Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда SAP UP әлеуметтік стартаптар байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстанда SAP UP әлеуметтік стартаптар байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz - SAP компаниясы әлеуметтік стартаптар байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау кезеңінің басталуы туралы жариялайды.

Байқауға келесі 8 бағыттың бірінде жұмыс істейтін кез келген ұйым қатыса алады: экология, жаңа технология, аумақтардың дамуы, саламатты өмір салты және спорт, медицина және денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.

Байқаудың ерекшелігі SAP-Innovation Management шешімі негізінде құрылған айқын іріктеу жүйесі мен қатысушыларды сараптамалық бағалайды. Байқаудың қазылар алқасы бір ай бойы алдын ала іріктеуден өткен өтінімдерді бағалайды.

Жеңімпаз-команданы 1,7 млн теңге көлеміндегі ақшалай жүлде күтеді. Екінші және үшінші орынға ие болған командалар Берлиндегі Social Impact Lab әлеуметтік маңызға ие жобалар орталығына сапар ұтып алады.

Қазақстандағы SAP UP байқауына өтінім қабылдау 2017 жылдың 9 қазанға дейін жалғасады.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда байқау екінші рет өкізіліп жатыр. 2016 жылы байқауға қатысу үшін 250-ден астам өтінім түскен және SAP UP 1 500 000 теңге көлеміндегі гран-при жүлдесін мүмкіндігі шектеулі адамдарға киімді шығаратын «Nuralau» жобасы жеңіп алды. Төрт жоба әлеуметтік жүлде – Еуропадағы әлеуметтік инновациялар лабораториясында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Байқауға қатысу үшін биыл сауалнаманы мына сайтта толтыру қажет: http://sap-up.org/.

Похожие материалы