Аcтана. 27 қыркүйек. 7kun.kz — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында ақпарат және коммуникациялар саласындағы заң жобасын түсіндіретін видеожолдауды жария етті.
"Қымбатты достар, уәде етілгендей, ақпарат және коммуникациялар саласына қатысты заң жобасындағы өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған видео назарларыңызға ұсынылып отыр. Бұл видеода мен жобадағы ең көп талқыланған нормаларға тоқталдым" , - деп пікір білдірді.
Министр заң жобасындағы адамның жеке құпиясын жария ету, кәмелетке толмағандардың жеке деректерін жариялауға шектеу, журналистік этика негіздерін енгізу, мемлекеттік органдардың БАҚ сұрауына жауап беру мерзімін өзгерту сияқты нормаларды түсіндірді.
https://www.facebook.com/100012262025729/videos/vb.100012262025729/392179081200823/?type=2&theaterАйгүл Хожантаева