Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Трамп ақ үйдің PR-директорын қызметінен босатты

Трамп ақ үйдің PR-директорын қызметінен босатты

Вашингтон. 1 тамыз. 7kun.kz - АҚШ президенті Ақ үйдің қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Энтони Скарамуччиді қызметінен босатты. Бұл туралы президент әкімшілігі ресми мәлімдеді.

"Энтони Скарамуччи Ақ үйдің қоғаммен байланыс жөніндегі директорлығынан босатылды. Ол бұл қызметті аппарат басшысы Джон Келлиге беріп, оған өзінің командасын жасақтауға мүмкіндік берді", - делінген мәлімдемеде.

Осыған дейін New York Times Скарамуччидің отставкаға кетуі мүмкін екенін жазған. Дүйсенбіде президент аппаратының басшысы Джон Келли ант қабылдап, қызметіне кіріскен соң Скарамуччи қызметінен кетті.

"Политико" басылымы Скарамуччи Келлидің өтініші бойынша босатылғанын жазды. Скарамуччи Ақ үйде бар болғаны 10 күн жұмыс істеді.

Өткен аптада Скарамуччи жаңа қызметке тағайындала салысымен Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеуніктерінің, атап айтқанда, бұрынғы аппарат басшысы Рейнс Прибустың сынына қалған еді. Кейін Прибустың орнына Келли аппарат басшысы болды.

Дереккөз: azattyq.org

Похожие материалы