Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

25 жыл ішінде Алматы экономикасы 100 есеге өсті- Бауыржан Байбек

25 жыл ішінде Алматы экономикасы 100 есеге өсті- Бауыржан Байбек

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – 25 жылы ішінде Алматы экономикасы 100 есеге, тұрғын үй қоры 2 есеге, шағын және орта кәсіпорындар саны 120 есеге өсті. Сауда, қаржы және басқа қызметтер 88 пайызды құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек «Almaty Invest-2017» форумында мәлімдеді деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Almaty Invest-2017» әлемнің 28 елінен 500-ден астам қатысушыларды жинады. Форумды аша отырып, қала әкімі Бауыржан Байбек әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайызын құрайтын әлемнің ең үздік 600 қалаларының қатарына кіріп, бүгінгі күні қала жаһандық бәсекелестікке қатысатындығын айтады.

«2016 жылдың Worldwide Cost of Living рейтингісінде Алматы өмір үшін арзан және тартымды мегаполистердің бірі деп танылды. Біз өмір сүру сапасын жақсарту мен қолайлы инвестициялық климатқа басым назар аударамыз. Бұл - «Алматы-2020» бағдарламасының негізгі басымдықтары», – деді Бауыржан Байбек.

Мегаполис әкімі Қазақстан Президентінің ауқымды институционалдық реформаларының арқасында әкімшілік кедергілерді айтарлықтай қысқартқанын атап өтті. Инвесторларды қалалық қызмет көрсету орталығы және «Казахстан Инвест» ұлттық компаниясының өкілдігі сүйемелдейді. Шешімдердің ашықтығы бизнес пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі комиссияларының, оның ішінде жекешелендіру мен МЖӘ, Алматыдағы сарапшылар мен іскерлік кеңестердің жұмысына кеңінен қатысуымен қамтамасыз етіледі. Шағын және орта бизнесті жеңілдікті несиелендіру бағдарламалары арқылы мыңдаған жобалар жүзеге асырылуда. Басымды салаларда заттай гранттар,  субсидиялар мен жеңілдіктер қарастырылған.

Бұдан былай жобаларды пысықтау үшін бизнеске қала әкімшілігіне баруға тиіс емес. «Оpen Almaty» бір терезесінің қағидаты бойынша кеңес алып немесе веб-сайтқа және телефонға өтініш қалдыра алады. Бизнесті жүргізу үшін қажетті деректерге қол жетімділік ашылды. Алматы қаласының "ГенПлан" порталында қызыл желілер мен инженерлік желілердің схемалары жарияланған. Жолдарды, жылу желілерін, аула алаңдарын, қоғамдық орындарын жөндеу бойынша әкімдіктің жоспарлары жарияланды.

«Қазіргі таңда көлеңкелі экономиканы қысқарту және салықтық әкімшілікті жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы Президенттің тапсырмасы бойынша мүлік пен активтер заңдастырылды. Тек Алматыда экономикаға 14 миллиард доллар тартылды. Бұл жылдық салық базасына 300 миллион доллар берді. Барлық жерде ақшасыз есеп айырысу енгізіледі. Осылайша, жолаушылар тасымалы бойынша көлік карталарын енгізу «айқын кірістер» 60 пайызға өсуін қамтамасыз етті. Көше паркингтерін автоматтандыру 5,5 есе артты », – деді  ол.

Алматыда Қазақстанның бас банктері мен сақтандыру компанияларының 90 пайызын құрайтын, үлкен халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялар  бар.

2018 жылдың күзіне қарай БҰҰ аймақтық хабының ашылуы жоспарланып жатыр. Алматыдағы ерекше орын және өмір сүру мен жұмыс істеу  үшін қолайлы жағдайлар аймақтағы бас офистерді ашуды ынталандырады. Қазақстандағы барлық бірлескен кәсіпорындардың 43 пайызы Алматы қаласында жұмыс істейді.

Швед мамандарымен бірлесе репродуктивтік  денсаулық орталығы, ал түріктермен – көпсалалы клиника ашылды. Трансплантация және кардиохирургия жапон, корей, неміс және ресейлік әріптестерімен бірге жүргізіледі. Келесі жылы АҚШ-тың "Almaty Mount Sinai" ауруханасының құрылысы басталады. Сондай-ақ Жапондық "Medical Excellence" диагностикалық орталықтың ашылуына қатысты келісімге қол жеткізілді.

Алматы әкімінің сөзінше, қалалық ортаның жайлылығына және экологияға ерекше назар аударылады. Еуропалық стандарттарға сай тарихи орталықтардың  үштен бірі абаттандырылған және жыл сайын маңызды орындардың қамтылуы кеңейтілетін болады. 2018 жылы 3-ші буынның неміс электроавтобусын шығаратын зауыт  ашылады, сондай-ақ қоқыс сұрыптайтын кешен ашылады.  Бұл кешен итальяндық технология бойынша қуаттылығы 550 мың тонна тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен  және 60 мың тонна қайталама шикізат шығарады. Әуежай басшылығымен 2-ші терминал салу туралы шешім қабылданды. Халықаралық ұшу залы және транзиттік аймағы кеңейтілетін болады. Халықаралық компаниялардың  да қатысуы кейтерингтік қызмет көрсетуді жақсартады. Осының арқасында қалаға бірден ұшып келудің жоғары деңгейлі жайлылығы  қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, қала әкімі мегаполистің  инвесторлар үшін құрылған индустриялық және арнайы экономикалық аймағындағы "инновациялық технологиялар паркінің" келешегі мен мүмкіндіктері туралы айтты.

Естеріңізге сала кетсек, өткен форум нәтижесінде 7,7 млрд теңгелік бес жоба іске асырылды. Яғни 1200-ден астам жұмыс орны ашылды.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы