Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 334,66 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 334,66 теңге

Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 334,66 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 335,51 тг, сауданың аяқталуы кезінде 335,51 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 125 млн 200 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 281.

Ақша айырбастау орындарында 8 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 339,50 теңгені құраған.

Похожие материалы