Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде шығатын америкалық БАҚ жабылуы мүмкін

Ресейде шығатын америкалық БАҚ жабылуы мүмкін

Мәскеу. 9 қазан. 7kun.kz - Федерация Кеңесі РФ-тағы АҚШ басылымдарының санын АҚШ-та шығатын ресейлік басылымдар санымен теңестіруді ұсынып отыр. Бұл туралы ресейлік «Известия» парламенттік, дипломатиялық ортадағы дереккөздеріне сілтеме жасап газеті жазды.

Басылымның жазуынша, бұл Вашингтонның RT телеарнасы мен Sputnik агенттігіне «қысымына» жауап болуы тиіс. ФК-ның мемлекеттік тәуелсіздік және елдің ішкі ісіне араласудың алдын-алу мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Андрей Климов мұндай сценарийдің қарастырылып жатқанын мақұлдаған. Комиссия СІМ, Бас прокуратура, Әділет министрлігі мен Роскомнадзорға 20 қазанға дейін өз ұсыныстарын жолдау қажеттігі туралы хат жолдаған.

«Олардың неігізінде Вашингтонға жауап шарасы қарастырылады», деп жазады «Известия». Басылымның мәліметінше, Ресейде, әсіресе аймақтарда, АҚШ-та тіркелген Ресейлік БАҚ-қа қарағанда айтарлықтай көп басылым жұмыс істейді. Егер оларға санкция салынатын болса, «Свобода», «Голос Америки», CNN және басқа да ақпарат агенттіктері мен газеттерге әсер етеді. Бұлардың ішінде АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландыратын «Свободаның» бірқатар жобаларына ерекше назар аударылуы мүмкін. Мысалы: жақында іске қосылған «Крым. Реалии» жобасы. Ресей аумағында АҚШ-тың Washington Post, New York Times сияқты ірі басылымдарының да өкілдіктері жұмыс істейді. ФК комиссиясының отырысына қатысушы, РУДН Стратегиялық зерттеулер және болжамдар институты директоры Никита Данюктің айтуынша, АҚШ-тық БАҚ көптен бері Ресей билігінің назарын аударып келеді.

«Ресейде жұмыс істейтін америкалық БАҚ-тың көпшілігі ортада делдалдар арқылы әрекет етсе де, Мемлекеттік департамент және Ақ үймен байланысты. Бұл жекеменшік БАҚ-қа да қатысты. Олардың барлығы Ресейдің ұлттық мәселесін сынай отырып, Вашингтонның мүддесі үшін әрекет етеді. Сонымен қатар бірқатар БАҚ-тың әрекеті ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді», - деді ол «Известияға» берген сұхбатында.

Похожие материалы