Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілді

Алматыда Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілді

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Алматы қаласындағы басты көшелердің бірі - Фурманов көшесіне Назарбаев есімі берілді.

Алматы қаласының мәслихатының VI шақырылымындағы сессиясы барысында мегаполис тұрғындарының көптеген ұсыныстары бойынша қалалық ономастикалық комиссия мен ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиямен келісу бойынша Алматыдағы басты көшелердің біріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімін беру туралы шешім шығарылды.

Сессия барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 112 қайталанатын көшелерді қайта атау туралы ұсынысты ономастикалық комиссияға ұсынғаннан кейін интеллигенция өкілдері, ҮЕҰ, қала тұрғындары мен, әсіресе, жастар өкілдерінен тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Елбасының есімін мегаполистің басты көшелерінің біріне атау туралы көптеген өтініш білдірді.

«Биыл біз Астананың 20 жылдығын тойлап жатырмыз. Елбасының астанамызды Астанаға көшіру туралы шешімі әділ де, көреген болғанын білесіздер. Қаланың дәл Еуразияның қақ ортасында орналасқаны ғана емес, сондай-ақ, Алматының іскерлік орталық болып дамуына үлкен үлес қосылды. Президенттің экономикалық реформаларының шешімдері жеке ынта мен кәсіпкерлікті арттырды. Бүгінде Алматы – Орталық Азиядағы ең ірі мегаполис ретінде қалыптасты», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Похожие материалы