Алматы. 3 қазан. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанда инфляция 4,2 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы тоғыз айда (2017 ж. қыркүйек 2016 ж. желтоқсанға) 3,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларына – 5,5 пайыз, ақылы қызметтерге – 4,3 пайызға өсті.
2017 жылдың басынан бағаның өсуі қой етіне 12,7 пайыз, сиыр етіне – 12,6 пайыз, консервіленген сүтке – 9,2 пайыз, картопқа – 8,4 пайыз, кондитерлік өнімдерге – 8 пайыз, сары майға – 7,6 пайыз, жылқы етіне – 7,5 пайыз, мәйекті ірімшікке – 7,2 пайыз, мұздатылған балыққа – 6,7 пайызға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 61,9 пайыз, қызанаққа – 58,6 пайыз, жұмыртқаға – 29,4 пайыз, сарымсаққа – 26,7пайыз, тәтті бұрышқа – 25,4 пайыз, қарақұмық жармасына – 21 пайыз, қантқа – 10,3 пайыз, күнбағыс майына – 10,1 пайызға тіркелді.
Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 8,9 пайыз, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 7,2 пайызға, автомобильдерге, кітаптарға – 6,6 пайыздан, киім және аяқ киімге – 5,3 пайыз, тоқыма бұйымдарына – 5,2 пайыз, газеттер мен журналдарға – 5 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге – 4,8 пайыз, жеке қолданатын тауарларға – 4,3 пайызға, тұрмыстық аспаптарға, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,1 пайыздан, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,6 пайызды құрады. Дизель отыны 13,3 пайыз, бензин – 8,7 пайыз, баллондағы сұйытылған газ, тас көмір – 7,8 пайыздан қымбаттады.
Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7 пайыз, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8 пайыз, денсаулық сақтау – 6,5 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 6 пайыз, қоғамдық тамақтандыру – 3,7 пайызға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 13,9 пайыз, ішкі қалалық автобуспен – 8,9 пайыз, қалааралық – 4,9 пайызға қымбаттады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен – 0,5 пайызға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 10,8 пайыз, кәрізге – 9,2 пайыз, орталықтан жылытуға – 7,3 пайыз, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 6,3 пайыз, суық суға – 4,9 пайызға, электрэнергиясына, ыстық суға – 3,6 пайыздан жоғарылады.
Айгүл Хожантаева