Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Техастағы "Харви" дауылы аймағында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр

Техастағы "Харви" дауылы аймағында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz - Техастағы дауылға байланысты АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттар сол жерде тұрып жатқан қазақ диаспорасының белсенділерімен тығыз байланыста. Төтенше жағдай енгізілген аумақта жүздеген қазақстандық болуы мүмкін, деп жазды ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов фейсбуктегі өз парақшасында.

«Вашингтондағы Қазақстан консулының байланыс деректері мен қажет болған жағдайда байланысу үшін шұғыл желі телефон нөмірлері бар ақпарат таратылды. Ресми тұлғаның дерегі бойынша, дәл осы уақытқа дейін зардап шеккендердің арасында  Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Қазіргі таңда төтенше жағдай аймағында жүздеген қазақстандық болуы мүмкін», - деп жазды Әнуар Жайнақов.

Похожие материалы