Шымкент. 7 тамыз. 7kun.kz - Қытай салымшылары Оңтүстік Қазақстанда екі зауыт салады. Мұндай шешім облыс әкімі Жансейт Түймебаевтың қытай инвесторларымен кездесуінде қабылданды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызыметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан Облысында қытайлық кәсіпкерлер биоэтанол шығаратын зауыт, ал Созақ ауданында фосфорлық қоқыстарды өңдейтін зауыт салады.
Бұл кездесуде әкім шетелдік инвесторларға облысымыздың индустриалды-инновациялық жобаларын көрсетті. Әкім шетелдік кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктерді де атап өтті.
"Еліміздің басты мақсаттарының бірі ол инвестицияны елімізге әкелу. Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз, оларға қолайлы жағдай жасаймыз. Қазіргі уақыта бұл өңірде 11 индустриалдық және жалғыз арнайы экономикалық аймақ іске қосылды. Шетелдік инвесторлар кедендік төлемнен және мүліктік салықтан құтылады. Өздерінің инвестициясына қолайлы инфроструктуралы жер көлемі бөлінеді", - деп атап өтті Түймебаев.
Өз кезегінде Сианжун Цао басқарып отырған қытайлық инвесторлар өздерінің зауыт салуға қызығушылықтарын білдірді.
Биоэтонолды шығару барысында шетелдік инвесторлар Оңтүсіқазақстандық жүгері, бидай және арпаны пайдаланады. Кездесу аяқталарда облыс әкімі осы жобаларды қолдайтынын айтты. Осы жобаға жауапты адамдарға құжаттарды үдету, жер көлемін бөліп беру, осы жылы екі зауыттың іргетасын қалау сынды нақты тапсырмалар берді.