Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азия даму банкі Қазақстан экономикасына 3 млрд доллар қаржы салады

Азия даму банкі Қазақстан экономикасына 3 млрд доллар қаржы салады

Астана. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Азия даму банкі Қазақстанға 3 млрд доллардан астам қаржы салады. 2021 жылға дейінгі жоспар бойынша, қаржы экономиканы әртараптандыру үшін және инклюзивті дамытатын шараларды қолдауға жұмсалады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Банк ауылшаруашылығы және ирригация, қаржы, көлік, сумен жабдықтау және суды бұру сияқты салаларда жобаларды жүзеге асыру үшін егемен және егемен емес қаржыландыру түрін ұсынады. Бұған дейін қаржы институты жол салу және әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға басымдық берген. Енді ауыл шаруашылығы мен жасыл экономика бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев «Азия Даму банкінің» Қазақстанмен ынтымақтасатын үш саласы туралы айтып өтті. Олар:

• жеке секторды қаржыландыру, экономикалық әртараптандырудың негізіндерін нығайту;

• инклюзивтік дамуды қолдау мен инфрақұрылымдық кедергілерді жою арқылы теңсіздікті төмендету және қызмет көрсетуді қолдау;

• климаттың өзгеруі аясында энергия тиімділігін арттыру, жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту және климаттың өзгеру салдарын жеңілдету мен бейімделу бойынша шараларды қолдау арқылы орнықты, жасыл өсуге жәрдемдесу.

Қазақстан Азия даму банкімен 1994 жылдан бері серіктес. Банктің штаб-пәтері Манилада орналасқан.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы