Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — WhatsApp қосымшасы 2017 жылдың 31 желтоқсанынан Blackberry 10 смартфондарында, Windows Phone 8.0 жүйесінде, Nokia S40, 2.3.7 нұсқасы бар Android жүйесінде жұмыс істемейді, деп хабарлады мессенджердің баспасөз қызметі.
Месенджер өкілдерінің айтуынша, жоғарыда көрсетілген платформаларда WhatsApp функциясын жетілдіре алатын мүмкіндіктер жоқ. Сондай-ақ, олар бұл платформалардың жақын арада жаңартылмауына байланысты онда WhatsApp-тың кейбір функцияларының кез келген уақытта істемей қалуы мүмкін екенін айтады.
Сонымен қатар, компанияның баспасөз қызметіндегілер ендігіде WhatsApp мессенджері Windows Phone 7, iPhone 3GS/iOS 6 және Nokia Symbian S60 платформаларында мүлде жұмыс істемейтінін еске салды. Бұл телефондарда сіз жаңа аккаунт ашып немесе тіркелген аккаунтыңызды растай алмайсыз.