Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кооперативтерді қаржыландыруға 25 млрд теңге бөлінді

Кооперативтерді қаржыландыруға 25 млрд теңге бөлінді

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — 2017 жылы « қаржылай қолдау қорының» қатысуымен 18 500 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 528 кооператив құрылды. Кооперативтер мен олардың қатысушыларын қаржыландыруға 25 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ж.Омаров «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» – ауылдық шағын несие нарығында ірі операторлардың бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы саласында шағын шаруашылықтарды біріктіру болып бекітілген. 2016 жылы осы бағытта кешенді жұмыстар басталды. Қор басшысының айтуынша, бүгінгі күні кооперациялау идеясын ауыл тұрғындары түсініп, қолдау көрсетті.

Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» несие желісі келесі негізгі өнімдерден құрылады: «Ынтымақ», «Береке», «Игілік», «Ырыс», «Егінжай», «Кәсипкер», «Қарқынды алма бақтары». Несиенің орташа сомасы – 4 млн теңге, несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін, тиімді сыйақы үстемесі – жылына 6,7 пайызға дейін, жеңілдетілген мерзім – 2 жылға дейін.

10 айдың ішінде қор жалпы сомасы 45 млрд теңгеге 12 мың несие берді. Оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 16,4 млрд теңге, бюджеттік қаражатынан – 22,4 млрд теңге, өз қаражаты мен жергілікті бюджеттерден тартылған қаражаттан – 6,2 млрд теңге берілді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 10 млрд теңгеге өсті.

2018 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарын қаржыландыру жұмыстары жалғасатын болады. 45 миллиард теңгеден астам сомаға несие беру жоспарланып отыр.

Похожие материалы