Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 17 тамыз доллардың орташа бағамы 332,54 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, күндізгі сессияда сауда көлемі 49 млн 450 мың доллар болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,68 теңгені құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 153 млн 600 мың болды.
Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.