Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 қазандағы доллардың орташа бағамы 343,21 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 342,95 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 343,40, сауданың аяқталуы кезінде 343,35 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 36 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 94.
Ақша айырбастау орындарында 4 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.08) Алматыда 345 теңгені құраған.