өртеу   жүйесіне   негізделіп, қазірдің  өзінде – ақ  орман    байлықтарына   нұқсан   келтіреді.

Латын    Америкасы    елдерінің   табиғат   жағдайлары   адамдардың   өмір  сүруіне   және    шаруашылық    әрекеттер   үшін  өте  қолайлы. Басты   проблема –  ресурстарды   зерттеу   және   оларды  ірі   көлемде  және   жүйелі   түрде   пайдалану.

І.2  Халқы   және   оның   орналасу   ерекшеліктері 

Қазіргі    Латын    Америкасының   территориясында   мекендеген  ортақ   « үндістер »   атымен   аталған    көптеген   халықтар   мен  тайпалар   бір– бірімен   сыртқы    келебеті, тілі, діні,  мәдениет   деңгейімен   ерекшеленетін. Әсіресе   мексикан    тау    қыраты   мен  Юкатан  түбегі, Перуан – Боливийлік   және    Колумбийлік   Андыларда    көп   қоныстанған.  Мексика  таулы  қыратындағы   ең   мықты  мемлекет  Теночитлане   ( қазіргі   Мексика )   қаласындағы    ацтектердің    империясы   болған.  Өркениеттің   екінші   ірі   ошағы   Орталық   Андта   қалыптасты. Ол    этникалық  біркелкі   болатын – кечуа   және  аймара   ұлттарын  біріктіретін   инктердің  империясы.

Вест – Индияда   және   Оңтүсттік   Американың   шығысsylf6  Колумбия  мен    Эквадордың    жағалауындағы    үндіс    тайпалары    қырып   тасталған  не   болмаса    материктің    тұңғиығына     шегінді. Плантацияларда  жұмыс   істеу   үшін   Африкадағы    негрлер – құлдар    әкелінді. Еуропалық   пен  негр  қыздарының      аралас   некесінен    мулаттар  пайда  болса,  құлдардың  үндіс қыздарына  үйленгеніне  самбо   этникалық    тобы  пайда  болады.

Көп   ғасырлық   әлеуметтік– экономикалық   үрдістердің  нәтижесінде  аймақты   барлық  аудандарында   ұллтар  қалыптасты. Ұлттың  құрамы  біркелкі   елдер : Аргентина, Уругвай, Чили.  Үндістердің   үлесі   Боливияда  63%  , Гватемалада   – 47%, Эквадорда – 40%, Мексикада – 15% .

Континент   халқы  тез  өсіп келеді:  1995   жылы  47,5 млн. болса,   2009 жылға  қарай     520–  570  млн. – ға жетеді  деп   жоспарланып  отыр. Халқы  саны   кедей , нашар  дамыған  елдерде, Орталық  Америкада., Боливия, Парагвай  мен  Эквадорда  өсіп  келеді. Ең  азы  Уругвай , Аргентина, Кариб бассейнінің   кіші    ағылшын   елдерінде.  Табиғи    өсімнің  қарқыны  мен  өмірдің    ұзақтығы   аймақтың    елдерінің    « айтарлықтай  жас »  болатынының    кепілі. Уругвай    мен   Аргентинада    ғана     15   жасқа   дейінгі   балалар    30%   құраса,  басқа   елдерде  40% , кейбірінде   халықтың   ½  –ін   құрайды.  65  жастан   ары   қарайға   жастардың   үлесі    көп  емес: 19  елде  3 – 6 %,ауыр   жағдайлар   өмір   ұзақтығын    қысқартады.

Халықтың   басым   көпшілігі   Вест – Индия   таулы   аудандарда, мұхит  жағалауына   қоныстанған. Амазонка, Ориноко   мен  Парагвай    бассейндері  мен     Патагонияда   сирек   десек  те  болады. жаң  жерледі   игеру  мен   жаңа   қалалардың    салынуы   жалғасып   жатқанымен    халықтың   қоныстануының  ретсіздігі    тереңдеуде. Халықтың  ең    көп   қоныстанған  жерлері   Вест – Индия  мен  Орталық  Америкада  (Барбадоста 1 км2  – 600  адам, Сальвадор – 1 км2  – 250   адам  т.с.с. )

Латын    Америкасында  урьанизация  деңгейі  де  жоғары: 1995 жылы  қалаларда   74% . Урбанизацияның   процестерінің  ерекшеліктері   әр  елде  әр түрлі.  Бір  елдерде  елді– мекендердегі  халық  санымен  анықталады. ( Гондурас – 1000, Колумбия   мен   Панама  – 1500, Аргентина– 2000 , Венесуэла   мен  Мексикада   – 2500 аса). Венесуэлада  урбанизация  деңгейі  жоғары      90% –  дан  асады, Аргентина    мен   Уругвайда , Чилиде – 86%, бұл  елдерде   урбанизация   деңгейі   иммигранттардың  есебінен  ( 19 ғас. соңы  20 ғас  басы ) өсті. Бірқітір   елдерде   қалалықтардың   саны    30– шы  жылдары , әсіресе     2  д.ж.с    кейін   өсті. Оның  басты   факторы   ауыл   тұрғындарының  миграциясы. Қала  халқыны  үлесі  ең  аз  елдер– Сальвадор  мен   Гондураста  45%,  Гватемалада–   40%, Гаитиде  – 30%.

Соңғы  онжылдықта  агломерациялар  саны  өсуде.   90 жылдардың  ортасында     38  миллионер   қалалар  болды. Көптеген  елдерге  басқа  қалалардан   басымдылық    көрсететін  бір ғана  қаланың  қарқында  дамуы  тән.  Ірі   қалаларда  тұрғын   үй   мәселесі    су    және  электроэнергиямен   қамтамасыз  ету , қалдық  сулар, көлік, тазалық,   қоршаған  ортаның   ластану    мәселелері    ушығып   тұр. Латын    Америкасында     экономикалық   белсенді   халықтың    үлесі  өте  төмен, 1/3  – ден   сәл  ғана  жоғары    деуге    болады. Бұл   жұмысқа   қабілетті    адамдардың    тым  аздығы,  әйелдердің    өндірістегі    үлесінің     аздығы,  жаппай    жұмыссыздықпен   айқындалады. 1994  жылы   ресми  тіркелген   жұмыссыздардың    саны      36  млн.  адамға  жетті    (жұмысшы    күштің 7,4% ) .

Экономикалық   белсенді    халықтың    кәсіптік   құрылымының   анализі   өндіруші    күштердің    аздығын  көрсетеді. Ауыл  шаруашылығында    жоғарғы    және  орта    білімді   мамандардың  үлесі   0,1% ; мамандандырылған    жұмысшылар   – 5% –дан  аз,  өңдеуші    өнеркәсіпте   сәйкесінше    1,6 – 1,7% . БҰҰ   статистикасы   бойынша    90 жылдары   Латын    Америкасы   елдерінің   ауыл   тұрғындары    кедейшіліктің ресми   шегінен   төмен   өмір   сүрген. Орталық   Америка  мен  Анд  елдерінде  бұл   көрсеткіш –  75%  жоғары, Гаити    мен   Боливияда  – 95%– дан    жоғары. Бұл   елдердегі    сауатсыздық    деңгейі   де   жоғары – 30– 60% ,  аймақ   бойынша   орташа    көрсеткіш  15%   шамасында.

ІІ тарау    Шаруашылықтың    жалпы   сипаты   мен    даму  ерекшеліктері

ІІ.1  Шаруашылығының    даму    ерекшеліктері

Отарлау    кезінде   аймақта    шаруашылықтың    екі   саласы    ғана    дамыды: асыл  металдар   өндіру   және   плантациялық    тропиктік  өсімдіктер  өсіру. Бұл    салалардың    барлық    өнімін   Испания   мен   Португалия    шығарып    отырды. Отардың    ішкі   экономикасында   табиғи   шаруашылық   басым   болды.

Аймақ  елдерінің   кейінгі   экономикалық   дамуы    шетел    капиталымен, алдымен      ағылшын,  сосын   американдықпен   тығыз   байланысты   болды. Шетел   монополияларының    ықпалымен    сыртқы    нарыққа  тәуелді   біржақты    экономика    қалыптасты. Шетел    компанияларына   ірі  мұнай    орындары , кеніштері  Мексика, Венесуэла, Боливия, Перу ,  Чилиде  қалыптасты. Вест– Индия    аралы   « американдық  қант  еліне »    айналды. Бразилия     мен   Колумбия   « кофе  елдеріне », Орталық   америка  елдері – « банан  елдеріне » , Аргентина, Уругвай, Бразилия   Пампасы, етті  – жүнді  орталыққа  айналды.

І д.ж.с   Еуропамен   экономикалық  байланысты  бұзды. Еуропа  капиталының  бірден   әлсіреуі ,  бір  жағынан   жергілікті    ақша   салымының  жандануына, кіші  және  орта  кәсіпорындарынң    пайда  болуына    әкелсе, екінші    жағынан    америка   капиталының  басымдылығына  әкелді.

1929- 1933  жылы    әлемдік  экономикалық  дағдарыс, кейіннен   2 д.ж.с   импорт   таураларының   жетімсіздігі  мен   жоспарсыз   индустриялардың   жылдам   дамуына   әкелді. 50  жылдардағы    терең   дағдарыстан   кейін  бір  жақты    аграрлы  шикізетты  маманданудан  , өнеркәсіпті  дамытудан  алшақтау    екендігін    көрсетті. Соның  төлемін    дұрыстау  үшін  көптеген  елдер   кеден  салығын  жоғарылатты. Әсіресе   тұтыну   тауарларына   және  импортты   жергілікті    өндіріспен   алмастыру  саясатын    жариялады. Сол  кезде    АҚШ– тың    және  басқа   елдердің   кәсіпорындары   осыған   дейін Латын    Америкасына  дайын   тауарларды    әкелуден   бас  тартып, оның  нарығын    « іштен »   басып   алуға     тырысты. Яғни   мұнда  өздерінң  кәсіпорындарының    филиалын     ашып,   тиімді   және    қарқында  дамып  келе   жатқан   салаларды  – электроника, радиоэлектроника, автомобиль, кеме  жасау, химия,  дәрі – дәрмек  жасау, резина ,  цемент , шыны  жасау  басып   алуға    тырысты.

Шетел   капиталының    енуіне  байланысты    жауап    ретінде  Латын    Америкасы   елдері   мемлекеттік  секторды   дамыта   бастады. Мұнай , металлургия, энергетикалық   кәсіпорындар   шетел   капиталының   қатаң  қарсылығына    қарамастан    жергілікті    патриоттық  ағымдар  мен   кәсіпкерлердің    арқасында   салынды. Латын    Америкасы   елдерінің    экономикалық    дамуы   біркелкі   жүрмеді. Оңтүстік  конус   елдерінде  құрылымдық  дағдарысқа   тап  болды.  Аргентина    өзінің   ғасырлық   көшбасшылығынан   айырылды, Бразилия    мен   Мексикаға  ауысты.  Мұнда  жаңа     технологияға     негізделген     шетел   капиталдарына    ықпалымен  соғыстан   кейінгі  жылдары    индустрия  тез   қарқын    ала  бастады.   90  жылдардың   басында    аймақтың    жалпы  ішкі   өнім   осы  екі  елдің  үлесі  1/3 және    1/5 болса,  Аргентинаның   үлесі     1/10– ден  cәл– ақ   жоғары   болды. Осы  үш   ел   дамушы  елдегі    ең    сыртқы   қарызы   бар  елдер. 1985  жылы   272  млрд. доллар  болса,    1995  жылы      574  млрд.  долларға  жетті.

Даму    мақсатында   барлық   Латын    Америкасы   өзінің  күшін  біріктіріп   әлемде  бірінші  рет    экономикалық   интеграцияға  ден   қойды. Қазір   бұл   үрдіс  бағынышты   аумақтарда   да   жүріп  жатыр. 1960 жылы  Латын    Америкасы     еркін    сауда   ассоциациясы   ( ЛАТС)   (  1980 жылы  Латын    Америкасы    интеграция    ассоциациясы  ( ЛАИ )  болып    қайта  құрылды  )   және   Орталық   Американың    ортақ  нарық   ( ИАОР )  ( бес   мемлекет   мүше).   1968   жылы     еркін    сауда   ассоциациясы, кейіннен   Кариб   ортақ    нарығы    бассейнінің    12 мемлекеті   мен  тәуелді  жерлерін  біріктіреді.

1969  жылы   ЛАТС    аясында  Анд    және   Латын    Америкасы  – Ла   – Плата   топтары    1978  жылы    Амазонка    бассейнінде   орналасқан  сегіз ел  Амазония    тобын   құрды.   1986  жылы    Ла – Плата   тобының  орнына   Бразилия    мен    Аргентинаның    арасындағы    интеграцияға  келісім  жасалды. Бұдан   кейін  Уругвай    мен    Парагвай    қосылып, қазіргі   ең    үлкен   және    белсенді    топ   Меркосур   құрылды. 1996    жылдың   қазан   айынан    Меркосурға    Чили   қосылды.

Интеграция    саласындағы   соңғы    ірі    оқиға    1995   жылы  қаңтарда   Солтүстік    Американың    еркін    сауда     ассоциациясы    (НАФТА)   құрылуы. АҚШ    өз  нарығына   Канада  мен   Мексиканы  қосып  қойды. Жаңа    ассоциацияның    шекарасы    солтүстікке    қарай  жылжып  Колумбия  мен   Венесуэла   және  КАРИКОМ   тобының   барлық  елдерін   қосу  жоспарлануда.

Латын    Америкасы   елдерінің    шаруашылық  ерекшеліктері:

  1. Шаруашылықтың әртүрлілігі. Көптеген елдерде  латифундиялар  мен капитализмге     дейінгі    шаруашылықтың    түрлері   әлі  де  басым.  Дегенмен, кейбір   елдерде    кооперативтер   мен  мемлекеттік   шаруа   қожалықтары    құрылған.
  2. Шаруашылықтың мамандану  аясы  тар. Жерге    және  басқа   да  ресурстарға   монополияның    отарлау    кезінен   бергі   жоғары  кластың  қолында   болуы    ішкі  нарық   аясының  тар   және   өнеркәсіптің   әлсіз   дамуы   шаруашылықтың  дамыған   елдердің   нарығына  байланысты   болуына  себепші. Тек  өңдеуші    өнеркәсіптің    соңғы    жылдардағы    дамуы  сәл    көңілге    демеу  болды. Осыдан  экспорт  салалары   мен   ішкі   нарық  бағытындағы   салалардың    арасында   үлкен  айырмашылық  бар.
  3. Шетел капиталына тәуелділігі . Латын    Америкасының  үлесіне  дамыған   елдердің  дамушы  елдердегі     инвестициясының    жартысына  жуығы  тиеді, соның  ішінде   2/3 – өңдеу  өнеркәсібіне. АҚШ   капиталының  басым   алайда   оны   Жапония    табандылықпен      басып  озуда.
  4. Экономикалық мемлекеттік сектордың   дамуы. Оның   рөлі   мен  сипаты   әр  елде    әртүрлі   және  ішкі  саяси   күштердің    ара  қатынасына  тәуелді. Көптеген    елдерде    мемлекет   инфрақұрылымды    басқарып  отырады, кей   елдерде    ірі      мемлекеттік    мұнай , металлургия , химия   кәсіпорындары  бар.

ІІ.2  Өнеркәсіп    кешені

Өнеркәсіп  – аймақта  өнрекәсіптің  құрылымы   моңғы  онжылдықта  айтарлықтай    өзгерді. Алайда   индустрализация    үрдісі  барлық  елде  біркелкі  емес. Жеңіл   өнеркәсіптің   басымдылығын   ұзақ  уақыт   пайдаланатын    және    өнеркәсіп    құралдарын    шығаратын  салаларына  алмасты.

Тау – кен   өнеркәсібі   аймақ  елдерінің    экономикасына   өте  маңызды. Біраз   елдерде    шетелдік    валютаның   келуін   көбейту  мақсатында   өнімнің   экспортын   кеңейту   үшін   белсенді  жұмыстар     жүргізілуде. Ірі   елдерде    шикізатты   өндіру   ауқымын   кеңейту   өзінің    тұтынушылық    қажеттіліктерін    өтеу    мақсатында   жүргізіліп    жатыр. Дәл   осы   себеппен    Бразилия   мен   Мексикада   Латын    Америкасының   соңғы   15  жыл   ішінде   осы   сала    екі   есеге   өсті. Анд   елдерінің   үлесі  өсті –  Перу,  Колумбия, Эквадор, Чилидің  үлесі  сақталды. Алайда,     ауданның  тау – кен  өнеркәсібінің   1/3  –  н   алатын  бірінші  орындағы    Венесуэланың    үлесі   айтарлықтай   азайды.

Тау –  кен   өнеркәсібінің    жартысынан   астамы   мұнай   мен   газ  береді. Латын    Америкасы  –  әлемнің    көне   мұнайлы   аудандарының  бірі. Қазіргі     таңда   мұнай    мен   газ     13 елде  өндіріледі, көбінесе  мемлекеттік   мұнай    компанияларымен.  Мексика  мен Венесуэлада   аймақтағы   мұнайдың     90% –ы, және   барлаудың  70% – ы   ( 310 млн. т  жуық ,  1995 жылы ) . Осы  екі  ел    бастты   мұнай   экспорттаушы   ел, Эквадор,  Колумбия,  Тринидад –и – Тобаго, Боливия, Перу   аз көлемде  шығарады. Аргентина   өз   қажеттіліктерін   өтей  алады,  қалған  елдер   мұнайды  сырттан  әкеледі.

Табиғи   газды  өндіру  өсіп   келеді. Табиғи     газды  өндіру    80%   және  тұтынудың 65%   Мексика, Венесуэла, Аргентинаның  үлесінде. Ірі   экспорттар  Боливия, мұнда  Анд    тауларының     шығыс   тау   алды   жазықтарының    Сан –Паулуға   дейін   мықты   газ   құбыры   жүргізілген.

Көмір  өнеркәсібі    нашар  дамыған. Тас  көмірді  (35 млн. т   жуық )  Колумбия, Мексика, Бразилия,  Чили , Аргентина  үлесінде. Біраз  елде  оның  сапасы    нашар, күлі  көп. Кокстелетін   көмір  ыңғайсыз  жатыр  және  аз  пайдаланылады. « Мұнай  дағдарысы »   көмірге    сұранысты  арттырды, сол  себепті  оны    өндіру  соңғы    жалдары   өсуде. Колумбия   Кариб   теңізінің  жағалауындағы    Гоахира  бассейніндегі   көмірді   экспорттауды  ұлғайтып  жатыр. Минералды    энергоресурстарды   Аргентина   мен   Бразилияда  уран өндірісі   ұлғайып   келеді.

Тау – кен   өндірісінің    өнімі  бойынша   екінші   орында   темір  рудалары : 1995  жылына   200  млн.т   әлемдегі    1/5  тиеді. Өте  бай, байытуды  қажет   етпейтін  рудалар   металлургия  корпорациясының   назарын   аударды. Өндіру  мен  экспорттау   бойынша     Латын    Америкасында   және   әлемде   1 – ші  орында   Бразилия  ( аумақтағы  темір   өндірісінің   90% – ын ). Аз   мөлшерде    Венесуэла, Чили, Перу    өндіреді. Мексика, Аргентина   және  Колумбия   өз  қажеттіліктерін   өтей  алмауда.  Лигерленетін   металдар  ресурсы  біркелкі  таралмаған   және  қара  металлургия   дамып  келе  жатқан    бірқатар   елдерде   ішкі   қажеттіліктерін   өтей   алмайды. Марганец    рудаларын   өндіруде Бразилия  дүние  жүзінде    10%  және  аймақта    90%  тиеді. Латын    Америкасы  дүние   жүзіндегі   вольфрамның   1/8 – ін  береді. Басты   өндірушілер   Боливия   ( өндірудің  ½ – і  және  экспорттың   2/3 –сін  береді)  мен  Бразилия. Молибден   өндіру  (  әлемдік  үлесі  15% )  Чилиде    ( 90% –аса ), Перуде , Мексикада   мыс   рудаларымен   қатар   жүреді.  Никель  рудасын   өндіру    көп  емес, Куба, Доминикан   Республикасында, Колумбия  мен  Бразилияда   аз  мөлшерде     өндіріледі. Бразилияда   хромитті   өндіруді   Жапония   өз   елінде   шығару   үшін   ірі   көлемде   бастаған .

Латын    Америкасы  –  түрлі – түсті   метал   өндіретін   аймақ   ретінде  әлемге   танмал., соның    ішінде   боксит, мыс, қорғасын, мырыш, қалайы, сүрме    және    сынап   рудалары. Оның    үлесіне    әлемде   өндірудің   ¼ –і  ( 1995 жыл   32 млн.т )   және   әлемдік  экспорттың    ¼ –«  тиеді. Бокситтің  басты   өндірушілері   мен   экспорттаушылары  – Бразилия , Ямайка, Суринам, Гайана , Венесуэла.

Мыс   рудасын   өндіру   (1995 ж, 3,2 млн.т )  – тау –кен   өнеркәсібінің  ескі   саласы. Өнеркәсіптік  өндіру   Мексикада  өткен  ғасырда  басталған. Сосын    американдық   корпорациялар   мысты   Чили   мен   Перуде  өндіре   бастады. Осы   үш   елдің   үлесіне   мұнай   өндіру  мен   алғашқы   қорыту  әлемдегі   үлесі   25%   құрайды.

Чили   үшін    мыс   оның    шаруашылығының   негізі, шетелдік   валютаның   басты  көзі    және   мемлекеттік   табыстың   көзіне  айналды. Соңғы    жылдары   Бразилияда   мыс   рудасын    ішкі   қажеттіліктер  үшін  кен   орындарын    өндіре   бастады.

Қорғасын – мырыш   өндіруде   аса   маңызды. Латын    Америкасы   дүние жүзілік   қорғасынның   15%,  мырыштың  19  -20%   береді. Қорғасын – мырыш  кен   орнын   басты  өндірушілері – Перу   мен   Мексика. Аз  мөлшерде  Аргентина, Чили, Боливия , Бразилия   және  Гондурас  өндіреді.

Қалайы   кенін    өндіруден   Индонезидан   кейін    екінші   орынға    Перу  шықты. Өндіру    көлемі   бойынша    Бразилия  мен   Боливия  жақын . Соңғы  жылдары  ел   экономикасының  негізіне   айналды. Өндірістің   көп   мөлшері   « Комибол »  мемлекеттік   кәсіпорнының   қолында. Боливия   мен Мексика   дүние   жүзіндегі   сүрменің     40% – ын   береді. Мексиканың  үлесіне   сынаптың    әлемдік    мөлшерінің     10% –ын   береді.

Берилий   мен  ниобий    шикізатының   Латын    Америкасында  ірі  өндірушісі – Бразилия,  мұны   АҚШ  компаниялары   басқарып  отыр.

Алтын, күміс   және   платина    аймақтың   ескі   кен   өндіру  салаларының   бірі. Алтын   мен   күміс   қорынан    әлемде    Латын    Америкасына   тең     келер   ешкім   жоқ. Қазір  олардың  қоры  азацып   кеткенімен, кейбір  елдерде  оны     өндіру  әлі  жалғасын   тауып   келеді. Соңғы    жылдары    Бразилия , Венесуэла , Колумбияда, Чили   мен    Перуде ( 1995   ж, 240 т ; 11% )   өндіріле   бастады. Латын    Америкасы   әлемдік  күмістің     40% , Мексика   мен   Перу   өндрістің   ¾ – ін  береді.

Аймақ   бейметал    пайдалы   қазбаларына    өте   бай. Кейбір  түрлерін  тек  бір – екі    елде   ғана   өндіріледі. Мысалы, флюоррит, графит,   күкірттің  20%  экспорттайды.

Чилиде    калий   мен    натрий    селитраларының  айрықша  қорлары  табылған. Атакама  шөліндегі   кен  қорын    барлау  ХІХ   ғасырдың  ортасында   басталды. ІІ д.ж.с  дейін  ол    қосылысты  азот   алынатын   жалғыз   кен   орны   болатын . 1929 жылы   селитра   өндірісінің   көлемі  3,5 млн. т   болса , 90  жылдардың    ортасында 520 мың. т   ғана  болды.

Басқа    пайдалы    қазбалардан   алмаз  – Бразилия, Венесуэла , Гайанада ;  тау  жынысы    мен   слюда – бұл   жөнінен   Бразилияның  бәсекелесі   жоқ; барит – Перу   мен  Мексика; стронций – Мексика , йод  –  Чилиде  бар.

Энергетика

Энергетикалық   қордың   негізін   мұнай  мен  газ құрайды.  1995 жылы   энергияның   84%   жетті. Осыдан   мұнайдың   үлесі   азайып , газдың   үлесі  өсуде. Гидроэнергияны   өндіру   өсуде  – 10% .Оның   үлесі  бойынша   Латын    Америкасы   әлем  аудандарының   ішінде  бірінші  орынды  алады.

Мұнай    мен   газ   ресурстары    біркелкі  таралмауы, гидроэнергияны  дамыту   қажеттігіне   әкелді. Өзендердің   энергопотенциалы   жақсы  зерттелмеген. Жалпы  аумақта  жан   басына   шаққанда   энергия  тұтыну  дүние    жүзінің    ½  құрайды.  Ағылшын    тілді    Кариб   елдерінде  Еуропалық   стандартқа    жақын, ірі    мұнай, өнеркәсіпті  елдер  Венесуэла  мен  Мексикада  жоғары. Ал  Гаитиде    20 есе  аз, Орталық  Америка  елдерінде, Боливия    мен   Парагвайда   3-6   есе  аз.

Соңғы    онжылдықта   электроэнергетика   энергияға  қарағанда   тез  өсті. Жалпы  оның    даму   қарқыны   әлемдегі   орташа   көрсеткіштен   төмен. Электрмен  қамтамасыз  етілмеген  аймақтар   әлі  де  болса   әлә  де  болса  бар, мысалы    Боливия , Гондурас, Гаитиде  халықтың   4/5 – і  электр  энергиясын  тұтынбайды. ГЭС – тің  үлесі  мен маңызы  артып   келеді:   1970 -1975 ж    45% – тен   65% –  ға  өсті. Бірқатар   елдерде  бұл  одан   да  жоғары : Коста – Рика – 95%,  Парагвай – 93%, Бразилия –  92% . Аргентина, Бразилия   мен   Мексикада    қуаттылығы   300 мың.кВт – дан   1200 кВт – ға  дейінгі  АЭС – тер   іске   қосылған.

Бірқатар  елдерде экспериментті  түрде  геотермальды   электростанциялар, күн энергиясы   негізінде   жұмыс  істейтін   кәсіпорындар  бар. Уругвай  мен  Аргентинада  халықтың  тұрмыс  қажеттіліктерін  өтеу   үшін   жел  двигательдері    пайдаланылады.

Басты   энергетикалық   күштер    экономикалық   жағынан  ең  жақсы  дамыған    аудандарда    шоғырланған. Ал  жаңаларының  құрылысы  осы   аудандардан   алысырақ  орналасуда. Мысалы, Мексикадағы  « Инфернильо »  және   « Мальпасо »; Бразилиядағы   Жулия – Илья –Сальтейра;  Аргентинадағы   « Чокон   Серрос   Колорадос » . Соңғы  жылдары  жаңа  СЭС – тер  іске   қосылды: Паранада    дүние   жүзіндегі   ірі   бразиль – парагвайлық   СЭС   Итайпу   ( 12,6  млн.кВт)    және     аргентина – паргвайлық   (3,2  млн.кВт ).

Қара  металлургияның    ірі    кәсіпорындары   Бразилия, Мексика,  Аргентинада, Венесуэлада    орналасқан.  Бұл    сала    алғаш    рет     мемлкет   тарапынан    қолға   алынғанымен, кейіннен  шет  ел  капиталы  ене    бастады, әсіресе    Бразилияда. Мұнда   АҚШ, ГФР, Жапония, Бельгия , Люксембургтың    капиталы   Мексикадағы    қара    металлургияның   40% – ын   алады.  1980 – 1995  жылдар   аралығында   болат   қорыту  27 млн.т – дан    46  млн. т – ға   жетті  ( дүние   жүзінде    6% ) . Бұл   шамадан  болаттың   26 млн.т – Мексика,  12  млн. т – Бразилия,  4млн. т – Аргентина, 3,5  млн. т – Венесуэланың   үлесінде.  Шағын   толық   циклді   зауыттар Колумбия , Перу , Чилиде, өңдеу  зауыты   Кубада   бар.

Қара    металлургияның    өзіндік   ерекшеліктері  бар. Алғашында  бұл саланы    аймақтың   өз   қажеттіліктерін   өтеу   үшін қаолға  лаған  болса, қазір   оның   экспорттық    маңызы    зор. Болат   түрлерінің    аздығы, сапасының    төмендігі  сол   жерде  өңдеуге   мүмкіндік  бермей ,жартылай  өнім  ретінде    дамыған   елдерге   өңдеуге   жіберіледі. Қара  метал   нарығын   басып   алу    мақсатында   Латын    Америкасы   темірді  кеннің  өзінен  домна  пешінде   қорытпай – ақ  газ  арқылы   тікелей   өндіруге  мүмкіндік   алды. Әлемдегі  осы   типтегі   алғашқы     зауыт     1957  жылы   Мексикадағы   Вера – Крус   қаласындағы   зауыт. 90  жылдардың  ортасына  таман    шойын    өндірісі    Латын    Америкасының    8   елінде    өндіріліп  әлемдік    өнімнің    ½ – ін   құрады. Венесуэла   басты   орынға   шықты    ( 8 млн. т  аса ), сосын    Мексика   ( 3,5 ) ,  Аргентина  ( 2 )  және    жаңа    өндіруші  –  экспорттаушы   елдер   Тринидад  и  Тобаго   мен  Доминикан   республикалары  ( 1 млн. т )

Түсті    металлургия

Латын    Америкасы   елдеріндегі   мыс,  қорғасын,  мырыш   қорытудың   ұзақ    тарихы   бар. Бұл    рудаларды   өндіру   негізінен    шикізат   түрінде   болды. Чили    мен    Мексикадағы    қара    металлургия    қорыту   ісі   І.д.ж.с. – қа   дейін    дамыған   болатын. Алайда    түсті   металлургияның  дамуы   баяу    жүрді   және  АҚШ – қа   апарылатын    жартылай   өнімдер   шығарумен   ғана    шектеледі. Алайда   соңғы   онжылдықта   өнеркәсіптің    индустрияландыруымен   және  әлемдік   нарықта  металдың   осы  түріне   сұраныс   артқандықтан   жағдай   өзгерді.

Әсіресе    аллюминийдің   өндірісі    тез   артып   келеді  (  1970  ж  дүние  жүзілік   өндірістің    1,6% ,   1980 ж    5% , 1995  ж   12%  ). Басты  аудандар: Бразилия  (  аймақта   өндірістің  ½  бөлігі ), Венесуэла, Аргентина, Мексика. Бразилия    аллюминий   өндірісін   дамытуға   барлық  мүмкіндігі  бар:  аса  бай   жақсы  орналасқан   боксит  кендері, арзан   энергия   көзі  және  ірі  сауда   нарығы. Ол   дамушы   елдердің    арасындағы   аллюминий  өндіретін  ірі   елге    айналды.

Мыс   қорыту    өнеркәсібі  әу  баста –ақ  тек   экспорттық   бағытта  болатын.  Аймақ   дүние    жүзіндегі    қара   мыстың    1/5  – ін   береді. 1970 – 1975  жылдар   аралығында    мысты   дайындау   қуаты  өсті,  осының   арқасында    оның   әлемдік   өндірістегі   үлесі     7% – дан    8% –ға  дейін өсті. Континенттегі   және    дүние   жүзіндегі    мыс  өндіруден    жетекші  ел  Чили  ( 1995  ж    1,3 млн. т )  мыстан    бірінші   орын,   рафинадталған  мыс  бойынша    АҚШ   пен     Жапониядан   кейінгі   үшінші  орында.  Мыс   қорытудың    басты  орталықтары   кен   орнының  –  Чупикомата , Патрерильос, эль – Теньекте, Сальвадора   орналасқан. Дүние   жүзіндегі  мыс   өндіру   бойынша   екінші   ел   Перу   ( жылына   400 мың.т    дейін ). Осы   екі    елдің    үлесінде   дүние   жүзіндегі   мыстың    1/3 – і  келеді.  Мекмика   мен  Бразилия  да   мысты   көп   өндіргенімен,  өз   қажеттіліктерін   ғана  өтейді, кейде   металдың    біраз  бөлігін   шетелдік  импорттайды.

Аймақта    дүние    жүзілік   қорғасынның     7%  балқытылады,  оның    ½  –ін   Латын    Америкасындағы    қорғасын   тұтынудан   бірінші    орындағы    Мексика   береді.  Аймақта  мыс өндіруден  екінші  орында  –  Перу. Ол  қорғасында   аз   пайдаланғандықтан    түгелдей   дерлік   экспортқа  жібереді.

Машина   жасау   мен   метал  өңдеу     өнеркәсіп    өңдеу   мен    саласында    жетекші    орынды    алады  ( ¼   –  не  жуық ). Алайда   бұл саланың   дамуы    біркелкі   емес. Қазіргі   таңда   үш ірі   мемлекеттің   үлесіне    аймақтағы    өндірістің   2/3 – сі  келеді,  ал  Венесуэла, Колумбия, Чили   мен   Перуді   қоса   есептегенде    90%  құрайды.  Бұл   саланың   жақмы    дамуына   қарамастан   Латын    Америкасы     шет   елдік   машина  мен  құрал –  жабдық    тауарларына    тәуелді,  ал   бұл   импорт   өз  кезегінде    аймақ    экспортынан    2,5  есе   асып   түседі.

Қазіргі    машина    жасау    саласында    бірінші   орында  тұрған автомобтль  жасау. Ол    аймақ   елдерінің    экономикасына  қатты    әсер   етеді. Себебі   салалаа   салаларды   дамытуды  жүктейді,  транспорт, энергетика, сауданың  дамуына   әсер    етеді. Аймақтағы   машинаның    2/3 –сін  Бразилия    шығарып   дүние    жүзінде    9 –шы   орында.  Одан   кейін  өнім   көлемі    бойынша   Мексика   мен   Аргентина .  Бұл  Латын    Америкасы   елдерінің    өңдеу   өнеркәсібінің   ішінен   бірінші  орынға   шықты.  Өндіру    көлемі    әлемдік    нарыққа    тікелей   байланысты,  әсіресе   Бразилия   мен  Мексика.  Салалық    экспорттың      2/3 –сін    АҚШ, Канада, Бразилия    және    т.б.   елдерге    тасымалданатын   автомобиль    моторы, бөлшектер  алады. Бразилиядағы   автомобиль   зауыттары   Сан – Паулу  қаласы    мен   Сантус   кемежайының    арасындағы    шағын   территоияда   орналасқан.  Мексикадағы    зауыттар   астанаға   жақын   Саагун, Толуха, Пуэбла    өнеркәсіптік    орталықтарында , Аргентинада – Кордова  ауданында , Венесуэлада    Валенсияда   шоғырланған.

Соңғы    кездері   кеме  жасау  маңызды   орынға    шыға   бастады.  Алғашқы   ірі    кәсіпорындар   Аргентинада   құрылды   ( ІІ. Д.ж.соғысқа  дейінгі   уақытта ). Қазір   Бразилия   кеме   жасаудан   алғашқы  ондыққа  кіреді. Бұл   сала   Аргентина, Чили, Мексикада, Перуде  бар.

Аймақтың   үш    мемлекеті   Мексика, Аргентина , Бразилияда   ұшақ    жасау   саласы  да  бар.  Көбінесе   орта   және     кіші   жолаушылар    ұщақтары, ауыл   шаруашылық    ұшақтары  шығарылады. Ал   Аргентина   мен   Бразилияда   әскери    ұшақтар   шығару  да   бар.

Латын    Америкасы    машина   жасау    кешенінің  артта  қалып   қойғаны  метал   өңдеу    станоктарын    жасау. Темірпресс     жабдықтарын  және  күрделі   станоктағы   мұндағы    еш   елде    жасалынбайды.  Оның   орнына   Аргентина    мен   Бразилияда   токарлық    станоктарын   жасауда  біраз   жетістіктерге   жетті. Аз   мөлшерде    шет  елдерге   экспортталады.

Метал    өңдеуде    жетекші   салалы    ұзақ    пайдаланатын   заттарды  тігін, кір   жуу    машиналарын,  тоңазытқыш,  кондиционер, электр приборларын    шығару   жетекші    рөл   ойнайды. Бұл   еңбекті   көп   қажет   ететін    өндіріс   салалары    шетел   монополияларының    ықпалымен    дамушы  елдерге, әсіресе   Мексика    мен    Бразилияда   дамыту   үшін   өндірілуде. Бұл   екі   ел   капиталистік   әлемде   есептеу    машиналарын, интегралды   схемалар,  кеңсе    құралдарын  шығаруда  алға   жылжып  келеді.

Мұнай   өңдеу   өнеркәсібі    аймақтың      барлық    аудандарында   дамыған. 1995  жылы    мұнай   өңдеу    зауыттарының     қуаты    400 млн. т – ға  жетті, дүние  жүзіндегі   үлесі   14% – ға  жетті.

Мұнайды    өңдеу     мен    пайдалану   ерекшеліктеріне   байланысты   аймақ    елдері 3  топқа  бөлінеді:

  1. өз шикізатына негізделген , мұнай   және   мұнай   өнімдерін   экспорттайтын    елдер  –  Мексика , Венесуэла , Перу , Эквадор.
  2. мұнайды транзитті  өңдейтін    және    мұнай   өнімдерін    реэкспорттайтын    елдер –  Кариб    теңізі   елдері   мен   Панама    каналының  елдері.
  3. өз қажеттіліктері үшін   мұнай   өнімдерін    шығаратын   елдер.

Шет  ел    мұнай    монополияларының   қызмет     аясы    Кариб    бассейнінің    аралдары.  Осы  жерде   Венесуэла. Таяу    Шығыс      және   Орта    Шығыс,  Африкадан   әкелінетін     мұнай    негізінде  ірі  мұнай  өңдеу   зауыттарының    кешені    жасалған.  Әлемдегі   ірі   мұнай  өңдеу  зауыттары   Виргин   аралдарында   ( АҚШ ) – 37 млн. т , Багам  аралдары –   26,5 млн. т,  Кюрасао –    25 млн. т,  Тринидад – 24 млн. т, Арубада  – 23,5 млн. т    жылына   өндіріледі.  Бұл   зауыттар   әлемдік  деңгейде   АҚШ – тың  монеополияларының    қол    астында   қымбатырақ   өнімдер  шығарады.

Химия   өнеркәсібі    аймақтың    барлық   өңдеу   өнеркәсібінің   13% –ын  береді   және   машина   жасау    мен    метал   өңдеуден    кейінгі  екінші  орынды   алады. Латын    Америкасының    химия   өнеркәсібінің   әлемдік   саудасындағы   үлесі    5%. Бұл   сала   Мексика, Бразилия, Аргентинада  жақсы   дамыған.  Басты  орында   мұнай    химиясы   алады. Оның  кәсіпорындары   құрлықтың   барлық    елдерінде, сонымен   бірге   Аруба, Кюрасао, Тринидад , Виргин    және    Багам    аралдарында бар. Пластмасса, синтетикалық   смола,  химиялық   талшық   пен  синтетикалық   талшық  өндірісі   қарқынды   дамып    келеді. Жарылғыш    заттарды    шығару  мен  экспорттаудан   Латын    Америкасы   алдыңғы   орында,  әсіресе  Чили.

Ағаш   өңдеу    мен    целлюлоза – қағаз  жасау  өнеркәсібі.  Латын    Америкасында   ағаштың   әлемдік    қорының    2/5 – і  бар болса,  өңдеудің   ¼ – тиеді.

Орманды    өнекәсіптік   өңдеу   бойынша   бірінші  орында   Мексика,  оның    үлесіне   аудандағы   өндірістің    ½    тиеді. Одан  кейінгі  орыцндарда    Чили  мен  Мексика. Соңғы   жылдары   ағаш – түтікті  және  ағашталшықты  тақталарды   шығару   дамып  отыр.

Целлюлоза – қағаз    өнеркәсібі   соғысқа   дейінгі  жылдары  Чили, Аргентина    мен   Бразилияда   аз   мөлшерде    болатын.  Соғыстан   кейінгі  жылдары    қағаз    бен қатырма    қағаз   жасау   үшін   эвкалипт,  цепроний,  глелин    ағаштарын   қолдан   отырғызу   арқылы    дами  бастады   (Чили, Аргентина ) . Бұл   ағаштарды    қолдан отырғызу    арқылы    осы   салаға   шетел    инвестициясы   артып, қағаз   бен    целлюлоза   экспортының   негізі  қаланды. Дамушы    елдердің   арасынан   Бразилия   бірінші   орынға  шықсы,   Латын    Америкасы     Азия   мен   Африканы   басып  озды.

Тоқыма    өнеркәсібі   көне   әрі     дәстүрлі   салалардың   бірі. Бірқатар  елдерде    ол   өнеркәсіп   өнімінің    құны   бойынша   және   жұмысшы    күштердің    жұмылдыру    бойынша    маңызды   орын  алады.  Оның   негізі  ретінде    мақтакағаз   саласы    қала   береді, дегенмен   оның  үлесі  азаюда. Ол   Бразилияда  жақсы  дамыған, оның    тоқыма   өнеркәсібінің    70%  алады.  Мексикада    барлық    тоқыма    өнеркәсібінің   40%  құрайтын  синтетикалық   маталар    жасау  бағыты  дамыған.  Аргентина  мен   Уругвайда    жүн    шаруашылығы   басым.

Тамақ    өнеркәсібі   аймақтың   жетекші   салаларының   бірі  болғанымен, оның  үлесі    азайып   келеді. Жұмысшылар   саны   бойынша   ол басқа  салалардан   басып  озады.  Өсімдік    шикізатын    өңдейтін   салалардың  ішінде   бірінші   орында     қант   өндіру  ( дүние  жүзінде   өнімнің   ¼ –ін алады ). Барлық    елде    жеміс   консервілеу    кең   тараған.  Әлемдік  саудада   мексикандық   консервіленген   ананастар, ананас  шырыны, томат  пастасы  белгілі.  Аргентина   мен   Чили   баяғыдан   көрші  елдерге  және Еуропа  саудасына    шабдалы,  өрік, алма, алмұрт, қара  өрік   конфитюрын   шығарады.  Түрлі    жеміс   шырындарын    шығарудан   Бразилия   белгілі. Ол   қоюландырылған   апельсин   шығарудан    бірінші   орында. АҚШ  пен   Еуропада   Чили    мен  Аргентина   шараптары   жоғары  бағаланады.

Ет   және   балық   өнеркәсібінің   әлемдік  маңызы  бар. Ет   экспорты  ( жылына  1 млн.т )  негізінен  Батыс   Еуропа   елдері   мен   Жапонияға  бағытталады. Балық   ұнының   дүние    жүзілік   өндірісінде  Латын    Америкасының  үлесі   30% – дан жоғары.  Басты   өндіруші    және    экспорттаушы   елдер  – Перу   мен   Чили.

ІІ.3  Ауыл  шаруашылығы

Қолайлы    табиғат    жағдайлары   тропиктік   және   субтропиктік   зонада  ауыл    шаруашылық    жерлердің   басым   болуы    жылына    2 – 4  рет  өнім  жинауға   мүмкіндік    береді. Қазіргі    таңда   аймақтың   1/3 –і  ауыл   шаруашылық   жерлері   болса,   11% – өңделетін  жер. Ауыл  шаруашылық   жерлерінің     көлемін   ұлғайту  Бразилия   мен   Анд   елдерінде   иүмкіндік  бар. Бірақ   бұл   тропикалық   ормандар    мен  саванналарды  немесе  шөлді  аумақтарды    игерумен   байланысты.

Шөлейт   және   шөлді   жерлерді   игеру  басты  проблемелардың  бірі,  өйткені  олар  көбінесе   халық   қоныстанған   аудандарда  орналасады. Тынық   мұхиттық    жағалауда   мұндай   жерлер   сумен   жақсы  қамтамасыз  етілген   жағдайда  табиғи    өнімі   жоғары  болады.  Қазір   Перудің  барлық  өңделетіен   жерлерінің    ½ – і, Мексиканың   25%  , Чилидің  23%, Эквадордың   16%    жері   суарылады. Суармалы  егіншілік  үшін   су  ресурстарын   алу  өте    қиын.Сол   себепті    көп    қаржыны   қажет  етеді.

Латын    Америкасы    елдерінің   ауыл    шруашылығы  агрокапиталистік  қатынастардың    қарқынды   дамуы    жүріп   жатқанымен  де  отарлауға  дейінгі   қатынастардың   таңбасы   әлі   де   бар. Мұнда  феодализмнің  қалдықтары   барлық   жерде  бар: издольщина, батрактық,  батрактардың  еңбек   ақысын   өніммен   төлеу т.с.с Аз   қоныстанған  аудандарда  латифундия   жерлерін    экстенсивті   мал   шаруашылығы, тығыз  қоныстанған  жерлерде   қол   еңбегіне   негізделген  плантациялық   шаруашылық  дамыған. Латифундия  өнімдері   әдетте   сыртқы  саудаға  шығады.

Жерді  үйлестірудің   қатты  айырмашылықтары   тек  ірі  көлемді  елдерге   ғана    тән  емес. Орталық  Америка   мен   Кариб   бассейнінің   елдері  шаруашылықтың   көлемінің    орташа  мөлшері  көп  болмағанымен  айырмашылығы   айтарлықтай.

Балық   елдегі   көлемді  жерлер  түгелдей  дерлік  шетел   капиталына    тәуелді.  Мексикадағы    аграрлық  реформаға сәйкес  шет ел   капиталистеріне  шектеу   қойылса  да,  барлық   латифундиялар  солардың   қолында.  Шетелдік   мал   шаруашылық, плантациялық ,  орман   компаниялары   әдетте   ірі    капиталистік   кәсіпорындар.

Ауыл  шаруашылығынан  тыс  салаларға  шетелдік  капиталының   ағылуы  елді  - мекендер  мен    ауылдық    жерлерде   тауар  - ақша   қатынастарының нығаюына   алып  келді.  Ендігі    жерде    бұл  елдер   ауыл  шаруашылық  өнімдерінің   ірі   экспорттаушысы   ретіндегі   рөлінен  айырылып,  азық  -  түлік   өнімдері   мен   ауыл  шаруашылық   шикізатының    сырттан  әкелінуіне   тәуелді.

Аргентина   мен   Уругвайда   көне   капиталистік   қатынастар   дамыған   елдер   өзінің   ауқымды    жер   ресурстарымен   дүние  жүзілік  нарықтың  тікелей    ықпалымен    дамыған   болатын. Енді   капиталистік  кәсіпкерлік    өзіндік   сипатқа   ие   болып    « көшпелі  аренда »   дами   бастады.  Жеке   меншік  жері  жоқ  кәсіпкерлер   уақытша  жалға   алынған  латифундиялардың   егінін  өз  машиналарамен   егіп,  жинап  береді.  Мұндай   аренда   экстенсивті    өсімдік   шаруашылығына  негізделген, капитал   салымына  байланысты  емес   және   жұмыс  күшін  аз  уақыиқа   қажет   етеді.

Мексикада   өсімдік   шаруашылығы   суармалы   жерлерде  өтеді,  ал  « көшпелі  аренда »   жергілікті  ұсақ   кәсіпкерлерге  тиімсіз.  Мұндағы  кәсіпкерлер  АҚШ   саудасына   бағытталған   интенсивті  шаруашылықты  жүргізеді  және  жұмыс   күшінің  көп  ірі  арзан  түрін  пайдаланады.

70 жылдардағы    Чили, Перу, Панама    мен   Перудегі   аграрлық   реформаларындағы   қайта   құрулар   елдегі  латифундизмге  шек  қойып капитализмге   жол   ашты. Венесуэла, Колумбия, Эквадордағы   аграрлық  реформалар   айтарлықтай    нәтижеге   әкелді.

Өсімдік  шаруашылығы   аймақтағы   ауыл   шаруашылығының  жетекші  салаларының   бірі, Аргентина   мен  Уругвайдан  басқа  елдерде  басым. Жалпы    алғанда   өсімдік   шаруашылығының    3 әлеуметтік -  экономикалық  түрін   ажыратуға   болады: тұтыну  - ұсақ   тауарлы,  дәстүрлі  плантациялық, капиталистік.

Тұтынушылық  - ұсақ  тауарлы  өсімдік  шаруашылығы    барлық   жерде  дерлік  тараған. Оның   базасы   минифундизм   ұсақ    жер   телімдері  латифундизмнің  ажырамас  бөлігі. Мұндай  шаруашылықтың  басты  мақсаты – кішкее  жер   аумағынан   отбасының   көп   күшін  жұмсау  арқылы   сол   аймаққы  тән  азық  - түлік  өнімдерін   көп   мөлшерде  алу, болмаса   базарда   басқа   өнімдерге   алмастыру. Басты   дақылдар : жүгері  - барлық   жерлерде, тропиктік   жазықтарда  - маниока   мен   банандар, таулы  үстірттерде   картоп, қара   асбұршақ. Ірі   тауарлы   өнеркәсіпті   ішкі  және  сыртқы   саудаға   шығаратын   елдер  жоқ, кәсіпкерлер  өнімді  және  бәсекеге   қабілетті   өсімдіктерді  өндіруді  жөн  көреді.

Тропиктік    Латын   Америкасында   дәстүрлі   плантациялық   өсімдік  шаруашылығы   құлдық    кезеңнен   қазіргіге    дейін  айтарлықтай  өзгеріске   ұшырады. Латифундист  - плантоторлар  мен  шетелдік  компаниялар  еңбек  ету   аясын   кеңейтуде, машина, химялық   тыңайтқыштар  пайдаланып   жаңа   сұрыптарды   енгізуде  т.с.с. Өсімдіктерді  таңдау   дүние  жүзілік  нарыққа    тәуелді   және   тұрақытылығымен    ерекшеленеді.

Жалпы   плантациялық    мәдени    өсімдіктер   қаржыны  аз қажет  ететіндігі   мен көп  жұмысты  талап  етімен    ерекшеленеді. Ең  маңыздылары  -  қант  құрағы, кофе, какао, банан, мақта. Осы  өсімдіктер   Латын   Америкасындағы   өсімдік  шаруашылығының  мамандануын  анықтайды  және  аймаұтағы  ауыл   шаруашылық   өнімдер   экспортының   2/3  - сін   алады. Алайда  бұл   өнімдерінің   дүние  жүзілік   нарықтағы  бәсекелестіктің    артуымен    плантациялық   шаруашылықтың  артта  қалуымен   оның  үлесі  азаюда.

Қант  құрағы   -   кең  таралған  өсімдік. Оны   қантты  қант   қызылшасынан  алатын  Чили   мен  Уругвайдан  басқа  жерлерде   түгелдей  дерлік  өсіреді. Дүние  жүзіндегі  және  аймақтағы  қант  құрағының   ірі өндірушісі  - Бразилия   ( 1995  ж   30млн.т ). Куба    өндіріс  бойынша  екінші  орында. Мексикада  қант  құрағының  өнімдері  өз  қажеттіліктерін  өтеуге  кетеді.  Экспорттаушы    елдер: Ямайка, Доминикан   Республикасы, Гайана    ( өндірілетін   қанттың   75-95%) және  Орталық    Америка  елдері.

Кофе   -  тропиктік  Американың   барлық   елдерінде  өсіріледі. Бұл   дақыл  өтопыраққа  тым    төзімсіз   және  жылу  мен   ауытқуына   тез   бұзылады. Дүние   жүзілік   нарықта   Колумбия   таулы  қыратында  және  Орталық    Американың   кофе   сорттары   жоғары   бағаланады. Әлемде  кофе  өндіруден   жетекші   ел     Бразилияның  кофе  плантацияларына  ауыстырылуы    соңғы  жиырма  жылдың  ішінде   екі  рет   қатты  үсіктерге   душар етті.  Бұл  елдегі  өндірістті  азайтып   дүние   жүзілік    кофе  нарығына   әсер  етті. Енді  кофе   плантациялары   Минас  - Жерайс  штатына   ауыстырлды.

Какао   -  аймақтың    16   елінде   өсіріледі  және   олардың  барлығы  бұл  өнімді  сыртқа   шығаруға  талпынуда. Алайда  тек  үш  ел   ғана  ірі  көлемде  шығарады. Бразилия  (  аймақтағы  экспорттың   2/3 ), Доминикан   республикасы , Эквадор.

Аймақта   банандардың  ондаған   сұрыбын  өндіреді. Ұнды  сорттары    кедейлердің  тамағы. Десерттік  банандардың   кейбір сорттарын   тасымалға  төзімді   ірі   плантацияларда   өсіріледі.  Дүние  жүзіндегі  ірі  экспорттаушы    елдер   -  Эквадор  ( 1 орын ), Коста  -  Рика (2 орын ), олардың  үлесіне   аймақтағы    өндірістің     ½ тиеді. Экспорттың    30%  - ын    Гондурас, Колумбия, Панама   және     12 ел  береді.

Мақтаның   бірнеше   сортын, соның   ішінде   көпжылдық   ағаш    тектес   және    жіңішке    талшықты    түрлерін   Америкада     баяғыдан    өсіріледі. Мақта    шаруашылығымен    17  ел   айналысады,  11 ел   экспортқа    шығарады.  Алайда    Бразилия    мен     Аргентина   ( 1985  - 1995  ж   өнімнің   ½ - ін   береді )   капитализмнің    дамуы    мақта    плантацияларыдың   саны     күрт    төмендейді. Бұған    дейін    бұл    плантациялар   тегін    жұмыс   кұштерімен   қамтамасыз    етілген    болатын.  Сыртқа    шы,арылатын  өнімдер   бәсекеге    қабылетсіз  болып   қалды.  Аймақтағы    мақтаны    дүние   жүзілік   нарыққа    экспорттайтын   елдер  -  Парагвай , Мексика, Аргентина   мен    Бразилия   70% - ға  дейін  береді.

Дәнді – дақыл   өсіру   ауыл   шаруашылығының   басқа   да   салалары   сияқты   шет   ел   инвестициясының   ықпалы   басым  елдерде  өсіріледі.  Бірақ    ішкі     тұтынушы – саудада    пайдаланылады.  Капиталистік  өндірістің    басты   бөліктері  - бидай   мен   күріш.  Тек    Аргентина  ғана  сыртқы    саудаға    бидайды    ірі    көлемде   және   жүгері   мен    қарақұмықты     шығарады. Бразилия, Мексика, Аргентинада   соя   өсіру   тез   қарқын   алуда.

Ірі    қалалардың    маңында   көкөніс, жеміс -  жидек,  гүл   өсіретін  арнайы   шаруашылықтар    ұйымдасытырылған. Мексика, Гватемала  АҚШ – қа   томат,  пияз, құлпынай, ананас, қарбыз  шығарады. Колумбия  мен   Эквадор    орхидея  мен    басқа   гүлдер   шығарады.

Мал    шаруашылығы    басты    экстенсивті     мал   шаруашылығына   бағытталған. Ірі  қара    санының    адам    басына   шаққанда    Аргентина  мен   Уругвайда    2-3   есе  көп.  Ірі   қараның    өнімділігінде  айырмашылықтар   көп.  Ең    жоғарғы   көрсеткіш   Аргентина   мен   Чилиде,  ал   төменгі    көрсеткіштер   Орталық   Америка, Доминикан    Республикасында. Гаитиде   етті   тұтыну  шамасы    бойынша  жан  басына  шаққанда   тым  аз.  Бірақ     дәл   осы   елдер   ірі   қараның  етін   экспортын  ең   көп   шығаратын   елдер. Абсолюттік   қатынаста    аймақтағы    сиыр   еті  өнеркәсібінің   2/3 – сі   Аргентина  мен   Уругвайдың   үлесінде.  Мұнда   сүтті    мал    шаруашылығы,  етті – жүнді   қой    шаруашылығы    жақсы  дамыған.  Соңғы   кездері  бұл   көп   мөлшерде   экспортқа  шығарады. Бразилия   мен   Мексика   шошқаның   саны  бойынша  белгілі. Құс  шаруашылығы   барлық    жерде    дамыған.  Перу, Боливия, Экавадордың   таулы   аудандарында  лама   мен    альпак   өсіріледі. Жылқы    шаруашылығы   да   маңызды. Мексика    дүние    жүзінде   екінші   орында  болса, Бразилия    үшінші   орында.

ІІІ  тарау    Сыртқы   экономикалық   байланыстары   мен   транспорты

ІІІ.1  Көлік   жүйесі

Көлік    жүйесінің    дамуының   нашарлығы   аймақтың   экономикалық   дамуына   кедергі   келтіретін   басты   факторлардың  бірі.

Латын   Америкасының    қиыр   оңтүстігі   мен   ішкі    қоныстанбаған   үлкен   ауқымды   жерлерде   жолдар   тіпті   жоқ   деуге   болады.  Елдердің  арасындағы   құрлық    жолының   әлсіз   байланыстары   осының   нәтижесі. Ішкі  сауданың   тек   5%  ғана   құрлық   арқылы   жүзеге   асады.  Адамдар  жиі   қоныстанған  жерлерде     жолдардың   жиі  жүйесі  болғанымен  де   ұлттық    бір  кешенге    біріктілімеген. Бұл   көлік  жүйесінің   тарихи   қалыптасу   ерекшеліктеріне   байланысты. Бұл   19  ғ.  алғаш   теміржол  желілері   құрыла   бастағанда   минералды   шикізаттарды   кемежайларға тасымалдау   бағытында   шетелдік  кәсіпкерлердің  қол   астында   болды.  Бұл   жолдарды  І д.ж.с.   бері    қайта   жөнделмеген   және    жаңа    құрылыстары  салынбаған. Темір   жолдың   ұзындығы  - 120 мың. км. Оның   көп   бөлігі    Бразилия   мен   Аргентинаның   үлесінде   Венесуэла, Гайана  мен    Орталық   Америка   елдерінде  ( Панамадан   басқа   мұнда   каналмен паралельді   түрде   электрлендірілген    теміржол    желісі  бір   мұхиттан  екіншісіне   жүк  тасымалдауда  қарқынды   жұмыс  істеуде )  тым   аз.

Автокөлік    жолдары   аймақтың    барлық    елдеріндегі   көліктің   басты   түріне   айналды. Автомобиль   жолының   ұзындығы -  2,5  млн. км, оның   550  мың. км   қатты    төселген  жолдар. Бірқатар   елдерде  жолдарды   жетілдіру   жұмыстары   жетілдіру   жұмыстары   жүргізілуде, дегенмен  оларды   құрғақ    маусымда    пайдаланады. АҚШ – тың  шекарасынан   Буэнос – Айреске  дейінгі   барлық   елдің   астаналарынан   өтетін  ( гайана, Француз    Гвианасы   мен   Суринамнан   басқа )  панамерикандық   жолдың  маңызы  зор.

Құбыр   жолының     Венесуэлада  маңызы  зор, оның   ішкі  жүк  айналымының    ¾ - ін  құрайды. Ол   Мексика  мен   Аргентинада  да   айтарлықтай  рөл    ойнайды. Бұл    елдерде    құбыр   жолдары    аймақтағының    85% - ын   құрайды. Ірі    мұнай    құбыр   жолдары    Колумбия, Эквадор, Перу  мен   Боливияда   салынған.

Өзен    жолы   Латын   Америкасы  басқа  елдердің    жолымен  қоса  алғанда   қанша   артық    болғанымен   дамыған. Ла – Плата , Амазонка, Ориноко, Рио - Браво – дель – Норте   өзен  бассейндерінің  халықаралық  маңызы  бар. Көліктің    маңызы    жағынан   бірінші  орында   Ла – Плата  бассейні.

Теңіз    жолы    Латын   Америкасы   елдерінің   ( Мексикадан   басқасы )   сыртқы    экономикалық    байланыстары   үшін   маңызды. 1992  жылғы  теңіз   флотының   тоннажы    23 млн. т – ға  жетті  ( Панама  мен  Багамнан  басқа  ). Оның  жартысынан   астамы    Бразилияның   үлесінде . Дүние  жүзілік   кеме    қатынасында   « ашық   регистр  елі » -   Панама  ерекше  орын   алады. 1996  жылы  «Панама   флоты»  АҚШ  флотынан    6  есеге   асып   түсті.

Латын   Америкасында   тармақты    портты   шаруашылықпен   қамтамасыз   етілген: жүзден  аса  порттар   0,5 млн.т   жүк  айналымын, соның    ішінде    15  порт -  10 млн. т- дан    аса   жасайды.  Әмбебап   порттардың   ішінде   -  Рио- де-  Жанейро   және   Буэнос -  Айрес  ерекшеленсе  , мамандандырылған  Бразилия  порты, мұнай  тасымалы  жөнінен   Сан – Себастьян, кен  тасымалынан  -  Виктория – Тубаран  және  Сан – Луис, сонымен  бірге   Кариб   теңізінің    елдері   көзге  түседі.

Әуе   жолы  - жолсыз   жағдайларда   жолаушыларды  тасымалдау    бойынша  маңызды.  Колумбия, Аргентина  мен   Бразилияда  коммерциялық  рейстер   АҚШ- тан   бұрын   басталған   болатын. Бразилия  мен  Мексика  дүние   жүзінің    жолаушылар   тасымалы   жөнінен    дүние   жүзіндегі   алғашқы   ондыққа   кіреді.

ІІІ.2  Сыртқы   экономикалық   байланыстар

Латын   Америкасы   елдері    дүние   жүзілік   нарықта   дамыған   елдерге   аграрлы- шикізат   көзі    болып    табылады. Өнеркәсіптің   дамуымен   экспорт   құрылымында   елеулі   өзгерістер  болғанымен  де   аграрлы -  шикізат   мамандануы   әлі   де  болса   сақталуда. 1994   жылы   экспорт   мөлшерінің   60% -  ын   азық- түлік   тауарлары   мен   отын   шикізаттың   үлесінде. Сыртқа    қант, кофе, какао, банан, дәнді- дақылдар , цитрус   жемістері    мен  ет   шығарады. Ірі   экспорттаушы   елдер: қант - Куба, Бразилия, Колумбия; кофе – Бразилия  мен  Колумбия ; банан  - Орталық  Америка   елдері, Бразилия ,Эквадор; дәнді – дақылдар   мен  ет  - Аргентина  мен  Уругвай. 90  - шы   жылдардың   басында  дүние  жүзілік   экспортта  бананның   үлесі   80%, кофе -  60%,   сиыр   - 10%   жоғары, мақта   мен  какао -   20%   жуық .

Латын   Америкасы   -  шикізат    тауарларының   ірі  экспорттаушысы, ең   алдымен   мұнай, қара   және   түсті   метал    кендері. Мысты   шығару   бйынша  -  Чили, қалайы -  Бразилия    мен   боливия,  боксит - Бразилия    мен   Ямайка, темір  рудасы  -  Бразилия  мен   Ямайка, темір  рудасы -  Бразилия , қорғасын  мен    мырыш   өндіру   бойынша    Перу  ерекшеленеді. Басқа    экспорт    тауарларының    ішінен   мақта  (Бразилия ),  жүн  және   былғары   (Аргентина  мен   Уругвай )  ерекше   көзге   түседі.

Индусртияландырудың   дамуымен    кейбір  елдер,  әсіресе   Аргентина, Бразилия, Мексика  өнеркәсіп   тауарларын   шығара  бастады. Өңдеуші   өнеркәсіптегі   экспорттағы   жалпы    үлесі   38% - ға   дейін   өсті. Өнеркәсіп   экспортының     ½ -і  Бразилияның   үлесінде  болса,   ¼ -і  Мексикаға  тиесілі. Өнеркәсіп   тауарларының   экспортында   Латын   Америкасында  дамып    келе    жатқан   экспортты   өңдеу   белдемі, ал   аймақта   « индустриал    макиладорас »  деген    атпен   белгілі. Алғашқы   « макиладорас »   Мексикада    1965  жылы   құрылды.  « Макила »  - көне   испандық   термин.  Макиладорас   мақсаты    ірі  корпорациялар  елде  өзінің  шикізаты  мен   жартылай   фабоикаттарын    әкеліп, өңдейді  және   дайын  өнімді   алып   кетеді.

Қорытынды

Латын    Америкасы   деп   АҚШ   пен   Антарктида    аралығында  орналасқан    Батыс   жарты    шардағы   ауданды   айтады.     Латын    Америкасы   солтүстіктен   оңтүстікке   қарай  11  мың   км –ге   созылып  жатыр. 33   мемлекеттің   ішінен  тек  Парагвай    мен   Боливия    ғана    теңізге   шыға  алмайды.

Латын    Америкасы   минералды   шикізаттың   барлық   түрлерімен  дерлік  қамтамасыз  етілген,  оның   біраз   түрінен  әлемнің  басқа    аудандарынан  ерекшеленеді.     Айрықша   « қалайы   белдемі »  Анд   таулары  арқылы   Боливия, Перу   және   Бразилияның   жақын  аудандарын   алып   жатыр.     Латын Америкасы   темір   рудасының   жоғары    сапалы  түріне  бай,  әлемдік   қордың    1/4– і  осында. Материктің     жағаларын    шаятын   мұхиттық  ағыстар   және  атмосфералық  ауа    массаларының   циркуляциясы   оның   климатына   айтарлықтай    әсер   етеді. Аймақтың  көлемінің    60%    әлемнің   ірі  өзендерінің   бассейндерне  жатады. Әлемдік  ағынның       ¼  – іне    ие  бола   отырып  су    ресурстарымен   қамтамасыз   ету   бойынша   бес   құрлықтың  ішінде  жан   басына   шаққанда   1кмтерриторияға   әлемде    1-орын алады.

Латын    Америкасында  урьанизация  деңгейі  де  жоғары: 1995 жылы  қалаларда    74% . Урбанизацияның   процестерінің  ерекшеліктері   әр  елде  әртүрлі. Бұл   елдердегі    сауатсыздық    деңгейі   де   жоғары – 30– 60% ,  аймақ   бойынша   орташа    көрсеткіш  15%   шамасында.

Шетел   монополияларының    ықпалымен    сыртқы    нарыққа  тәуелді   біржақты    экономика    қалыптасты. Жеңіл   өнеркәсіптің   басымдылығын   ұзақ  уақыт   пайдаланатын    және    өнеркәсіп    құралдарын    шығаратын  салаларына  алмасты.

Континенттегі   және    дүние   жүзіндегі    мыс  өндіруден    жетекші  ел  Чили  ( 1995  ж    1,3 млн. т )  мыстан    бірінші   орын,   рафинадталған  мыс  бойынша    АҚШ   пен     Жапониядан   кейінгі   үшінші  орында.    Мұнай   өңдеу   өнеркәсібі   аймақтың      барлық    аудандарында   дамыған. 1995  жылы    мұнай   өңдеу    зауыттарының     қуаты    400 млн. т – ға  жетті, дүние  жүзіндегі   үлесі   14% – ға  жетті.

Қазіргі    таңда   аймақтың   1/3 –і  ауыл   шаруашылық   жерлері   болса,   11% – өңделетін  жер. Жалпы    алғанда   өсімдік   шаруашылығының    3 әлеуметтік -  экономикалық  түрін   ажыратуға   болады: тұтыну  - ұсақ   тауарлы,  дәстүрлі  плантациялық, капиталистік.

Ірі   қараның    өнімділігінде  айырмашылықтар   көп.  Ең    жоғарғы   көрсеткіш   Аргентина   мен   Чилиде,  ал   төменгі    көрсеткіштер   Орталық   Америка, Доминикан    Республикасында. Гаитиде   етті   тұтыну  шамасы    бойынша  жан  басына  шаққанда   тым  аз.  Ірі   экспорттаушы   елдер: қант -  Куба, Бразилия, Колумбия; кофе – Бразилия  мен  Колумбия ; банан  - Орталық  Америка   елдері, Бразилия ,Эквадор; дәнді – дақылдар   мен  ет  - Аргентина  мен  Уругвай.

Пайдаланған  әдебиеттер

  1. 1. Леонов Н.С. « Нам есть  что   позаимствовать   из   опыта  Аргетины                                                                                                          » //  Латинская  Америка // М. 1995 № 3., 356 б [ 175- 181с]
  2. Пименова Р.А Аргентина : У картины  мира М., Мысль., 1987  г.,  285б [ 194-198 с]

3.Родионова И.А., Холина  В.Н «Политическая  картина  мира »  М,1995 г., 213б  [156 – 158с]

  1. Романова З.И « Развитие   капитализма   в  Аргентине » ., М., Наука., 1995 г 280 б [ 219-254с]
  2. Сан – Эстебан Р  « Сельское   хозяйство  Аргентины »  М., Наука., 1984 278б [145-149с]
  3. Культура Аргентины . М., ИЛА., 1997  255б /238-243с/
  4. Ю.В.Бромлей., Р.Г.Подольный «Человечество-это  народы» М; «Мысль»  1990г.,  203б /267-269с/
  1. Витвер И.А « Экономическая география  в  Зарубежных  странах » М., Просвещение .,  1967  280 б [ 213-227 с]
  2. Алтухов В. О   смене  порядков  в  мировом  общественном  развитии // МЭНО.   1995  г., 420 б., [ 218-222с]
  3. Социально – экономическая география    зарбежного   мира ., Учебное  издание   « Крон  Пресс » 1995г., 510 б [ 398-401с]

Похожие материалы