Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қыркүйекте 1,5 млн доза тұмауға қарсы вакцина ауруханаларға түседі

Қыркүйекте 1,5 млн доза тұмауға қарсы вакцина ауруханаларға түседі

Астана. 28 тамыз. 7kun.kz - Дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» 2017 жылғы эпидемиологиялық маусымға бір жарым миллиондай доза тұмауға қарсы вакцина сатып алды. Бұл туралы дистрибьютордың баспасөз қызметі хабарлады.

Бірыңғай дистрибьютор басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, вакцинаның мұндай көлемін жеткізуге шарт тендер қорытындылары бойынша 2016 жылдың қараша айында жасалып қойған. Халықтың неғұрлым осал тобына тегін вакцинация жасау үшін мемлекет 1,2 млрд теңгеден аса қаражат жұмсады.

«Сатып алуларды жүзеге асыру өткен жылдың күзінде орын алған болатын, алайда жеткізу ол бастан эпидмаусымның ең басына, яғни 2017 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Қазір осы мезгіл жетті және жақын арада өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына вакцинаны түсіру жұмыстарын бастайды», - деп түсіндірді Максим Касаткин.

Ол, сонымен қатар, егер қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда өнім беруші қазақстандықтар үшін тағы да жарты миллион дозаға дейін вакцина жеткізе алатынын хабарлады.

Айта кету керек, біздің елімізде тұмау вирусынан халықты вакцинациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Вакцинациямен қамту арқасында Қазақстанда ЖРВИ және тұмау аурушаңдығы 2006 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде үш жарым еседен астамға төмендеді.

Похожие материалы