Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда соя тұздығын шығаратын зауыт іске қосылды

Алматыда соя тұздығын шығаратын зауыт іске қосылды

Алматы. 15 қыркүйек. 7kun.kz — Алматыда қала күні қарсаңында «ЦИН-КАЗ» ЖШС кәсіпорны соя тұздығын шығаратын зауытты іске қосты. Бұл еліміздегі бірден-бір соя тұздығын шығаратын зауыт. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Зауыт бұдан бөлек көкөніс салаттарын дайындаудың жаңа желісін іске қосты. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны қолданыстағы өндірісті жаңғырту, автоматтандыру және кеңейту жүргізгеннен кейін 2 жаңа цех пайдалануға енгізілді. Өнімнің қызанақ пастасы, кетчуп, жеміс тоспасы және тұздық секілді барлығы 20-дан астам тауарлар атауымен аталатын түрі бар.

Компанияның өнімі Қазақстанның, Ресейдің және Қырғызстанның 42 өңіріне ұсынылды.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы