Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар күрт қымбаттады. Ең жоғарғы курс 340 теңгеге жетті

Доллар күрт қымбаттады. Ең жоғарғы курс 340 теңгеге жетті

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 тамыздағы доллардың орташа бағамы 334,53 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 335,80 сауданың аяқталуы кезінде 335,07 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 212 млн 700 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 309.

Ақша айырбастау орындарында 2 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 340 теңгені құраған.

Похожие материалы