Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

8 ақпанға арналған ресми валюта курсы

8 ақпанға арналған ресми валюта курсы

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі cейсенбі күні 8 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 323,05  теңге, 1 еуро — 344,34 теңге, Ресей рублі — 5,44 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 399,42 теңге, жапон йені— 2,88 теңге, 1 қытай юаньы — 46,94 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,66 теңге, 100 өзбек сумы— 9,82 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 7 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 323,05 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.

Похожие материалы