Алматы. 15 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанда оқулықтар бағасы 2017 жылдың тамызында 8,1 пайызға, ал апталық газеттер бағасы - 9,2 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы energyprom.kz хабарлайды.
Астана қаласында оқулықтар мен анықтамалар бір данасына - 22,7 пайызға (1805 теңгеге), Семейде - 8,4 пайызға (116 теңгеге), Атырауда - 1 пайызға (133 теңгеге) артқан.
2017 жылдың I жартыжылдығында қазақстандық басылымдар 19,66 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға төмен. Тізімнің басында ең ірі кітап баспаханалары орналасқан Алматы және Астана қаласы тұр. Алматыда басылым қызметінің көлемі 8,28 млрд теңге, ал Астанада - 4,88 млрд теңге болған.
Айгүл Хожантаева