Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 343,67 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 343,67 теңге

Алматы. 6 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 қазандағы доллардың орташа бағамы 343,67 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 343,25 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 343,82 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 343,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 113 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 297.

Ақша айырбастау орындарында 6 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.46) Алматыда 346 теңгені құраған.

Похожие материалы