Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bank RBK-ның басқарма төрағасы болып Жакубаева Марпа тағайындалды

Bank RBK-ның басқарма төрағасы болып Жакубаева Марпа тағайындалды

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылғы 11 қыркүйекте Bank RBK-ның төрағасы болып Марпа Жакубаева тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Төраға ауысуынан бөлек, банк басқармасында екі маңызды тағайындау өтті. Банк басқарма төрағасының орынбасары болып Нурхан Нурланов, басқарма төрағасының орынбасары болып - "Қазақмыс холдинг" қауіпсіздік бойынша директор қызметін атқарған Данияр Смагулов тағайындалды.

"Bank RBK" АҚ басқарма төрағасы лауазымында еңбек еткен Игорь Мажинов енді банктің бәсекелестікке қабілеттілігін күшейтумен байланысты стратегиялық сұрақтарымен айналысады. Одан бөлек Игорь Мажинов банктің стратегиялық серіктесі - "Қазақмыс холдингімен" ынтымақтастығын нығайтуға жетекшілік етеді. Аталған жұмыстың маңыздылығы мен жауапкершілігін ескере отырып, Мажинов мырза банктің шұғыл қызметіне басшылық ету өкілеттігін босатуды дұрыс деп санаған.

«Жакубаева Марпудың Bank RBK-ның іргетасын қалауда және дамуында еңбегі зор. Банк акционерлері оның кәсіби және басқарушылық қасиеттерін, тәжірибесін және ұжымды басқара алатын қабілеттерін жоғары бағалайды. Директорлар кеңесі басқарма төрағасы орнына басшы таңдауда қателескен жоқ", - дейді Bank RBK-ның директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Мажинов.

Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қыркүйегінде жағдай бойынша банк активтері 1 017,3 млрд теңгені, несиелік портфель – 723,0 млрд теңгені, клиент қаражаты – 594,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 206,7 млрд теңгені болған.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы