Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun.kz тілшісі «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпазы болды

7kun.kz тілшісі «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпазы болды

Астана. 28 маусым. 7kun.kz - Елордада баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын ие болған журналистердің есімдері белгілі болды. Жеңімпаздар қатарында 7kun.kz ақпарат агенттігінің журналисі Мөлдір Иманмәди бар. «Журналистикадағы дебют» аталымы бойынша айтулы сыйлықты ол ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаның қолынан алды.

Алғаш рет қаламы қарымды журналистерге арналған ұлттық сыйлықты беру рәсімін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазконтент» АҚ ұйымдастырды. Ұлттық сыйлықтың жүлдеқоры – 15 млн теңге. Байқауға 860-қа жуық БАҚ өкілі қатысуға ниет танытқан. Нәтижесінде қазылар алқасы ең мықты деген жеңімпаздарды анықтады.

«Үздік фотосурет» номинациясында Ерлан Омаров;

«Үздік сараптамалық материал» номинациясында «Казахстанская правда» республикалық газетінің журналисі Фиронова Валентина;

«Үздік радиобағдарлама» номинациясында Шалқар радиосының «Ән домбыра» бағдарламасы;

«Үздік репортаж» номинациясында Олжас Беркінбаев,

«Үздік аймақтық радиостанция» номинациясында «Астана» радиосы;

«Үздік салалық баспасөз басылым» номинациясында «Дружные ребята» газеті;

«Үздік жыл журналы» номинациясында «National Geografic Қазақстан» журналы;

«Журналистикадағы дебют» номинациясында «7kun.kz» сайтының журналисі Мөлдір Иманмәди;

«Үздік журналистік зерттеу» номинациясында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Жанболат Аупбаев,

«Үздік интервью» номинациясында «Капитал» республикалық газетінің тілшісі Виктория Говоркова,

«Үздік аймақтық баспасөз басылымы» номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті «Рейтинг» газеті;

«Қазақстан туралы үздік танымдық материал» номинациясында «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі Думан Анаш;

«Үздік халықаралық сараптамалық материал» номинациясында «vlast.kz» сайтының журналисі Зарина Ахматова, «Афганистан близко» атты мақаласы үшін;

«Қазнеттегі медиасерпіліс» номинациясында «Massaget.kz» жастар сайты;

Сонымен қатар осы аталымда «Informburo» ақпарат агенттігі арнайы сыйлыққа ие болды.

«Үздік республикалық баспасөз басылымы» номинациясы «Айқын» республикалық газеті жеңіске жетті.

Аталмыш жеңімпаздар 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады.

«Үркер» сыйлығының жеңімпаздарын белгілі ғалым Намазалы Омашев, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және ЕҰУ-дің «Журналистика және саясат тану» факультетінің деканы Қайрат Сақ, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, саясаттанушы Расул Жұмалы, «Қазақстан – 2050» жалпы ұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, «Нұр Отан» партиясы саяси-талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, белгілі журналист Александр Тараков, «Алматы» телеарнасының басшысы Әлібек Әлденей, белгілі журналист Бейсен Құранбек, «Farmers.kz» порталының жетекшісі Мейрамхан Жәпек, әдебиеттанушы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы анықтады.

Дереккөзі: Baq.kz 

Похожие материалы