Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 қазандағы доллардың орташа бағамы 343,75 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 343,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 344,20 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 344,05 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 103 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 245.
Ақша айырбастау орындарында 4 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.50) Алматыда 345,5 теңгені құраған.