Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда бірқатар оқу нысандарын сейсмикалық нығайту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматыда бірқатар оқу нысандарын сейсмикалық нығайту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz - Алматыда 2017 жылы алғаш рет 28 оқу нысаны - 22 мектеп пен 6 балабақшаны сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2017 жылдың соңына дейін 2 мектеп пен 6 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі салынады, сонымен қатар 6 мектеп пен 1 балабақшаны қайта жасау және олардың жанынан қосалқы нысандар салу қарастырылған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде №71, №106, №53, №63 - төрт мектепте және №69 бен №80 - екі балабақшада сейсмикалық нығайту жұмыстары аяқталған. Қыркүйекте №10 мектепте және №77,№82 - 2 балабақшада жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша №187, №192, №4, №162, №19, №118, №101 - 7 мектепте жұмыстар қазан айында, ал №20, №104, №130, №94, №21, №110 - 6 мектепте қарашада, Үміт үйі мен №46 мектепте жұмыстар желтоқсан айында аяқталады.

Қалада мектеп жасына дейінгі 7 балалар мекемесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, №110 мектеп жанында балабақша салынады, №6 балабақша жанындағы қосалқы нысанның құрылысы бітеді. Келер жылы №184, №185 мектептер жанындағы балабақшалар, Наурызбай және Алатау аудандарында әрқайсысы 320 орынды 3 балабақша пайдалануға беріледі.

Білім берудің 8 нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл аяғына дейін №77 және №156 мектептер жанындағы қосалқы нысандар құрылыстары аяқталады. 2018 жылы Наурызбай ауданында 1200 орынды, Алатау ауданында 600 орынды мектептер, №1 Педагогикалық колледж бен №151, №185 және басқалары жанынан қосалқы нысандар іске қосылады.

Айта кетерлігі, соңғы 5 жыл ішінде қалада 15 мың орынды 280 балабақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек 2016 жылы ғана жергілікті бюджет есебінен 500 орынды 4 балабақша іске қосылды. «Шаңырақ», «Қалқаман» ықшам аудандарында мектептер жанына 1800 орынды қосалқы нысандар салынды.

Мемлекеттік жеке әріптестік аясында 2016 жылы жеке қаржы есебінен 5,7 мың орынды 175 балабақша мен мини орталық ашылды. 2017 жылы 200 орынды 57 жеке балабақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан жасалған қолдау арқасында 14 млрд теңге бюджет қаржысы үнемделді.

Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 балабақша салу жөнінде шешім қабылданған. 3 мың орынды 24 балабақша коммуналдық меншікке беріледі. Осының арқасында бюджеттің 24 млрд теңге қаржысы үнемделді.

Алматыда «Жастар жылы» жарияланған соң Жол картасы жасалды. Нәтижесінде 2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланды. 1200 орынды тағы бір жатақхананың құжаттары дайындалып жатыр. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірге жастардың жеңілдетілген заем арқылы жаңа пәтер алуына мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама жасалды.

Похожие материалы