Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда банк кредиттерінің көлемі 0,8% артты

Қазақстанда банк кредиттерінің көлемі 0,8% артты

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың маусымында банктік кредиттеу 12 трлн 701,6 млрд  теңгені құрап, 0,8 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылдың маусымында заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі - 0,2 пайызға (8 трлн 489,9 млрд теңге), жеке тұлғаларға берілген кредит - 2 пайызға (4 трлн 211,7 млрд теңге) өскен.

Ал теңгемен берілген кредит көлемі 1,5 пайызға (9 трлн 34,8 млрд теңгеге) жеткен.

2017 жылдың маусымының соңында ұзақ мерзімді кредиттер - 1,1 пайызға (10 трлн 677,7 млрд теңге) артып, қысқа мерзімді кредиттер - 1,2 пайызға (2 трлн 23,9 млрд теңге) төмендеген.

Аталған мерзімде шағын бизнеске берілген кредит - 2,2 пайызға, сауда -19 пайызға, өнеркәсіп - 13,9 пайызға, құрылыс - 7,7 пайызға, ауыл шаруашылығы - 5,9 пайызға дейін артқан.

Похожие материалы