Экономика
Познавательный
7kun анықтамасы: Ильясов Бахтияр Абдинурұлы
2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Сәулет-Құрылыс академиясын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болған.
2000 — 2014 жылдар аралығында «Темірлизинг» АҚ ЕБРР бағдарламасының кредиттік сараптаушысы, Кредит бөлімінің бастығы, «Темірбанк» АҚ Корпоративтік қаржыландыру басқармасының бастығы, Корпоративтік бизнес департаментінің директоры, Басқарушы директор лауазымдарын атқарған.
2014–2015 жылдарда коммерциялық құрылымдарда басшы қызметтерін атқарған.
2015 жылдың қазан айынан желтоқсан айы аралығында «ЕБ „PNB“ — Қазақстан» АҚ Басқарушы директоры болған.
2015 жылдың желтоқсанынан бастап «Tengri Bank» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары-Басқарма мүшесі болып тағайындалды. 2016 жылдың 10 сәуірінен Capital Bank Kazakhstan басқарма төрағасының міндетін атқарушы.