Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Алматы-2017 туры» командаларының таныстырылымы өтті

«Алматы-2017 туры» командаларының таныстырылымы өтті

Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz - Абай алаңында «TUR ALMATY - 2017 халықаралық көпкүндік кәсіби велоспорт» атты Орталық Азиядағы ең ірі велосипед спорты бойынша жарыстарға қатысатын командалардың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара барысында әлемнің 17 елінен 20 команда қатысты: Қазақстан, Франция, Әзірбайжан, Иран, Малайзия, Өзбекстан, Қытай, Латвия, Украина, Жапония, Италия, АҚШ, Швейцария, Германия, Ұлыбритания және т.б. деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

- Біздің велокоманда келесі жылдан бастап жартылай кәсіпқой болмақ. Құрамында 12 спортшы бар, алдағы уақытта әлі де қосылатын болады. Ең алдымен біз өзімізді көрсетуіміз керек, көптеген жарыстарға қатысып ұпайлар жинауға тырысамыз. Келесі жылы осы Алматы турына қатысамыз деген ниеттеміз, ол үшін көп жұмыс істеу керек, - деді «Apple Team» капитаны Мақсат Аязбаев.

Сонымен қатар, қалада велоспорт үшін 63 шақырым жол ұйымдастырылған, Almaty bike - автоматтандырылған велосипедтер жалға беруді іске қосты. Бүгінгі күнге дейін жобаның белсенді пайдаланушылары 3000 адамға дейін өсті, ал қала бойынша олардың сапарлар ұзындығы 215 мың км-ден асты.

Естеріңізге сала кетейік, турдың ерекшелігі - көп күндік веложарыс мәртебесінде алғаш рет өткізіледі. Қатысушылар екі кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы жіктеуде жеңіске жету үшін күреседі. Сонымен қатар, жарыстың екі күндік форматы спортшыларға Азия Чемпионатында және Олимпиада ойындарында одан әрі біліктілігін алу үшін көп ұпай жинауға мүмкіндік береді.

Байқаудың бағыты таудың беткі жағында орналасады: «Алматы туры» бірінші кезеңі ҚБТУ ғимаратының жанында басталады, қатысушылар Төле би, Фурманов, Сәтпаев, Байзақов, Абай және Желтоқсан көшелерінің бойында «қала шеңберін» өтуі керек. Бірінші кезеңнің аяқталуы Алматы аренасының аумағында орналасады. Веложарыстың екінші кезеңі «Халық Арена» ғимаратында басталады және Шығыс айналма жолы-Әл-Фарабиден Тұңғыш Президент саябағынан Медеуге дейінгі соңғы учаскеден өтеді.

Похожие материалы