Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы Астана кемелерінде тамақтану орындары ашылады

2018 жылы Астана кемелерінде тамақтану орындары ашылады

Астана. 27 қазан. 7kun.kz - 2018 жылы Астананың Есіл өзеніндегі теплоходттарда шағын дәмханалар мен айлақта тамақтану орындары ашылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шағын дәмханалар 2018 жылы кеме маусымына дайындық барысында ашылады. «Есіл Астана» МКҚК директоры Қанат Алиннің айтуынша, мекеме қалалық әкімдікке қосымша кемелер сатып алу жөнінде тапсырыс берген.

«Астана қаласы дамып, қалаға келушілер саны артып келеді. Себебі қаланың туристік әлеуеті зор. Туристерге қызмет көрсетуге мүмкіндігіміз жоғары», - дейді мекеме директоры.

Айта кетейік, 2017 жылы «Есіл Астана» МКҚК Есіл өзеніндегі кемелерімен 35 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетілген. Бұл жылдағы жоспардан 60 пайызға артық. Сондай-ақ өзендегі такси қызметін іске қосып, Астанадағы алғашқы өзен вокзалының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Похожие материалы